Облыстық Мәслихаттың 2019 жылғы облыстық бюджетке
өзгертулер мен толықтыру енгізу туралы шешімінің жобасына
ТҮСІНДІРМЕ ХАТ
«Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот,
қылмыстық-атқарушылық қызмет»
3-функционалдық топ бойынша
Аталған функционалдық топ бойынша – 567,4 млн. теңге қаражат бөлу жоспарлануда, оның ішінде:
- бейне бақылау жүйесін орнату жұмыстарын аяқтауға – 522,4 млн. теңге (Қарасай ауданына - 352,4 млн.теңге, Панфилов ауданына – 170 млн.теңге);
- Талдықорған қаласындағы орта білім беру мекемелерінде, жоғарғы оқу орындарында, авто бекеттерінде, темір жол вокзалында, азаматтық аэропортында, банкоматтарда, сауда үйлерінде және т.б орнатылған бейне бақылау жүйелерін Жедел басқару орталығына қосуға – 45 млн.теңге.
«Білім»
4-функционалдық топ бойынша
Мектепке дейінгі біліммен қамту көрсеткішін 100% жеткізу үшін жаңа балабақшалар ашуға 7529 орын және жұмыс істеп тұрғандарды ұстауға –2,5 млрд.теңге;
Осы функционалдық топтың даму бюджетінің шығындары 1,2 млрд. теңге құрады, Талдықорған қаласының колледж студенттеріне арналған жатақханаға ғимаратының құрылысын аяқтауға.
«Денсаулық сақтау»
5-функционалдық тобы
Осы функционалдық топтың даму бюджетінің шығындары 396,1 млн. теңге құрады, Көксу ауданы Көксу станциясындағы ауысымна 25 келушілерге арналған ДА құрылысына.
«Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы»
7-функционалдық топ бойынша
Осы функционалдық топтың даму бюджетінің шығындары 204,4 млн. теңге құрады, оның ішінде:
Кеген ауданы Кеген ауылындағы 15 жеке тұрғын ұйлердің құрылысын аяқтауға.
«Ауыл, орман, су шаруашылығы және жер қатынастары»
10-функционалдық топ бойынша
- Көксу ауданының ирригациялар жүйелерінің техникалық төлқұжаттарын даярлауға – 13,5 млн. тенге.
«Көлік және коммуникация»
12-функционалдық топ бойынша
- Жергілікті маңызы бар жолдарды жөндеу бойынша іс-шараларға 1 млрд. теңге бөлу жоспарлануда.
«Басқалары»
13-функционалдық топ бойынша
- «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кредиттер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға – 517 млн. теңге.
Алматы облыстық экономика және
бюджеттік жоспарлау басқарма
басшысының м.а. Р.Дауталинов