Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Құрылыс саласындағы еңбек заңнамасын бақылау бөлімінің функциялары

Жалпы ережелер

1. Құрылыс саласындағы еңбек заңнамаларын бақылау бөлімі (әрі қарай - бөлім) «Алматы облысының еңбек инспекциясы бойынша басқармасы»  коммуналдық  мемлекеттік мекемесінің (әрі қарай - басқарма)  құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Өз кезегінде бөлім, шаруашылық түрі мен меншік нысанына қарамастан кәсіпорындар мен ұйымдарда Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің, ҚР «Халықты жұмыспен қамту туралы», «Мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы», «Қызметкер еңбек (қызметтiк) мiндеттерiн атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру туралы» заңдарының және өзге де еңбек қатынастарын реттейтін құқықтық нормативті актілердің  мемлекеттік бақылауын жүзеге асырады.

2. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3. Бөлім туралы Ереже, бөлімнің құрылымы мен штат санын Басқарма басшысы бекітеді.

Функциялары:

1. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс берушілердің азаматтарға жасайтын қауіпсіз еңбек жағдайын, өмірі мен денсаулығына келтірген зиянды өтеуді құқықтық кепілдіктердің сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

2. Алматы облысының мекемелерінде еңбек заңнамасын бұзу себептерін жинақтау, талдау және қорыту;

3. Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасын бұзушылықтардың алдын алу жұмыстарын күшейтуге бағытталған іс-шараларды іске асыру бойынша шараларды әзірлеуге және қабылдауға қатысу;

4. еңбек заңнамаларының сақталуы бойынша ақпараттар, анықтамалар және мәлімдемелер дайындау;

5. еңбек заңнамаларының сақталуы бойынша жиынтық және талдау жұмыстары бөліміне ақпараттар, анықтамалар және мәлімдемелер дайындау;

6. өндірісте орын алған жазатайым оқиғаларды, кәсіптік ауруларды тергеп-тексеру, тіркеуге алу және талдау жасау;

7. Алматы облысындағы ірі кәсіпорындарда орын алған жазатайым оқиғалардың мониторингін жасау;

8. Алматы облысының мекемелері мен ұйымдарына еңбек заңнамалары мен техника қауіпсіздігі талабтарының сәйкестігі туралы қорытындылар беру;

9. Тексеру нәтижесі бойынша заңбұзушылықтарды жою жөнінде Ұйғарымдар беру;

10. Қазақстан Республикасында еңбек заңнамасының қолданылуы мәселелері бойынша азаматтады қабылдау және олармен түсіндірме жұмыстарын жүргізу;

11. Еңбек шарт, ұжымдық шарт және келісімдерде қарастырылған талаптарды орындамайтын   жұмысберушілер мен лауазымды тұлғалардың заңсыз әрекеттерінен қызметкерлердің еңбек құқықтарын қорғау.

12. Еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды бақылау кезінде азаматтар мен қызметкерлер өкілдерімен өзара іс-қимыл жасау;

13. Қазақстан Республикасында еңбек заңнамасының қолданылу мәселелері бойынша жұмысшылар мен жұмыс берушілердің өтініштерін уақтылы қарау;

14. Еңбек заңнамасының бұзылуына алып келетін себептер мен жағдайларды анықтау, оларды түзету және бұзылған еңбек құқықтарын қалпына келтіру бойынша ұсынымдар беру;

15. Еңбекақы қарыздары бойынша мониторинг жасау;

16.  Жұмыс беруші ұсынған ұжымдық шарттардың мониторингін (есептік тіркеу) жүзеге асыру;

17.Еңбек жағдайы бойынша өндірістік нысандардың мониторингін жүзеге асыру;

18. «Еңбекті қорғау және қауіпсіздік» Автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің деректер қорының толықтырылуына мониторинг ұйымдастыру;

19. Қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласындағы тәуекелдердің бағалануына мониторинг ұйымдастыру;

20. Қауіпсіздік және еңбек қорғау саласындағы халықаралық және ұлттық стандарттарды енгізуді мониторинг жасау;

21. Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы Қазақстан Республикасында еңбек заңнамасының қолданылуы туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізу; 

22. Бақылаушы өзгеде мемлекеттік органдармен, қызметкерлердің өкілдерімен, қоғамдық ұйымдардың өкілдерімен бірлесе отырып іс-қимыл жасау;

Документы
Новости
Полезные материалы
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы