Алматы облысының 2020-2022 жылдарға арналған облыстық бюджеті

Алматы облысының 2020-2022 жылдарға

арналған бюджетінің жобасына

ТҮСІНДІРМЕ ХАТ

Облыстың 2020-2022 жылдарға арналған бюджетінің жобасы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының «Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» кодексіне сәйкес, Президенттің Қазақстан халқына арнаған Жолдауларында қойған міндеттердің, Жалпы сипаттағы трансферттерді есептеу әдістемесінің және кірістердің түсуін болжау әдістемесінің негізінде қалыптастырылды.

Сондай-ақ, бюджетті қалыптастыру кезінде Мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалар, облыс аумағын дамыту бағдарламасы ескерілді.

2020-2022 жылдарға арналған бюджет жобасын есептеу кезінде төмендегілер ескерілді:

  1. салық заңнамасындағы мөлшерлемелердің өзгеруі, өткен қаржы жылындағы түсімдер серпіні;
  2. жаңа объектілерді іске қосу есебінен салық базасының өсуі;
  3. бір жолғы сипаттағы түсімдер;
  4. РБ субвенциялар көлемінде берілген, тұрақты сипаттағы ағымдағы нысаналы трансферттер;
  5. Бюджет кодексінің 40-бабының негізінде реттелетін кірістерді бөлу нормативтері;
  6. кірістер және ағымдағы шығындар көлемінің Республиканың ОЭД болжамының негізінде тұтыну бағасының индексіне артуы;

Қазақстан Республикасының «Республикалық және облыстық, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерінің арасындағы 2020-2022 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттер көлемдері туралы» Заңының Жобасына сәйкес, Алматы облысы бойынша 2020 жылға арналған субвенциялар көлемі 200,8 млрд. теңге көлемінде орын алды, оның ішінде:

Жалпы сипаттағы трансферттер көлеміне республикалық бюджеттен бөлінетін нысаналы трансферттер есебінен қаржыландырылатын, 2020 жылға келесі шығыстар қосылды:

- ішкі істер органдарының қызметкерлерінің сыныптық біліктілігі үшін сыйақы мөлшерін ұлғайтуға– 62,3 млн. тенге;

- ішкі істер органдары қызметкерлерінің жалақысын көтеруге –1,5 млрд. тенге;

- жол-патрульдік полицияның саптық бөлімшелерінің қызметкерлеріне, учаскелік полиция инспекторларына және кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторларына тұрғын үйді жалдау (жалға алу) үшін өтемақы төлеуге – 201,7 млн. тенге;

-  орта білім беру мұғалімдерінің жалақысын көтеруге -16,8 млрд. тенге;

- мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдар педагогтарының еңбекақысын көтеруге– 287,9 млн. тенге;

- техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік ұйымдарының оқытушыларының жалақысын көтеруге– 42,0 млн. тенге;

- біліктілігі бойынша жұмыс істейтін техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы студенттер үшін стипендия мөлшерін ұлғайтуға-584,1 млн. тенге;

- жұмыспен қамту орталықтарына әлеуметтік жұмыс жөніндегі кеңесшілер мен көмекшілерді енгізу үшін– 236,3 млн. тенге;

- азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлерінің, мемлекеттік кәсіпорындардың қызметкерлерінің жалақысын көтеруге–   32,9 млрд. тенге;

- ауылдық жерлерде жұмыс істейтін орман және ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы мемлекеттік қызметшілердің жалақысын көтеруге–212,5 млн. тенге;

- «Бизнес жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау үшін– 114,3 млн. тенге;

- «Бизнес жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне қарыздарға кепілдік беру үшін– 95,2 млн. тенге;

-  Дипломмен ауылға жобасы бойынша жәрдемақы мөлшерін көбейтуге– 76,6 млн. тенге;

- мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің жекелеген санаттарының жалақысын көтеруге – 1,4 млрд. тенге.

 

Бюджет кірістері

 

Алматы облысының меншікті кірістері бойынша 2020 жылға арналған бюджеті 248,7 млрд. теңге сомасында анықталды.

2020 жылға арналған кірістер түсімінің жалпы көлемінде 98,4% салықтық түсімдерге тиесілі немесе 244,7 млрд. теңге, салықтық емес түсімдер 2,2 млрд. теңге, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер –1,8 млрд. теңге.

