Алматы облыстық мәслихатының
2017 жылғы 15 желтоқсандағы
«Алматы облысының 2018-2020 жылдарға
арналған облыстық бюджеті туралы»
№ 26-128 шешіміне өзгерістер
енгізу туралы
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 104-бабының 5-тармағына, 106-бабының 4-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Алматы облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Алматы облыстық мәслихатының «Алматы облысының 2018-2020 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы» 2017 жылғы 15 желтоқсандағы № 26-128 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4452 тіркелген, 2018 жылдың 8 қаңтарында Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін: