Облыстық Мәслихаттың 2019 жылғы арналған Алматы облысының
облыстық бюджетіне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы
шешімінің жобасына
ТҮСІНДІРМЕ ХАТ
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы «___» ___________
««2019 – 2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 7 желтоқсандағы № 808 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» №____ қаулысына сәйкес жалпы республикалық бюджеттен қосымша 6,1 млрд.теңге нысаналы трансферттер бөлінді, оның ішінде:
- ағымдағы нысаналы трансферттер – 3 млрд. теңге;
- дамуға арналған нысаналы трансферттер – 3,1 млрд. теңге.
«Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы»
7-функционалдық топ бойынша
Аталған функционалдық топ бойынша ағымдағы шығыстарға 800 млн. теңге бағыттау жоспарлануда, оның ішінде:
- Талдықорған қаласындағы Қабанбай батыр көшесінің бойындағы саяжайды абаттандыруға – 500 млн. теңге;
- Талдықорған қаласына кіреберісне іргелес аумағын абаттандыруға – 300 млн. теңге.
Аталған функционалдық топ бойынша Даму бюджеті шығындары 10 тұрғын үйдің құрылысын қосақаржыландыруға - 1,4 млрд. теңге бағытталған.
«Басқалары»
13-функционалдық топ бойынша
- «Ауыл – Ел бесігі» арнайы жоба шеңберінде облыстың 9 перспективті ауылдық елді мекендерінде әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды жөндеу және салу бойынша 36 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда, осыған орай аталған жобаларды іске асыруға – 7,1 млрд.теңге қарастырылған, оның ішінде РБ есебінен – 6,1 млрд. теңге, ЖБ – 1 млрд. тенге.