         Салықтық түсімдердің негізгі көздері (54,9%) немесе 136,6 млрд.теңге акциздер болып табылады, оның ішінде темекі өнімдеріне акциз (49,3%), жеке табыс және әлеуметтік салықтар (24,4%), меншіккке салынатын салық (25,4%).

         2020 жылдан бастап Республикалық бюджеттен шағын және орта бизнестен түсетін корпоративтік табыс салығы берілді, ол жергілікті бюджетте (6,9%) немесе 17,2 млрд. теңгені құрады.

 

 «Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер»

1-функционалдық топ бойынша

 

Аталған функционалдық топ бойынша Мәслихаттар, барлық деңгейдегі әкімдер, қаржы органдарының және экономика және бюджеттік жоспарлау, мемлекеттік салып алу, діни органдарының аппараттарын ұстауға, салық салу мақсатында мүлікті бағалауды жүргізуге және коммуналдық меншікті жекешелендіру бойынша іс-шаралар жүргізуге шығындар көзделген.

Аталған топқа мемлекеттік органдарда электронддық құжат айналымының бірыңғай жүйесін әрі қарай енгізу, облыс әкімі ме жергілікті атқарушы органдарының веб-сайттарын сүйемелдеу және жаңарту, облыс бойынша электрондық қызметтерді көрсетудің бірыңғай ақпараттық жүйесін әрі қарай қалыптастыру және ақпараттық жүйелерді енгізу бойынша шығындар қосылған.

2020-2022 жылдарға арналған облыс бюджетінің жобасы аталған топ бойынша  64,4 млрд.теңгені құрайды.

2020 жылға арналған бюджет:

-  облыстың басқару органдарын ұстауға 61,0 млрд.теңге көзделді;

- басқару органдарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға – 3,2 млрд.теңге;

- мемлекеттік органдардын  әкімшілік ғимараттарын күрделі жөндеуге– 380 млн.теңге.

 

 «Қорғаныс»

2-функционалдық топ бойынша

 

Бұл функционалдық топ бойынша төтенше жағдайлардың алдын алу және салдарларын жою бойынша іс-шараларға шығындар, облыстық және аудандық әскерге шақырту пункттерін ұстауға және әскерге шақырылғандарды тасымалдауға, аумақтық қорғаныс жөніндегі іс-шараларға, аудандық (қалалық) масштабтағы өрттердің алдын алу және сөндіру шараларына шығындар көзделген.

2020-2022 жылдарға арналған облыс бюджетінің жобасы 5,2 млрд. теңгені құрайды, оның ішінде 2020 жылға бюджет 971 млн. теңге сомасында анықталды:

         - авариялық құтқару қызметтерінін материалдық-техникалық базасын нығайтуға – 607,4 млн.теңге (діни экстремизм мен терроризмге қарсы әрекет ету жөніндегі жобалық бағдарламасына 573,0 млн. тенге).

         - облыс бойынша төтенше жағдайладың алдын алу іс-шараларына – 145 млн.теңге (әуе көлігі қызметтері- 66,9 млн. тенге; өрттің және су тасқынының ғарыштық мониторингі қызметтері – 6,5 млн. тенге; төтенше жағдайлар қаупін тудыратын өзендер мен су қоймаларындағы жарылыс жұмыстарын жүргізу – 36,1 млн. тенге; полиграфиялық қызметтер, бейнематериалдарды шығару және тарату 29,6 млн. тенге; гидрометеорологиялық ақпарат қызметтері 5,7 млн. тенге).

      - аумақтық қорғаныс бойынша іс-шараларға – 188,1 млн.теңге;

      - азаматтарды әскерге шақытру шараларына –97,4 млн.теңге (облыстық деңгейде – 30,2 млн.теңге, аудандық деңгейде – 67,2 млн.теңге);

      - дала өрттерінің алдын алу және сөндіру жөніндегі іс-шараларға – 23,3 млн. теңге;

      - өрт қызметі жоқ елді мекендерде 20 өртке қарсы бекеттер ұстау және 20 өртке қарсы бекеттер құру – 372,8 млн. теңге;

 (20 өртке қарсы бекеттер ұстау: Аксу –1, Балхаш -1, Енбекшіқазақ -8, Ескельді-1, Жамбыл-2, Іле -2, Кеген 1, Панфилов -1, Талғар – 1, Уйғыр – 1,Қапшағай қ.-1; 20 өртке қарсы бекеттер құру Алакөл –1, Енбекшіқазақ - 2, Жамбыл-3, Кербулақ -2, Коксу - 1, Панфилов -1, Райымбек – 3, Саркан -1,  Уйғыр – 6).       

