Жергілікті өзін-өзі басқару бюджетінің атқарылуы туралы

Жергілікті өзін-өзі басқарудың бюджетінің 2018 жылдың 

1 тамызына орындалуы туралы анықтама

 

Жергілікті өзін-өзі басқару тұжырымдамасын іске асыру аясында 2018 жылдың 1 қаңтарынан 2 мыңнан астам тұратын аудандық маңызы бар қала, кент, ауылдық округтерде бюджеттің төртінші деңгейі енгізілді.

Алматы облысы бойынша 188 аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округтерде тәуелсіз бюджет енгізілді. Ауылдық округтерде бюджеттің бекітілген жылдық көлемі 17,9 млрд.теңгені құрайды.

Ауылдық округтерге қаражат оқушыларды жеткізуге, жарықтандыруға, абаттандыруға, мектепке дейінгі балалар мекемелерінің қызметін ұйымдастыруға және ұстауға, мәдени және спорт шараларын өткізуге, үйде әлеуметтік көмек көрсетуді ұйымдастыруға, автожолдардың жұмыс жасауын қамтамасыз етуге (қыс мезгілінде ұстауға, ағымдағы жөндеуге) бағытталды.

Ауылдық округтердің бюджеттеріне түсетін кірістердің болжамы (берілген салықтың алты түрі бойынша) 9,9 млрд.теңгені құрайды.

Ағымдағы жылдың 7 айында селолық округтердің бюджетіне 5,6 млрд.теңге түсті (болжам 5,0 млрд.теңге) немесе 110,4%-ға орындалды

ЖӨБ бюджетінің шығындары бойынша орындалуы 8,5 млрд. теңгені құрайды (жоспар 8,7 млрд.теңге) немесе 98,1%.

Дата публикации
01 июля 2018