Облыстық Мәслихаттың 2018 жылғы облыстық бюджетке
өзгертулер енгізу туралы шешімінің жобасына
ТҮСІНДІРМЕ ХАТ
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 5 мамырдағы «2018 – 2020 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 7 желтоқсандағы № 823 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» № 245 қаулысына сәйкес, республикалық бюджеттен қосымша 21,2 млрд.теңге нысаналы трансферттер және кредиттер бөлінді, оның ішінде:
ағымдағы нысаналы трансферттер – 12,7 млрд. теңге;
дамуға арналған нысаналы трансферттер – 7,2 млрд. теңге;
бюджеттік кредиттер – 1,3 млрд.теңге.
Ағымдағы нысаналы трансферттер көлемі келесі түрлері бойынша ұлғайтылды:
- жаңартылған білім беру мазмұны бойынша бастауыш, негізгі және жалпы орта білімнің оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының мұғалімдеріне қосымша ақы төлеуге және жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен шығыстардың осы бағыт бойынша төленген сомаларын өтеуге – 9273,1 млрд. тенге;
- ұлттық біліктілік тестінен өткен және бастауыш, негізгі және жалпы орта білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын мұғалімдерге педагогикалық шеберлік біліктілігі үшін қосымша ақы төлеуге – 770,1 млн. теңге;
- оқу кезеңінде негізгі қызметкерді алмастырғаны үшін мұғалімдерге үстемақы төлеу үшін - 140 млн. теңге;
- нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы шеңберінде, жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беруге – 6,5 млн.тенге;
-мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін алуға – 607,9 млн.теңге;
- ауыл шаруашылығы малын, техниканы және технологиялық жабдықты сатып алуға кредит беру, сондай-ақ лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауға – 152 млн.теңге;
- автомобиль жолдарын күрделі және орташа жөндеуге – 2 399,1 млн.теңге.
Дамуға арналған нысаналы трансферттер көлемі келесі түрлері бойынша ұлғайтылды:
- білім беру объектілерін салуға және реконструкциялауға (8 мектепті) – 784,3 млн. теңге;
- инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға және (немесе) жайластыруға (11 нысан)– 1845,6 млн. теңге;
Жамбыл ауданы Қайназар ауылын жылу-энергетикалық жүйесін дамытуға - 100 млн. теңге;
елді мекендерді сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамытуға (12 нысан) – 1324,7 млн.теңге;
- газ тасымалдау жүйесін дамытуға – 1500 млн. теңге;
- «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде индустриялық инфрақұрылымды дамытуға – 1617,2 млн. теңге.
Бюджеттік кредиттер бойынша:
- нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу үшін бюджеттік кредиттер беруге – 1 млрд.теңге;
- нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберінде облыс орталықтарында және моноқалаларда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуге 352,9 млн.теңге қарастырылды.
Сонымен қатар, ағымдағы нысаналы трансферттер көлемі 687,2 млн.теңгеге азайтылды.
Жергілікті бюджет есебінен келесі шараларға қосымша қаражат қарастыру ұсынылады.
«Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер»
1-функционалдық топ бойынша
Аталған функционалдық топ бойынша басқару органдардың материалдық-техникалық базасын нығайтуға – 103,4 млн. теңге сомасында шығыстар қарастырылу ұсынылады.
«Құқық қорғау әрекеті»
3-функционалдық топ бойынша
Осы функционалдық топтың даму бюджеті бойынша Алакөл ауданы Үшарал қаласындағы арнайы мемлекеттік орган ретінде пайдаланатын ғимарат құрылысының жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеуге - 18,6 млн. теңге.
«Білім беру»
4-функционалдық топ бойынша
Білім саласының ағымдағы шығындарына қосымша - 1,9 млрд.теңге қаржы бөлу жоспарлануда, оның ішінде:
- мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асыруға – 1,5 млрд.теңге;
- 3 нысанның күрделі жөндеу жұмыстарына – 350 млн.теңге;
- сұйық отын сатып алуға, сақтауға және жеткізуге (бағасының қымбаттауына байланысты) – 59,2 млн.теңге.
«Денсаулық сақтау»
5-функционалдық топ бойынша
Осы функционалдық топтың даму бюджетінің шығындары 100 млн. теңге қоса қаржыландыруға көзделген, оның ішінде:
-Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылыда ауысымында 100 келушіге арналған әйелдер кеңесі бар 100 төсектік перзентхана құрылысына – 50 млн. теңге;
- «Сарқан ауданы Сарқан қаласындағы құрылысы аяқталмаған перзентхана ғимаратын 105 төсекке және ауысымына 100 келушіге арналған орталық аудандық стационарлық бөлімі ретінде қайта жаңғыртуға» - 50 млн. теңге.
«Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы»
7-функционалдық топ бойынша
Осы функционалдық топтың даму бюджеті бойынша жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеуге - 116,9 млн. теңге, оның ішінде:
- Алакөл ауданы Алакөл көлінің жағалауындағы кәріз жүйесінің және КТИ қайта жаңғырту мен құрылысына – 49,8 млн. тенге;
«Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік»
8-функционалдық топ бойынша
Мәдениет саласының ағымдағы шығындарына қосымша – 360,4 млн.теңге бөлу жоспарлануда, оның ішінде:- Қарасай ауданының Шамалған ауылындағы мәдениет үйінің күрделі жөндеу жұмысын аяқтауға және материалдық-техникалық базасын нығайтуға – 342,3 млн.теңге; - Мәдениет мекемелерге сұйық отын сатып алуға (баға айырмашылығы) – 18,1 млн.теңге.
«Көлік және коммуникация»
12-функционалдық топ бойынша
Осы функционалдық топтың даму бюджетінің шығындарына барлығы 289,1 млн. теңге, оның ішінде, қоса қаржыландыруға – 239,1 млн. теңге:
- «Алматы – Өскемен – Лепсі – Ақтоғай», автомодиль жолын қайта жаңғырту км 0-110» - 132,7 млн. тенге;
- «Алматы - Өскемн - Қызыл кайын - Лепсі, автомодиль жолын қайта жаңғырту км 113-117» - 22,7 млн. тенге;
- «Ескелді ауданындағы "Сарыөзек-Қорғас-Қоғалы-Көксу-Қарабұлақ", автокөлік жолын қайта жаңғырту» км 94-122 - 83,7 млн. тенге.
«Алакөл ауданы Үшарал қаласындағы әуежайының ұшу-қону жолағын қайта жаңғырту» ЖСҚ әзірлеуге – 50 млн. теңге.
«Басқалары»
13-функционалдық топ бойынша
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберінде іске асырылып жатқан жобаларды қоса қаржыландыруға - 428,9 млн.теңге сомасы қарастырылуда.
Алматы облысының экономика және
бюджеттік жоспарлау басқармасы
басшысының орынбасары Б. Төлебекова