     Даму бюджеті бойынша Алакөл көлін қоршайтын бөгеттің құрылысына               2 млрд. теңге қарастырылды.

«Құқық қорғау әрекеті»

3-функционалдық топ бойынша

 

Бұл функционалдық топ бойынша полиция органдарын, жол қозғалысын реттеу құралдарын ұстауға, 2018-2022 жылдарға арналған діни экстремизм мен терроризмге қарсы әрекет ету жөніндегі өңірлік бағдарламасының іс-шаралар жоспарын, олар төмендегілерді қамтиды:

- қоғамдық жерлерде жасалатын қылмыстардың өсуін азайту мақсатында бейне бақылау жүйесін кеңейту және оны жаңарту;

- діни экстремизммен терроризмге қарсы әрекет ету;

- жолдарда авария көрсеткіштерін азайту үшін жағдай жасау;

- азаматтардың ішкі істер органдарына сенім ару деңгейін арттыру шаралары;

- полиция органдарының материалдық-техникалық базасын нығайту.

 

  2020-2022 жылдарға арналған облыс бюджетінің жоғарыда аталған мақсаттарына  40,1 млрд. теңге көзделді. Оның ішінде 2020 жылғы бюджет 12,9 млрд. теңгені құрады, оның ішінде:

     - полиция департаментін ұстауға - 10,4 млрд. теңге;

     - материалдық-техникалық базаны нығайтуға – 2,3 млрд.теңге

     - діни экстремизм мен терроризмге қарсы әрекет ету бағдарламасы бойынша Қарасай ауданында бақылау камераны орнатуын аяқтауға (150 камера), бейне бақылау камераларын орнатуына: Панфилов ауданында  (50 камера), Текелі қаласында (50 камера) – 1 млрд.теңге;

     - участкелік полиция қызметкерлеріне 72 қызметтік автокөліктерді алуға - 350 млн.тенге;

 - арнайы жабдықтарды алуға -917,1 млн. тенге;

 - жол қозғалысын реттейтін нысандарды орнатуға және күтіп ұстауға -  184,9 млн. теңге .

 

Осы топ бойынша даму бюджетінің жобасы  -  802,9 млн. теңгені құрады:

- ішкі істер органдарының 4 нысанның құрылысын жалғастыруға – 800,7 млн. теңге;

 - жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеуге – 2,2 млн. теңге.

 

 «Білім»

4-функционалдық топ бойынша                                                                    

 

Білім саласында төмендегі шаралар көзделуде:

- жекеменшік балабақшаларда мемлекеттік тапсырысты орналастыру арқылы мектепке дейінгі ұйымдар жүйесін көбейту, шағын орталықтарды ашу;

-кең жолақты интернетке қол жеткізу жүйесін кеңейту, компьютер техникасы мен интерактивті құралдар алу, жаңа модификациялық кабинеттер және тегін оқулықтармен қамтамасыз ету;

- мүмкіндігі шектеулі балаларға инклюзивті білім беруді одан әрі дамыту;

- білім беру мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайту;

- күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу;

- өрт қауіпсіздігі бойынша іс-шаралар;

- білім беру мекемелерінде пандустарды орнату.

Жоғарыда аталған мақсаттарды жүзеге асыру үшін 2020-2022 жылдарға арналған облыс бюджетінде аталған топ бойынша 867,7 млрд. теңге көзделді. Оның ішінде 2020 жылға білім саласының ағымды шығындарына 250,1 млрд.теңге қарастырылды.

           Облыс бойынша 1375 білім мекемелерінде 96039 адам жұмыс істейді (756 мектеп, 62 мемлекеттік балабақша, 41 колледж, 35 қосымшабілім беру, 13 оқу-өндірістік комбинаттар, 7 көмекші мектеп-интернаттар, 8 дарынды балаларға арналған лицейлер, 2 балалар үйі);

- білім мекемесінің еңбекақы қорын төлеуге – 93,8 млрд. теңге, өсім – 4% (оқушылар санының 14673 және сынып жинақтарының 771 артуына байланысты);

- 13 білім нысанын күрделі жөндеуге және 10 нысанның жобалық- сметалық құжаттамасын әзірлеуге  - 5,1  млрд. теңге;

- сұйық отын сатып алуға, сақтауға және жеткізуге – 4,3 млрд.теңге;

- пеллет отынын сатып алуға – 249,0 млн.теңге;

- мемлекеттік білім мекемелерінің 0, 1, және 11 сыныптарына оқулықтар, оқу-әдістемелік кешендер сатып алуға және жеткізуге – 3,4 млрд.теңге;

- орта білім жүйесін ақпараттандыруға – 458,0 млн. теңге.

