Алматы облыстық мәслихатының 2019 жылғы 13 желтоқсандағы
№ 55-282 «Алматы облысының 2020-2022 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 106-бабының 4-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы
23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының
1) тармақшасына сәйкес, Алматы облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда баяндалсын:
«1. 2020-2022 жылдарға арналған облыстық бюджет тиісінше осы шешімнің 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2020 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 569 643 894 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсiмдер – 29 924 640 мың теңге;
салықтық емес түсiмдер – 1 263 236 мың теңге;
негiзгi капиталды сатудан түсетін түсiмдер – 15 970 мың теңге;
трансферттер түсімдері – 538 440 048 мың теңге;
2) шығындар – 576 668 315 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 83 191 683 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер – 88 811 608 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 5 619 925 мың теңге;
4) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 2 213 835 мың теңге, оның ішінде:
қаржылық активтерді сатып алу – 2 213 835 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – (-) 92 429 939 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану)
– 92 429 939 мың теңге.».