Облыстық Мәслихаттың 2019 жылғы арналған
Алматы облысының облыстық бюджетіне
өзгертулер мен толықтыру енгізу туралы шешімінің жобасына
ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА
(тамыз 2019ж.)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 09 шілдедегі ««2019 – 2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 7 желтоқсандағы № 808 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» № 490 қаулысына сәйкес жалпы республикалық бюджеттен қосымша 16 млрд. теңге нысаналы трансферттер мен кредиттер бөлінді, оның ішінде:
- ағымдағы нысаналы трансферттер – 10,5 млрд. теңге, оның ішінде:
- Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті төлеуге- 8,5 млрд. тенге;
- Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан еңбек нарығын дамытуға-1,4 млрд. тенге;
-азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлерінің, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлерінің жалақысын көтеруге-200,3 млн. тенге;
- Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан жұмысшы біліктіліктері бойынша техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алушыларға стипендия мөлшерін ұлғайтуға – 249,1 млн. тенге;
- Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың балалары үшін жоғары білімі бар мамандарды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға-154,3 млн. тенге;
- дамуға арналған нысаналы трансферттер «Ауыл-Ел бесігі» жобасы шеңберінде ауылдық елді мекендердегі әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымдарды дамытуға – 3 млрд. теңге.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға 2,5 млрд. тенге кредит берілді.
Басым және шұғыл міндеттерді шешу мақсатында 2019 жылға арналған облыстық бюджет параметрлеріне түзету жүргізу ұсынылады.
Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері арасында қаражатты қайта бөлу есебінен (құрылыс, күрделі жөндеу бойынша үнем) облыс бюджетінің шығыстарын нақтылау бойынша келесі ұсыныстар енгізіледі.
Түркістан облысының Арыс қаласындағы төтенше жағдайдың салдарын жою үшін іс-шаралар өткізуге 1030,7 млн. тенге, оның ішінде:
тұрғын үй қорының (854 жеке тұрғын үйді) қалпына келтіру және құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге – 1 млрд. теңге;
төтенше жағдай салдарынан зардап шеккен тұрғындар балаларының жазғы демалысын ұйымдастыруға – 30,7 млн. тенге.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 27 ақпандағы «Nur Otan» партиясының кезекті XVIII съезісъезінде берген тапсырмаларын іске асыру шеңберінде 51 мыңнан астам алушыға атаулы әлеуметтік көмек төлеуге қосымша 1,2 млрд. теңге.
Облыстың жалпы білім беретін 10 - мектептерінде күрделі жөндеу жұмыстарын аяқтауға 1,5 млрд. тенге;
Облыстың жалпы білім беретін мектептері үшін оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді сатып алуға қосымша барлығы – 729,7 млн. теңге, оның ішінде:
1,9,10 - сыныптарға арналған жаңартылған оқу бағдарламасы бойынша – 410,6 млн. теңге;
5-7 сыныптар үшін 2 бөлімнен тұратын "Өлкетану" хрестоматиясына – 256,9 млн. теңге;
8-ші сыныпқа арналған «Орта түрік тарихы» – 62,1 млн.теңге.
МЖӘ жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау
– 2,2 млрд. теңгені құрады, оның ішінде:
Қарасай ауданы Әйтей ауылында 1200 орындық мектеп құрылысы және пайдалану – 1,7 млрд.теңге;
Райымбек ауданы Нарынқол ауылындағы прокуратураның ескі ғимаратын кеңейту арқылы қайта құру және пайдалану – 146,2 млн. теңге;
Райымбек ауданы Нарынқол ауылындағы әкімшілік ғимаратын қайта құру және пайдалану – 274,7 млн. теңге;
Алматы облысы Райымбек ауданы Нарынқол ауылындағы селолық әкімшілік ғимаратын қайта құру және пайдалану – 93,3 млн. теңге.
Алматы облысының экономика
және бюджеттік жоспарлау
басқармасы басшысының
орынбасары Б. Төлебекова