Жергілікті бюджетте қосымша келесі шығындар көзделген:

- 13 білім беру мекемелеріне ағымдағы жөндеуге – 179,6 млн. теңге;

- білім беру мекемелерінде пандустарды орнатуға – 205,0 млн. теңге;

- облыс мектептерінде құрылатын IT- сыныптарды жабдықтауға – 476,9 млн.теңге;

- нысандарды өртке қарсы өңдеуге және құрал-жабдықтарын сатып алуға – 431,2 млн.теңге;

- мекемелердің материалдық-техникалық базаларын нығайтуға – 992,7 млн.теңге (ауылдық жерлерде оқушыларды жақын мектепке дейін жеткізу және кері қарай тасымалдау үшін автобустар сатып алуға);

-облыс бойынша пән кабинеттерін компютерлік техникамен жабдықтауға – 311,9 млн.теңге;

-жалпы білім беретін мектептерді жаңа модификациялық кабинеттермен жабдықтау үшін – 308,6 млн.теңге;

- қазандықтар мен қосалқы бөлшектерді сатып алуға – 562,3 млн.теңге;

- көп балалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларды тегін тамақтандыруға – 953,8 млн.теңге;

Сондай-ақ жалпы сипаттағы трансферттер көлемінде мынадай шығыстар ескерілді:

- мемлекеттік ұйымдар педагогтарының еңбекақысын ұлғайтуға – 17,1 млрд.теңге.

Республикалық бюджет қаражаты есебінен – 46,5 млрд. теңге қарастырылды, оның ішінде:

- орта білім беру ұйымдарын жан басына шаққандағы қаржыландыруды сынақтан өткізуге – 1,7 млрд. теңге;

- мемлекеттік мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагогтарына біліктілік санаты үшін қосымша ақы (2020 жылдың қыркүйек айынан) – 238,8 млн. теңге;

-  мемлекеттік орта білім беру ұйымдарының педагогтарына біліктілік санаты үшін қосымша ақы (2020 жылдың қыркүйек айынан)– 9,1 млрд. теңге;

- "Жас маман" жобасы шеңберінде колледждер үшін материалдық-техникалық базаларын сатып алуға – 1,6 млрд.теңге;

- мемлекеттік техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтарына біліктілік санаты үшін қосымша ақы төлеуге (2020 жылдың қыркүйек айынан)– 127,4 млн.теңге;

- көп балалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар үшін жоғары білімді мамандар даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға – 474,4 млн. теңге;

- мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдары қызметкерлерінің жалақысын жыл сайын 25% ұлғайтуға (2020 жылдың қаңтар айынан бастап) – 33,2 млрд. теңге.

 

Даму бюджеті бойынша 2020 – 2022 жылдарға – 46,4 млрд. теңге қарастырылған, оның ішінде 2020 жылға – 14,5 млрд. теңге.

 2020 жылға жергілікті бюджет есебінен 14,5 млрд. теңге қарастырылған:

- үш ауысымды мектептерді жоюға - 11,5 млрд.теңге;

- студенттерге арналған жатақханалардың құрылысын аяқтауға - 2,3 млр.теңге;

- жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеуге – 731,4 млн.теңге.

 

 «Денсаулық сақтау»

5 функционалдық топ бойынша

 

Денсаулық сақтау саласын дамытудағы негізгі міндеттер болып облыс халқының денсаулығын нығайту, әлеуметтік маңызды ауруларды азайту, халықтың салауатты өмір салтын дамыту, Денсаулық сақтаудың бірыңғай ұлттық жүйеіндегі медициналық көмектің қол жетімділігі мен сапасын арттыру, дәрі-дәрмектік қамтамасыз етудің жаңа үлгісін енгізу және медициналық ұйымдарды білікті мамандармен қамтамасыз ету болып табылады.

Облыстың 2020-2022 жылдарға арналған бюджет жобасында осы топ бойынша  31,3 млрд. теңге көзделуде, оның ішінде 2020 жылға – 8,8 млрд. теңге.

