Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының тікелей тапсырмасымен ауылдық елді мекендерді қаржыландыру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бұл бастама «Нұр Отан» партиясының 2019 жылғы 27 ақпандағы XVІІІ съезінде талқыланып қабылданды.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының тікелей тапсырмасымен ауылдық елді мекендерді қаржыландыру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бұл бастама «Нұр Отан» партиясының 2019 жылғы 27 ақпандағы XVІІІ съезінде талқыланып қабылданды.

Жобаның басты мақсаты – әлеуеті жоғары ауылдық елді мекендерді аймақтық стандарттар жүйесіне келтіру, ауылдардың әлеуметтік ортасын жаңғырту және өңірлерде еңбекті насихаттау.

Облыста жалпы 732 ауылдық елді мекен бар, онда өңір халқының 80%-ы тұрады, яғни 1,5 млн. адам тұрады. Оның ішінде 457 ауылдың әлеуеті жоғары және орташа, республика бойынша ең үлкен үлеске ие. 20 аудан орталығының 10-ы ауылда орналасқан.

2019-2020 жылдар аралығында әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды жөндеу және қайта жаңғырту бойынша бас аяғы 95 жоба қамтылған.

Өткен жылы 7 аудандық орталығында 45 жоба жүзеге асты. Олар, ауыз су, жылу, кәріз жүйелерін, ауыл жолдарын жөндеу, абаттандыру жұмыстары.

2020 жылы «Ауыл-Ел бесігі» арнайы жобасы шеңберінде  облысы бойынша 50 жоба жүзеге асуда, оның ішінде 11 жоба білім беру нысандарын күрделі жөндеуден өткізу,  2 жоба денсаулық сақтау саласында, 28-і коммуналдық шаруашылық пен жол жөндеу бойынша, 9 жоба мәдениет пен спорт саласына қатысты.

Сонымен қатар, құрылыстары 2019 жылда басталған 4 дене шынықтыру-сауықтыру кешені қолданысқа берілмек. Алакөл ауданындағы Достық ауылында аталмыш нысан өз жұмысын бастады.

2026 жылға дейін Алматы облысына «Ауыл-Ел бесігі» арнайы жобасы бойынша 150,8 млрд. теңге бөлінеді деп жоспарланнып отыр. Бұл қаражатқа 57 білім беру нысаны, 43 денсаулық сақтау орталығы, 38 мәдениет ошағын күрделі жөндеуден өткізу және 9 дене шынықтыру-сауықтыру кешені мен 39 ауылдық мәдениет үйінің құрылысы жоспарлануда.

Елбасы – Нұрсұлтан Әбішұлының игі бастамасын жүзеге асыру облыстың ауылдық елді мекендерін әлеуметтік және экономикалық тұрғыдан дамуына, ауыл жастарының спортқа қызығушылығын арттыруға, мәдениет саласын дамытуға үлкен әсерін тигізеді