ЖОБА
Алматы облыстық мәслихатының 2019 жылғы 13 желтоқсандағы
№ 55-282 «Алматы облысының 2020-2022 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 106-бабының 4-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы
23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының
1) тармақшасына, «2020 - 2022 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы «__» қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына және «2020 – 2022 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 6 желтоқсандағы № 908 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы «___» қарашадағы № ___ Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес, Алматы облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда баяндалсын:
«1. 2020-2022 жылдарға арналған облыстық бюджет тиісінше осы шешімнің 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2020 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 569 623 936 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсiмдер – 30 677 740 мың теңге;
салықтық емес түсiмдер – 2 230 034 мың теңге;
негiзгi капиталды сатудан түсетін түсiмдер – 45 970 мың теңге;
трансферттер түсімдері – 536 670 192 мың теңге;
2) шығындар – 581 895 166 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 77 005 211 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер – 83 625 136 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 6 619 925 мың теңге;
4) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо –
1 987 644 мың теңге, оның ішінде:
қаржылық активтерді сатып алу – 1 987 644 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – (-) 91 264 085 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану)
– 91 264 085 мың теңге.»;
6-1-тармағымен толықтырылсын:
«6-1. 2020 жылға арналған облыстық бюджетте төтенше жағдай режимін енгізуге байланысты аудандық бюджеттерден – 10 757 926 мың теңге сомасында трансферттер түсімі көзделсін.
Аудандық бюджеттерінен трансферттердің түсімдерін бөлу Алматы облысы әкімдігінің қаулысы негізінде айқындалады.»;
8-тармақтағы:
«161 063 230» саны «153 124 132» санына ауыстырылсын;
«45 893 924» саны «49 465 408» санына ауыстырылсын;
«5 176 908» саны «5 123 339» санына ауыстырылсын;
«54 525 577» саны «43 625 325» санына ауыстырылсын;
«мәдениет ұйымдары мен мұрағат мекемелерінде ерекше еңбек жағдайлары үшін мемлекеттік мәдениет ұйымдары мен мұрағат мекемелерінің басқарушы және негізгі персоналына лауазымдық жалақыға қосымша ақы белгілеуге
– 849 044 мың теңге;» деген жолдан кейін келесі жолдармен толықтырылсын:
спорт саласындағы мемлекеттік орта және қосымша білім беру ұйымдары педагогтеріне еңбекақы төлеуді ұлғайтуға – 604 097 мың теңге;
жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға – 771 926 мың теңге;
СOVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуына байланысты қызмет атқарудың ерекше режимі кезеңіндегі жұмыс үшін ішкі істер органдарының қызметкерлеріне сыйақы төлеуге – 366 940 мың теңге;»;
«202 851» саны «201 255» санына ауыстырылсын;
«агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру және сақтандыру шеңберінде субсидиялауға – 1 500 000 мың теңге;» деген жол алынып тасталсын;
«8 998 906» саны «11 798 906» санына ауыстырылсын;
«5 161 011» саны «2 361 011» санына ауыстырылсын;
«жеке және заңды тұлғаларға жемістің бактериялық күйік жұқтырған жойылған жеміс-жидек дақылдарын отырғызуға және өсіруге арналған шығындарды өтеуге – 122 627 мың теңге;» деген жол алынып тасталсын;
«10 746 338» саны «10 070 837» санына ауыстырылсын;
9-тармақтағы:
«33 603 259» саны «33 396 982» санына ауыстырылсын;
«2 845 915» саны «2 639 638» санына ауыстырылсын;
11-тармақтағы:
«6 672 450» саны «6 897 492» санына ауыстырылсын;
13-тармақтағы:
«ирригациялық жүйе бойынша техникалық паспорттарды жасауға;» деген жолдан кейін келесі жолдармен толықтырылсын:
спорт саласындағы мемлекеттік орта және қосымша білім беру ұйымдары педагогтарына еңбек ақы төлеуді ұлғайтуға;
жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға;».