 - 7 денсаулық сақтау мекемелерін ұстауға – 1,3 млрд.теңге;

- кадрлардың біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлауға – 221,7 млн.теңге;

- вакциналарды және басқа дәрі-дәрмектік препараттарды сатып алуға – 689,6 млн.теңге;

- денсаулық сақтау мекемелерінің күрделі шығындарына – 2,3 млрд. теңге;

Республикалық бюджеттен 3,5 млрд. теңге сомасында нысаналы ағымдағы трансферттер бөлінді, оның ішінде:

- вакциналарды және басқа да иммундық - биологиялық препараттарды сатып алуға – 3,2 млрд. теңге;

- салауатты өмір салтын насихаттауға – 139,4 млн. теңге;

- ЖИТС профилактикасы және оған қарсы күрес жөніндегі іс-шараларды іске асыруға – 188,4 млн. теңге;

- медициналық ұйымның сот шешімі негізінде жүзеге асырылатын жыныстық құмарлықты төмендетуге арналған іс-шараларды жүргізуге – 0,4 млн. теңге.

 

2020 – 2022 жылдарға арналған даму бюджетінің шығындары –                 11,4 млрд. теңгені құрады.

2020 жылға республикалық бюджет есебінен Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылындағы перзентхана (100 орындық) құрылысын аяқтауға - 1 млрд.теңге қарастырылған.

Жерглікті бюджет есебінен – 3,6 млрд. теңге қарастырылған:

- қоса қаржыландыруға - 180 млн. теңге;

- 9 жаңа нысанның құрылысына - 3,3 млрд.теңге;

- жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеуге - 110,7 млн.теңге.

Ша

«Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамтамасыз ету»

6-функционалдық топ бойынша

 

Азаматтарды әлеуметтік қамтамасыз етуді жетілдіру үшін облыс аумағын дамыту бағдарламасында төмендегілер көзделген:

- халықтың әлеуметтік осал топтарына атаулы әлеуметтік көмек төлеу жолымен әлеуметтік көмек көрсету;

- "Еңбек" Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерліктің 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде еңбек нарығының және жастар практикасының қажеттіліктеріне сәйкес кәсіптік оқытуды даярлау, қайта даярлау жүйесін дамыту;

- халықтың нысаналы тобынан жұмыспен қамтуды арттыру;

- арнайы әлеуметтік қызметтерді көрсетудің мемлекеттік стандарттарын енгізу;

- мүгедектердің әлеуметтік қолдау шараларын күшейту;

- азаматтарды әлеуметтік қамтамасыз етуді жетілдіру.

 

Алға қойылған мақсаттарды шешу үшін 2020-2022 жылдарға 125,5 млрд. теңге қарастырылуда.     

Облыстың 2020 жылға арналған бюджетінің жобасы осы топ бойынша 41,8 млрд. теңгені құрайды:

- обылыстың 13 медициналық-әлеуметтік мекемелерін ұстауға (жүйкеневрологиялық интернат үйлерін, қарттар үйлерін, қалпына келтіру орталықтарын) – 3,5 млрд.теңге жоспарлануда;

- мемлекеттік тапсырыс есебінен ҮЕҰ арқылы мүгедек балаларға арналған күндізгі орталықтарын ұстауға – 102,7 млн.теңге;

- мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек төлеміне – 3,5 млрд.теңге;

- 4376 жеке көмекшілердің қызметіне ақы төлеуге – 1,6 млрд.теңге;

- 5115 мүгедекті міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етуге – 585,4  млн.теңге;

- халықты жұмыспен қамту орталықтарында әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультанттар мен ассистенттерді енгізуге – 236,3  млн.теңге;

- Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерліктің 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде қоғамдық жұмыстарға (5774 адам)  – 1,7 млрд.теңге;

- еңбек нарығын дамытуға – 686,2  млн.теңге;

- мұқтаж азаматтарға үйінде әлеуметтік көмек көрсетуге – 1,2  млрд.теңге;

- жұмыспен қамту орталықтарының қызметін қамтамасыз етуге – 734,4 млн.тенге;

- аз қамтылған көп балалы отбасыларының тәрбиеленушілерін мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету үшін ата-аналар төлемінің 100% субсидиялауға - 1,1  млрд.теңге;

- тұрғын үй көмегін төлеуге (7040 алушылар) – 308,3 млн.теңге;

- ауылдық жерлердегі әлеуметтік сала қызметкерлеріне отын сатып алуға (46567 қызметкер) – 617,2  млн.теңге;

- облыс Әкімінің гранты бойынша студенттерді оқытуға (150 студент) – 97,1 млн.теңге;

- туберкулездің ауыр түрімен ауыратын науқастарға әлеуметтік көмек көрсетуге (950 адам) – 119,6 млн. теңге;

