Аналитикалық жазба
Алматы облысының 2016-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасы облыстық мәслихаттың 2015 жылғы 14 желтоқсандағы № 51-288 шешімімен (облыстық мәслихаттың 2018 жылғы 7 қарашадағы № 36-195 шешімімен енгізілген өзгерістермен) қабылданды.
Бағдарламада 25 мақсатқа және 133 нысаналы индикаторға қол жеткізу көзделген, оның ішінде 81 - Ұлттық экономика министрінің бұйрығымен бекітілген базалық көрсеткіштер тізбесіне сәйкес (29.06.17 ж. №260).
Мәселен, бағдарламаның 26 мақсатының 19 – ы толық, 7 – і ішінара, 81 нысаналы индикатордан 73 – і толық қол жеткізілді, 8-і қол жеткізілмеген.
1 "экономиканың сапалы және тұрақты өсуін қамтамасыз ету" стратегиялық мақсатына қол жеткізу үшін 3 нысаналы индикатор жоспарланған.
"Жалпы өңірлік өнімнің нақты көлем индексі" (нысаналы мәні кемінде 103,5%), "халықтың жан басына шаққандағы жалпы өңірлік өнім" (нысаналы мәні – 1 348,5 мың теңге) индикаторлары бойынша қол жеткізу ықтималдығы жоғары.
2018 жылдың 9 айында жоспарланған мақсаттың орындалуы 102,7% құрады.
Алдын ала есептер бойынша 2018 жылы облыстың ЖӨӨ 2 727,4 млрд.теңгені құрады, нақты көлем индексі – 103,5%, халықтың жан басына шаққанда – 1 341,6 мың теңге.
2018 жылғы ЖӨӨ деректерін Статистика комитеті есепті тоқсаннан кейінгі 100-ші күні ұсынатын болады.
"Жергілікті бюджетке салықтық және салықтық емес түсімдердің өсуі" индикаторына қол жеткізілді (нысаналы мәні жыл қорытындысы бойынша кемінде 103%).
Салықтық және салықтық емес түсімдер көлемі 2017 жылға қарағанда 116% өсіммен 196,6 млрд.теңгені құрады, көрсеткішті асыра орындау жоспарланған мақсаттан 112,6% - ды құрады.
Өсімге акцизделетін өнім өндірісінің өсуі, темекіге акциз ставкасының ұлғаюы (24%), бір жолғы түсімдер, "Азиялық газ құбыры" ТҚ – дан қосымша мүлік салығының түсімдері-әкімшілендіруді қатаңдату және басқа да бір жолғы түсімдер есебінен 1,5 млрд.теңге есебінен қол жеткізілді.