Алматы облысының 2021-2023 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы

ЖОБА

 

Алматы облысының 2021-2023  жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы

 

2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 8–бабына, «Қазақстан  Республикасындағы  жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6–бабының 1–тармағының 1) тармақшасына,        
«2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2021жылғы                         «___» __________ Қазақстан Республикасының Заңына және «2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» 2021жылғы «___» _________№ ___ Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес, Алматы облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. 2021-2023 жылдарға арналған облыстық бюджет тиісінше осы шешімнің 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2021 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер 690 906 890 мың теңге, оның ішінде мыналар бойынша:

салықтық түсiмдер 33 672 882 мың теңге;

салықтық емес түсiмдер 2 857 195 мың теңге;

негiзгi капиталды сатудан түсетін түсiмдер 53 647 мың теңге;

трансферттер түсімдері 654 323 166 мың теңге;

2) шығындар 688 210 219 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу (-) 3 084 349 мың теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер 5 928 033 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу 9 012 382 мың теңге;

4) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо 3 037 959 мың теңге, оның ішінде:

қаржылық активтерді сатып алу 3 037 959 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті)  2 743 061 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану)      
(-) 2 743 061 мың теңге.

  1. Бірыңғай бюджеттік сыныптаудың кірістер сыныптамасының "Корпоративтік табыс салығы" коды бойынша түсімдер аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар бойынша 100% мөлшерінде аудандық және облыстық маңызы бар қалалық бюджетке түсетіні белгіленсін.
  2. Бірыңғай бюджеттік сыныптаудың кірістер сыныптамасының «Төлем көзінен салық салынатын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы» коды бойынша түсімдер 100% мөлшерінде облыстық бюджетке түсетіні белгіленсін.
  3. Бірыңғай бюджеттік сыныптаудың кірістер сыныптамасының «Әлеуметтік салық» коды бойынша түсімдер 100% мөлшерінде облыстық бюджетке түсетіні белгіленсін.
  4. Бірыңғай бюджеттік сыныптаудың кірістер сыныптамасының «Жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдалануға төленетін ақы», «Орман пайдалануға төленетін ақы» және «Қоршаған ортаға эмиссия үшін төленетін ақы» кодтары бойынша түсімдер 100% мөлшерінде облыстық бюджетке түсетіні белгіленсін.
  5. 2021 жылға арналған облыстық бюджетте аудандық бюджеттерден облыстық бюджетке бюджеттік алып қоюлар көлемі 140 018 759 мың теңге сомасында көзделсін, оның ішінде:

Іле ауданынан – 138 418 759;

Қарасай ауданынан – 1 600 000 мың теңге.

  1. 2021 жылға арналған облыстық бюджетте облыстық бюджеттен аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерге берілетін бюджеттік субвенциялардың көлемдері 97 944 109 мың теңге сомасында көзделсін,
    оның ішінде:

Ақсу ауданына

– 5 451 563 мың теңге;

Алакөл ауданына

– 5 679 695 мың теңге;

Балқаш ауданына

– 4 825 603 мың теңге;

Еңбекшіқазақ ауданына

– 10 029 731 мың теңге;

Ескелді ауданына

– 4 756 066 мың теңге;

Жамбыл ауданына

– 6 845 277 мың теңге;

Қаратал ауданына

– 3 745 603 мың теңге;

Кеген ауданына

– 4 174 220 мың теңге;

Кербұлақ ауданына

– 6 850 055 мың теңге;

Көксу ауданына

– 4 822 891 мың теңге;

Панфилов ауданына

– 5 826 461 мың теңге;

Райымбек ауданына

– 4 246 085 мың теңге;

Сарқан ауданына

– 4 906 720 мың теңге;

Талғар ауданына

– 5 003 520 мың теңге;

Ұйғыр ауданына

– 4 743 278 мың теңге;

Қапшағай қаласына

– 2 285 996 мың теңге;

Талдықорған қаласына

– 11 794 886 мың теңге;

Текелі қаласына

– 1 956 459 мың теңге.