-  бір жолғы материалдық көмек көрсетуге – 483,8 млн.теңге,

(ҰОС 126 қатысушылары мен мүгедектеріне (300 мың теңгеден), қайтыс болған ҰОС қатысушылардың әйелдеріне, еңбек ардагерлеріне, ауған соғысының 1831 ардагерлеріне және қайтыс болған қатысушыларының отбасыларына (50 мың теңгеден), Чернобыль атомдық электростанциясындағы апаттың салдарларын жоюға қатысқан 510 тұлғаларға, қайтыс болған қатысушылардың отбасыларына және ядролық сынақтар мен жаттығуларға тікелей қатысқан 268 адамдарға);

- тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығын ұстауға – 36,8 млн.теңге;

- іс-қимыл тілі мамандарының қызметіне ақы төлеуге – 100,1 млн.теңге;

- қол-арбалар сатып алуға (1290 мүгедек) – 171,2 млн.теңге;

- 1072 бірлік тифло құралдар сатып алуға – 150,6 млн.теңге;

- 3629 мүгедекке протездер сатып алуға  – 420,7 млн.теңге;

- 5379 мүгедекті шипажай-курорттық емдеуге – 534,2 млн.теңге;

- мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспарын жүзеге асыруға – 156,9 млн.теңге көзделуде («Инватакси» қызметін дамытуға мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыруға);

- әлеметтік сала ұйыдарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға – 65 млн.тенге;

- "7-20-25" бағдарламасы бойынша бастапқы жарнасының бөлігін төлеу  үшін әлеуметтік көмек көрсетуге – 500 млн.тенге.

 

         Республикалық бюджеттен 25,3 млрд. теңге көлемінде қаражат бөлінді, оның ішінде:

-  мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек төлеміне – 23,2 млрд.теңге;

 

- мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыруға – 1  млрд.теңге;

- арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын енгізуге (тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету) – 5 млн.теңге;

- үкіметтік емес ұйымдарда мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыруға – 97,4 млн.теңге;

- кохлеарлық импланттарға сөйлеу процессорларын ауыстыру және теңшеу жөніндегі көрсетілетін қызметтерге – 68,9 млн.теңге;

- еңбек нарығын дамытуға – 958,2 млн.теңге;

 

«Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы»

7-функционалдық топ бойынша

 

      Облыстың 2020-2022 жылдарға арналғанбюджет жобасы ағымдағы бюджет 49,5 млрд. теңгені құрайды.

2020 жылдың бюджеті 20,2 млрд. теңге сомасында анықталды, оның ішінде:

- елді мекендерді абаттандыруға, жарықтандыруға, көгалдандыруға, санитариясына – 12 млрд. теңге (негізгі шығындарға – 6,6 млрд. теңге; 29 жобаны жүзеге асыруға 5,4 млрд. теңге қарастырылды);

- халықты жылумен үздіксіқ қамтамасыз ету үшін (мазут – 29 000 тонна – 3 208,1 млн. теңге; көмір  – 192 368  тонна – 1 846,7 млн. теңге, газ – 5 708 мың м³ - 198,2 млн. теңге)  – 5,3 млрд. теңге;

- елді мекендерді шаруашылық-ауыз сумен қамту үшін жер асты суларына іздестіру-барлау жұмыстарын ұйымдастыруға және жүргізуге – 345,1 млн. теңге;

- облыстың елді мекендерін газдандыруға – 435 млн. теңге;

- елді мекендердің ауыз су жүйелерін күрделі және ағымдағы жөндеу бойынша 5 жобаны жүзеге асыруға – 395 млн. теңге;

- жерлеу орындарын ұстау және туыстары жоқ адамдарды жерлеуге – 30,3 млн. теңге;

- Талдықорған қаласын газдандыру жүйелерін қолдануды ұйымдастыруға – 32,2 млн. теңге;

- көппәтерлі тұрғын үйлерде энергетикалық аудит жүргізуге – 7 млн. теңге;

- ауыз сумен қамтудың баламасыз көзі болып табылатын аса маңызды топтық сумен қамту жүйесінен ауыз су беру қызметтерінің құнын субсидиялауға –                              37,6 млн. теңге.

