Жоба Алматы облыстық мәслихатының 2019 жылғы 13 желтоқсандағы № 55-282 «Алматы облысының 2020-2022 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Облыстық Мәслихаттың 2020 жылғы облыстық бюджетке

өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы шешімінің жобасына

ТҮСІНДІРМЕ ХАТ (қазан 2020ж.)

 

2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 106-бабының 4-тармағына сәйкес, бюджет шығындарын нақтылау бойынша келесі ұсыныстар енгізіледі.

  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 14 қырқүйектегі «2020 жылға арналған нақтыланған республикалық бюджеттің көрсеткіштерін түзету және «2020 жылға арналған нақтыланған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 9 сәуірдегі № 187 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» №578 қаулысына сәйкес Алматы облысының бюджетіне 2020 – 2021 жылдарға арналған Жұмыспен қамтудың жол картасы шеңберінде инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттердің сомасы 3,2 млрд. теңгеге азайтылды, оның ішінде:

                - ағымдағы нысаналы трансферттер - 3,1 млрд. теңге

- нысаналы даму трансферттері – 101,9 млн. теңге

Ағымдағы жылдың 9 айында түскен кірістер көлемі 114,6 млрд.теңге (нақты түсім – 203,1 млрд.теңге, бекітілген жоспар 177,2 млрд.теңге) ескере отырып және шұғыл шешімін талап ететін шығындарды қаржыландыру мақсатында салықтық түсімдер болжамын 16 млрд. теңгеге арттыруға ұсыныс енгізіліп отыр. Аталған келесі шығыстарға бағытталады.

2020-2021 оқу жылының басында 760 жалпы білім беретін мектеп жұмыс істейді, балалар саны - 429141 оқушы, 21262 бірлік сынып – жиынтықтар. Өткен оқу жылымен салыстырғанда оқушылар саны 18812 балаға, сыныптар саны 895 балаға артты. Тиісінше, оқушылар санының өсуі қосымша қаржыландыруды талап етеді. Мектептердің тарификациялық тізімдеріне сәйкес, ағымдағы жылдың соңына дейін тек жалақы қоры бойынша қажеттілік 2,8 млрд.теңгені, ағымдағы шығыстар бойынша (кітаптар, жалпы оқыту, компьютерлер) – 1,8 млрд. теңгені құрайды.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2020 жылғы 13 тамыздағы № 345 бұйрығына сәйкес оқу жылының басында облыстың 368 жалпы білім беретін мектебінде 59407 оқушы балалар контингентімен 4788 кезекші топ жұмыс істейді. Ағымдағы жылдың соңына дейін кезекші топтардың оқытушылары үшін қосымша жалақыға 3,2 млрд.теңге қажет етіліп отыр.

       Жұмыс істеп тұрған мектепке дейінгі білім беру ұйымдары үшін жан басына шаққандағы қаржыландыру әдістемесіне сәйкес 2020 жылға қажеттілік 28,4 млрд.теңгені құрайды. Ағымдағы жылдың 3 айында жаңа 18607 орын ашу және оларды күтіп ұстау үшін - 1,5 млрд.теңге қажет. Барлық қажеттілік - 29,9 млрд. теңге. 2020 жылы бюджеттен 23,7 млрд.теңге бөлінді. Жыл соңына дейін қосымша - 6,2 млрд. теңге қажет.

  Даму бюджетінің шығындары бойынша Іле және Талғар аудандарында үш ауысымды оқытуды жою үшін екі мектептің құрылыс жұмыстарын жалғастыруға - 572,3 млн. теңге бағыттау үсынылады.

Ауыл шаруашылығы бойынша қосымша  – 1,5 млрд.тенге бөлу ұсынылады,  оның ішінде:

- басым дақылдардың өндірісін субсидиялауға – 560 млн.теңге;

- тракторларды, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен тетіктерін мемлекеттік есепке алуға және тіркеуге – 5 млн.теңге;

- тыңайтқыштар (органикалықтарды қоспағанда) құнын субсидиялауға – 300 млн.теңге;

- мал шаруашылығы саласында терең қайта өңдеуден өткізілетін өнімдерді өндіру үшін ауыл шаруашылығы өнімін сатып алуға жұмсайтын өңдеуші кәсіпорындардың шығындарын субсидиялауға – 602,4 млн.теңге

Дата публикации
01 октября 2020