ЖОБА
Алматы облыстық мәслихатының 2019 жылғы 13 желтоқсандағы
№ 55-282 «Алматы облысының 2020-2022 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 106-бабының 4-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы
23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының
1) тармақшасына, «2020 - 2022 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 3 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына және «2020 – 2022 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 6 желтоқсандағы № 908 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 6 қарашадағы № 742 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес, Алматы облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда баяндалсын:
«1. 2020-2022 жылдарға арналған облыстық бюджет тиісінше осы шешімнің 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2020 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 558 778 975 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсiмдер – 30 677 740 мың теңге;
салықтық емес түсiмдер – 2 230 034 мың теңге;
негiзгi капиталды сатудан түсетін түсiмдер – 45 970 мың теңге;
трансферттер түсімдері – 525 825 231 мың теңге;
2) шығындар – 570 605 021 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 75 956 069 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер – 82 575 994 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 6 619 925 мың теңге;
4) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо –
2 487 644 мың теңге, оның ішінде:
қаржылық активтерді сатып алу – 2 487 644 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – (-) 90 269 759 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану)
– 90 269 759 мың теңге.»;
6-1, 6-2-тармақтарымен толықтырылсын:
«6-1. 2020 жылға арналған облыстық бюджетте аудандық бюджеттерден, облыстық маңызы бар қалалардың бюджеттерінен 6 721 175 мың теңге сомасында облыстық бюджеттің ысырабын өтеуге арналған трансферттер түсімдері көзделсін.
Аудандық бюджеттерден, облыстық маңызы бар қалалардың бюджеттерінен трансферттердің түсімдерін бөлу Алматы облысы әкімдігінің қаулысы негізінде айқындалады.
6-2. 2020 жылға арналған облыстық бюджетте төтенше жағдай режимін енгізуге байланысты республикалық бюджеттің шығындарын өтеуге 15 354 487 мың теңге сомасында шығыстар ескерілсін.»;
8-тармақтағы:
«161 063 230» саны «147 676 946» санына ауыстырылсын;
«45 893 924» саны «49 775 299» санына ауыстырылсын;
«5 176 908» саны «5 123 339» санына ауыстырылсын;
«54 525 577» саны «43 267 121» санына ауыстырылсын;
«849 044» саны «841 021» санына ауыстырылсын;
«202 851» саны «201 255» санына ауыстырылсын;
«7 451 850» саны «1 860 624» санына ауыстырылсын;
«тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға – 200 000 мың теңге;» деген жолдан кейін келесі жолдармен толықтырылсын:
COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуына байланысты қызмет атқарудың ерекше режимі кезеңіндегі жұмысы үшін ішкі істер органдарының қызметкерлеріне сыйлықақы төлеуге – 366 940 мың теңге;
дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік орта және қосымша білім беру ұйымдары педагогтерінің еңбегіне ақы төлеуді ұлғайтуға – 604 097 мың теңге;
жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға – 771 926 мың теңге;»;
«агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру және сақтандыру шеңберінде субсидиялауға – 1 500 000 мың теңге;» деген жол алынып тасталсын;
«8 998 906» саны «11 799 917» санына ауыстырылсын;
«5 161 011» саны «2 360 000» санына ауыстырылсын;
«жеке және заңды тұлғаларға жемістің бактериялық күйік жұқтырған жойылған жеміс-жидек дақылдарын отырғызуға және өсіруге арналған шығындарды өтеуге – 122 627 мың теңге;» деген жол алынып тасталсын;
«10 746 338» саны «10 070 837» санына ауыстырылсын;
9-тармақтағы:
«33 603 259» саны «32 573 109» санына ауыстырылсын;
«8 983 627» саны «8 833 627» санына ауыстырылсын;
«2 864 736» саны «2 864 735» санына ауыстырылсын;
«3 595 833» саны «2 921 961» санына ауыстырылсын;
«2 845 915» саны «2 639 638» санына ауыстырылсын;
11-тармақтағы:
«6 672 450» саны «6 897 492» санына ауыстырылсын;
12-тармақтағы:
«88 796 416» саны «87 790 674» санына ауыстырылсын;
«10 367 292» саны «9 361 550» санына ауыстырылсын;
13-тармақтағы:
«ирригациялық жүйе бойынша техникалық паспорттарды жасауға;» деген жолдан кейін келесі жолдармен толықтырылсын:
дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік орта және қосымша білім беру ұйымдары педагогтерінің еңбегіне ақы төлеуді ұлғайтуға;
жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға;».
16-тармақтағы:
«957 309» саны «954 776» санына ауыстырылсын;
17-тармақтағы:
«27 003 684» саны «26 854 324» санына ауыстырылсын.