 

2020 – 2022 жылдарға арналған даму бюджетінің жобасы -76,1 млрд.теңгені құрады, оның ішінде 2020 жылға – 31,6 млрд.теңге қарастырылған, оның ішінде:

- халықтың әлеуметтік осал топтары мен аз қамтылған көп балалы отбасылар үшін тұрғын үй салуға – 11,8 млрд.теңге (РБ - 2 млрд. теңге, ЖБ- 9,8 млрд. теңге);

- 41 жоба бойынша инженерно-коммуникациялық желілердің құрылысына  – 9,1 млрд.теңге (РБ -2,4 млрд.теңге, ЖБ – 6,7 млрд.теңге);

 - 43 жоба бойынша сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамытуға  – 10,7 млрд.теңге (РБ - 7,2 млрд.теңге, ЖБ - 3,5 млрд.теңге).

 

«Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік» 8-функционалдық топ бойынша

 

Осы топ бойынша негізгі міндеттер болып төмендегілер табылады:

- мәдениет және спорт мекемелерінің құрылысы, күрделі жөндеу және материалдық-техникалық базасын нығайту;

- кешенді спорттық-бұқаралық шараларды өткізу, республикалық және халықаралық жарыстарға қатысу;

- ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету және ҮЕҰ мемлекеттік қолдау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру;

 - жастар тәжірибесі шараларын іске асыру.

Жоғарыда аталған міндеттерді қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету үшін облыстың 2020-2022 жылдарға арналған бюджетінің жобасында     56,9 млрд. теңге  көзделген, оның ішінде 2020 жылға  –  22,1 млрд. теңге:

 

Мәдениет саласының бюджеті – 7,4 млрд. теңге, оның ішінде:

- 13 облыстық мәдениет мекемелерін ұстауға – 2,7 млрд.теңге;

- 40 аудандық және қалалық мәдениет мекемелерін ұстауға – 4 млрд.теңге;

  - 3 мәдениет нысандарын күрделі жөндеуге – 173,6 млн.теңге;

  - 23 мәдениет нысандарына ағымдағы жөндеу жұмыстарына-                           372,5 млн.теңге;

- мәдени іс-шараларды ұйымдастыруға – 200 млн.теңге;

- материалдық-техникалық базаны нығайтуға - 452,2 млн. теңге (бейнебақылау жүйесін орнатуға – 40,0 млн. теңге, өртке қарсы сигнал беру жүйесін орнатуға - 35,4 млн. теңге, пандустар орнатуға – 30,6 млн. теңге, турникеттер орнатуға  – 10,2 млн. теңге, ЛЭД экран сатып алуға – 194,0 млн. теңге, костюмдер тігуге – 74,0 млн. теңге).

 

Дене шынықтыру және спорт саласында ағымдағы шығыстарға– 11,9 млрд. теңге, оның ішінде:

- облыстық спорт ұйымдары мен кәсіби клубтарды ұстауға - 4,6 млрд. теңге

 облыстық спорт мектептері мен спорттағы дарынды балаларға арналған мектеп интернатын ұстауға - 3,5 млрд. теңге;

– облыстық, республикалық және халықаралық деңгейде спорттық іс-шараларды өткізуге-990,4 млн. теңге;

– аудандық спорт мектептерін ұстауға-2,6 млрд. теңге;

-аудандық деңгейде спорттық – бұқаралық іс-шараларды өткізуге-136,1 млн. теңге;

- облыстың спорт мекемелерінің МТБ нығайтуға-207,6 млн.теңге.

 

Ішкі саясат саласы бойынша – 1,5 млрд.тенге, оның ішінде:

- материалды-техникалық базаны ұстауға және нығайтуға -468,8 млн.тенге («Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметі» КММ  – 386,3 млн.тенге және «Талдау және болжау орталығы» КММ – 82,5 млн.тенге);

- мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізуге – 871 млн.тенге (Телеканал «Жетысу» ЖШС – 520 млн.тенге, «Өлке тынысы» ЖШС – 351млн.тенге);

- республикалық БАҚ–да мемлекеттік тапсырысты орналастыруға –                200 млн.тенге;

- мүгедектердің өмір сүру сапасын жақсартуға (сурдоаудармаға) –28,1 млн.тенге (оның ішінде РБ – 8,4 млн.тенге, ЖБ – 19,7 млн.тенге).

- МТБ- ны нығайтуға – 41,4 млн. тенге.

