
2022 жылдың 21 қыркүйегінде Алматы облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары Бақыткүл Әкімқызы Төлебекова басқарма қызметкерлеріне ІІ, ІІІ, IV тоқсанындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау өткізді. Ішкі талдау нәтижесінде басқарманың қызметіне қатысты нормативтік-құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау саласындағы 2 сыбайлас жемқорлық тәуекелі анықталды.