«Алматы облысы Райымбек ауданы, Нарынқол ауылындағы әкімдіктің әкімшілік ғимаратын қайта құру» жоспарланатын мемлекеттік жекешелік- әріптестік жобасына жеке қаржылық бастама туралы ынта білдіру сұранысы

«Алматы облысы Райымбек ауданы, Нарынқол ауылындағы әкімдіктің әкімшілік ғимаратын қайта құру» жоспарланатын мемлекеттік жекешелік- әріптестік жобасына жеке қаржылық бастама туралы ынта білдіру сұранысы

«Алматы облысының Құрылыс басқармасы» ММ-сі Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 25 қарашадағы № 725 «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау және іске асыру қағидаларының» бұйрығы 1-тарау, 2 бөлімі 1 қосымшасыңың 12-тармақшасына сәйкес, кәсіпкерлік субъектілерін, қаржылық және өзге ұйымдарды мемлекеттік-жекешелік әріптестік (бұдан әрі - МЖӘ) жобаларды жоспарлауға, жоспарлаудың ашықтығын арттыруға тарту мақсатында аталған жобаны іске асыруға ынта білдіру сұранысы туралы хабарлайды.

Жобаның атауы:

«Алматы облысы Райымбек ауданы, Нарынқол ауылындағы әкімдіктің әкімшілік ғимаратын қайта құру»

Өңірі:

Алматы облысы, Райымбек ауданы Нарынқол ауылы

Саласы:

Құрылыс

Жобаның болжамды құны:

"Мемсараптама" РМК-ның 2018 жылғы 29 қарашадағы №18-0209/18 оң қорытындысы бойынша алынған жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес құрылыс-монтаж жұмыстарының  жалпы құны 496,685 млн. теңгені құрайды.

Жобаның мақсаты:

Райымбек ауданы Әкімдігі әкімшілік ғимаратын жергілікті атқарушы органның функционалдық қызметі үшін  қайта  құру мен пайдалану тиімділігін қамтамасыз ету.

Мемлекеттік-жекешелік әріптестігінің түрі:

Алынған ұсыныстар негізінде анықталады

Жеке серіктестікті анықтау тәсілі:

Бір кезеңдік конкурс тәсілімен айқындалады

Мемлекеттік қолдаудың болжамды шаралары:

Инвестициялық шығындарды өтеу. Тараптардың келісімі бойынша анықталатын шығындарды өтеудің басқа да көздері болуы мүмкін.

Жобаның іске асыру мерзімі:

2019-2023 жж.

Нысан құрылысының басталу мерзімі:

2019 ж.

Нысан құрылысының аяқталу мерзімі:2019 ж.Нысанның пайдалану мерзімі:

Алынған ұсыныстар негізінде анықталады

МЖӘ-нің негізгі параметрлері мен талаптары:

1) ЖСҚ-на сәйкес құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу, бірақ онымен шектелмей,

2) Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 31 қазандағы № 379-V ҚРЗ «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Заңының 5-тарау 32-бабына сәйкес әлеуетті жекеше әріптеске қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келуі керек.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы "Ғимараттар мен құрылыстарды техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілерге жатқызудың жалпы тәртібін айқындау қағидаларын бекіту туралы" № 165 бұйрығына сәйкес Жобаға  жауапкершілік деңгейінің 2 (техникалық күрделі емес) деңгейі анықталады.

Ұсыныстарды ұсынудың соңғы мерзімі:

2019 жылғы 15 ақпан

Жауапты тұлғаның байланыс телефондары:

«Алматы облысының Құрылыс басқармасы» ММ-сі, «Коммуналдық шаруашылық нысандарының құрылысы» бөлімінің басшысы: Усманбаев Ерке-булан Амешулы

        Мекен-жайы: Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Шевченко көшесі 131,

Жұмыс телефоны: 8 (7282) 24-21-98

Ұялы телефон: +77012160782

E-mail: almoblstroy@mail.ru

«Алматы облысының мемлекеттік-жекеменшік әріптестік өңірлік  орталығы» ЖШС-нің

инвестициялық жобалар бөлімінің бас маманы: Абайқызы Мөлдір

Мекен-жайы: Алматы обл., Талдықорған қ-сы, Абылайхан к-сі 113, 212 каб.

8 (7282) 32-91-28 , ұ.т.: + 7 747 164 50 32

е-mail: moldir2916@mail.ru