Ағымдағы жылдың 04 маусымында жеке меншік балабақша иелерінің, мемлекеттік құрылымдар өкілдерінің, «Ақжол» Қазақстанның демократиялық партиясының, БАҚ және блогерлердің қатысуымен кездесу өтті

Ағымдағы жылдың 04 маусымында жеке меншік балабақша иелерінің, мемлекеттік құрылымдар өкілдерінің, «Ақжол» Қазақстанның демократиялық партиясының, БАҚ және блогерлердің қатысуымен кездесу өтті

Ағымдағы жылдың 04 маусымында жеке меншік балабақша иелерінің, мемлекеттік құрылымдар өкілдерінің, «Ақжол» Қазақстанның демократиялық партиясының, БАҚ және блогерлердің қатысуымен кездесу өтті, онда мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асыру шеңберінде азайтылған қаражатты қалпына келтіру және балабақшаларда жаңа орындар ашуға қосымша қаражат бөлу мәселелері көтерілді.

Онда биометриялық сәйкестендіру жүйесін енгізу қорытындысы бойынша, құқық қорғау органдарының мектепке дейінгі мекемелерді көрсетілетін қызметтердің сапасы тұрғысынан тексеру және жалған тізімге енгізілген балаларды анықтау нәтижелері бойынша бюджет қаражатын жосықсыз кәсіпкерлерден барлық сапа стандарттарына сәйкес келетін басқа балабақшаларға қайта бөлу мәселесі қаралатыны түсіндірілді.

Жалпы, балабақшаларда орын тапшылығы мәселесі көптеген ата – аналар үшін өзекті болып табылады және біз жалпыға қолжетімді тегін мектепке дейінгі білім алу үшін мемлекеттік саясатты толығымен қолдаймыз.

Кеңес қорытындысы бойынша жекеменшік балабақша иелері өкілдерінің көпшілігі ұсынылған шешімдерге қанағаттанушылықтарын білдірді.