  1. 2021 жылға арналған облыстық бюджетте республикалық бюджеттен 147 099 820 мың теңге сомасында ағымдағы нысаналы трансферттер түсімдері көзделгені ескерілсін, оның ішінде:

білім беруге 80 435 905 мың теңге;

денсаулық сақтауға 5 995 101 мың теңге;

әлеуметтік көмекке 28 933 098 мың теңге;

мәдениет ұйымдары мен мұрағат мекемелерінде ерекше еңбек жағдайлары үшін мемлекеттік мәдениет ұйымдары мен мұрағат мекемелерінің басқарушы және негізгі персоналына лауазымдық жалақыға қосымша ақы белгілеуге 892 551 мың теңге;

дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік орта және қосымша білім беру ұйымдары педагогтерінің еңбекақысын ұлғайту 1 208 193 мың теңге;

инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеуге 12 004 360 мың теңге;

агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру және сақтандыру шеңберінде субсидиялауға 500 000 мың теңге;

агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қаржылық сауықтыру жөніндегі бағыт шеңберінде кредиттік және лизингтік міндеттемелер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға 2 584 мың теңге;

ауыл шаруашылығы жануарларын, техниканы және технологиялық жабдықты сатып алуға кредит беру, сондай-ақ лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялауға 1 900 000 мың теңге;

«Ауыл – Ел бесігі» жобасы шеңберінде ауылдық елді мекендердегі әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым бойынша іс-шараларды іске асыруға 6 524 820 мың теңге;

көлiк инфрақұрылымының басым жобаларын қаржыландыруға 5 065 639 мың теңге;

«Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде іс-шараларды іске асыруға 3 637 569 мың теңге.

  1. 2021 жылға арналған облыстық бюджетте республикалық бюджеттен
    18 295 636 мың теңге сомасында нысаналы даму трансферттер түсімдері көзделгені ескерілсін, оның ішінде:

коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйлерін салуға және (немесе) реконструкциялауға 4 084 774 мың теңге;

инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жобалауға, дамытуға және (немесе) жайластыруға 6 056 404 мың теңге;

Өңірлерді дамытудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасы шеңберінде сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамытуға 3 606 296 мың теңге;

көліктік инфрақұрылымды дамытуға 983 668 мың теңге

«Ауыл-Ел бесігі» жобасы шеңберінде ауылдық елді мекендердегі әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымдарды дамытуға 3 262 410 мың теңге;

шағын және моноқалаларда бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға 302 084 мың теңге.

  1. 2021 жылға арналған облыстық бюджетте республикалық бюджеттен 190 908 951 мың теңге сомасында субвенция түсімдері көзделсін.
  2. 2021жылға арналған облыстық бюджетте республикалық бюджеттен
    5 474 992 мың теңге сомасында қарыздар түсімдері көзделсін.
  3. 2019 жылға арналған облыстық бюджетте аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің көзделгені ескерілсін, оның ішінде:

мамандарды әлеуметтік қолдау көрсету шараларын іске асыруға;

азаматтарға «7-20-25» бағдарламасы бойынша бастапқы жарнасының бөлігін төлеу  үшін әлеуметтік көмек көрсетуге;

халықтың әлеуметтік осал топтары және (немесе) аз қамтылған көп балалы отбасылар үшін коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйін сатып алуға;

жеке көмекшілердің қызметін төлеуге;

еңбек нарығын дамытуға;

Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсартуға;

жұмыспен нәтижелі қамтуды қамтамасыз етуге және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға;

мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек төлеуге;

халықты жұмыспен қамту орталықтарына әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультанттар мен ассистенттерді енгізуге;

мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын құруға жұмыс берушінің шығындарын субсидиялауға;

арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын енгізуге;

мемлекеттік Халықты әлеуметтік қорғау ұйымдарында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін қызметкерлердің жалақысына қосымша ақы белгілеуге;

мәдениет ұйымдары мен мұрағат мекемелерінде ерекше еңбек жағдайлары үшін мемлекеттік мәдениет ұйымдары мен мұрағат мекемелерінің басқарушы және негізгі персоналына лауазымдық жалақыға қосымша ақы белгілеуге;

дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік орта және қосымша білім беру ұйымдары педагогтерінің еңбекақысын ұлғайтуға;

«Ауыл – Ел бесігі» жобасы шеңберінде ауылдық елді мекендердегі әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым бойынша іс-шараларды іске асыруға;

аудан (облыстық маңызы бар қалала) ауқымындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою іс-шараларына;

2020-2021 жылдарға арналған Жұмыспен қамтудың жол картасы шеңберінде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, инженерлік-көліктік инфрақұрылым объектілерін, әлеуметтік-мәдени объектілерді жөндеуге және елді мекендерді абаттандыруға.

Көрсетілген трансферттерді аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерге бөлу Алматы облысы әкімдігінің қаулысы негізінде айқындалады.

  1. 2021 жылға арналған облыстық бюджетте аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерге берілетін нысаналы даму трансферттердің көзделгені ескерілсін, оның ішінде:

инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жобалауға, дамытуға және (немесе) жайластыруға;

коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйлерін жобалауға және (немесе) салуға, реконструкциялауға;

сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамытуға;

ауылдық елді мекендерді сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамытуға;

«Ауыл-Ел бесігі» жобасы шеңберінде ауылдық елді мекендердегі әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымдарды дамытуға;

жылу-энергетикалық жүйесін дамытуға;

коммуналдық шаруашылықты дамытуға;

моноқалаларда бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға;

Өңірлерді дамытудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасы шеңберінде инженерлік инфрақұрылымды дамыту үшін;

2020-2021 жылдарға арналған Жұмыспен қамтудың жол картасы шеңберінде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерін, инженерлік-көлік инфрақұрылымын, әлеуметтік-мәдени объектілерді және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды салуға және (немесе) реконструкциялауға.

Көрсетілген трансферттерді аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерге бөлу Алматы облысы әкімдігінің қаулысы негізінде айқындалады.

  1. 2021 жылға арналған облыстық бюджетте аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерге мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыруға кредит көзделгені ескерілсін.

Көрсетілген кредитті аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерге бөлу Алматы облысы әкімдігінің қаулысы негізінде айқындалады. 

  1. 2021 жылға арналған облыстық бюджетте заңнаманың өзгеруіне байланысты аудандық бюджеттерден, облыстық маңызы бар қалалардың бюджеттерінен 158 000 000 мың теңге сомасында трансферттердің түсімдері көзделсін. 

Аудандық бюджеттерден, облыстық маңызы бар қалалардың бюджеттерінен трансферттердің түсімдерін бөлу Алматы облысы әкімдігінің қаулысы негізінде айқындалады.

  1. 2021 жылға арналған облыстық бюджетте заңнаманың өзгеруіне байланысты республикалық бюджетке 20 000 000 мың теңге сомасында шығыстар көзделгені ескерілсін.
  2. 2021 жылға арналған облыстық бюджетте қоршаған ортаны қорғау және объектілерді дамыту жөніндегі іс-шараларды өткізуге 992 746 мың теңге сомасында көзделсін.
  3. 2021 жылға арналған облыстық бюджетте автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз етуге және көлік инфрақұрылымын дамытуға
    20 906 686 мың теңге сомасында көзделсін.
  4. Алматы облысы әкімдігінің 2021 жылға арналған резервi 678 585 мың теңге сомасында бекітілсін.
  5. 2021 жылға арналған облыстық бюджетті атқару процесінде секвестрлеуге жатпайтын облыстық бюджеттік бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) тізбесі осы шешімнің 4-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  6. Аудан мен қала әкімдері облыс бюджетінің салықтар мен төлемдер бойынша болжамды көрсеткіштерінің толық және сапалы орындалуын, шаруашылық субъектілердің барлық деңгейдегі бюджетке берешегін азайтуды және қосымша кіріс көздерін табуды қамтамасыз етсін.
  7. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың «Бюджет, тарифтік саясат және заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету мәселелері бойынша» тұрақты комиссиясына жүктелсін.

23. Осы шешім 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.

Дата публикации
25 ноября 2020