 

Жастар саясаты бойынша – 479,9 млн.тенге, оның ішінде:

  • МКК«Жастар ресурстық орталығы»   материалдық-техникалық базасын

ұстау және нығайту үшін – 388,4 млн.теңге     

- бойынша іс – шаралар өткізуге – 91,5 млн.теңге;

 

Дін саласы бойынша – 256,0 млн.тенге, оның ішінде:       

- Дін және діни экстремизм саласында зерттеу бойынша іс – шаралар өткізуге – 47,5 млн.теңге;

- «Зерттеу орталығының»   материалдық-техникалық базасын ұстау және нығайту  үшін– 208,5 млн.теңге.

 

Тілдерді дамыту  саласы бойынша – 147,5 млн.тенге, оның ішінде:

- Тілдерді дамыту бойынша іс – шаралар өткізуге – 20,7 млн.теңге;

- «Тіл әдістемелік орталығының»   материалдық-техникалық базасын ұстау және нығайтуға – 126,8 млн.теңге.

 

Туризм саласына – 487 млн. теңге қарастырылуда, оның ішінде:- «Алматы облыстық туризм және ақпараттық қызмет көрсету орталығы» МКҚК-нын  ұстауға – 43 млн.теңге;

- іс-шаралар ұйымдастыру шығындарына – 444 млн.теңге.

 

Осы топ бойынша 2020-2022 жылдарға арналған даму бюджетінің жобасы  -  10,3 млрд. теңгені құрады, оның ішінде 2020 жылға – 1,4 млрд. теңге:

- дене шынықтыру – сауықтыру кешендерінің құрылысын бастауға және аяқтауға - 1,2 млрд.теңге (аяқтауға: Райымбек ауданы Нарынқол ауылы, бастауға: Алакөл ауданы Достық ауылы;

- жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеуге - 244,4 млн.теңге қарастырылған.

 

 «Отын-энергетикалық кешен және жер қойнауын пайдалану»

9-функционалдық топ бойынша

 

2020-2022 жылдарға арналған газ тасымалдау жүйесін дамытуға -  9,6 млрд. теңге қарастырылған, оның ішінде 2020 жылға – 1,9 млрд. теңге, оның ішінде:

- Талдықорған қаласындағы №3 қазандықты қайта жаңғыртуды бастауға– 1,2 млрд. теңге;

- 3 елді мекенді электрмен жабдықтауды қамтамасыз етуге - 534 млн.теңге (Еңбекшіқазақ – 1 аем, Жамбыл – 2 аем);

- жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеуге – 295,4 млн.теңге.

«Ауыл, орман, су шаруашылығы және жер қатынастары»

10 функционалдық тобы бойынша

 

2017 жылдан бастап, нарықта сұранысқа ие, бәсекеге қабілетті өнім өндірісін қамтамасыз етуге бағытталған Агроөнеркәсіп кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған жаңа мемлекеттік бағдарламасы іске асырылады. Ауыл шаруашлығы тауарларын өндірушілерді барынша қамтумен мемлекеттік қолдаудың тиімділігі мен қол жетімділігіне ерекше назар аударылады.

2020-2022 жылдарға арналған бюджет жобасында осы топ бойынша қойылған міндеттерді іске асыру үшін 123,2 млрд. теңге сомасында қажетті қаржы ресурстары қарастырылды  2020 жылға – 43,2 млрд. теңге, оның ішінде:

Ауыл шаруашылығы бойынша шығыстар 39,6 млрд. теңгені құрады:

-  өсімдік шаруашылығын субсидиялауға – 8,5 млрд. теңге;

-  мал шаруашылығын субсидиялауға – 15,3 млрд. теңге;

  - басқалары – 15,8 млрд.теңге.

Республикалық бюджет қаражаты есебінен – 14,2 млрд. теңге қарастырылды, оның ішінде:

- несиелер, сондай-ақ технологиялық құралдар мен ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялауға –                          2,2 млрд.теңге;

- агроөнеркәсіп кешені субъектісінің инвестициялық салымдар кезіндегі шығындарының бір бөлігін өтеуге – 7,9 млрд.теңге;

- агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қаржылық сауықтыру жөніндегі бағыт шеңберінде кредиттік және лизингтік міндеттемелер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау – 5,2 млн.теңге;

- нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу үшін бюджеттік кредиттер беру – 4,1 млрд.теңге.

 

Ветеринария бойынша  шығыстар 3,6 млрд. теңгені құрады, оның ішінде:

- эпизотикалыққа қарсы шараларды жүргізуге – 3,2 млрд.теңге;

- қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды ұйымдастыруға – 100 млн.теңге;

- ауру жануарларды санитарлық союды ұйымдастыруға және құнын өтеуге – 93 млн.теңге;

- жануарлардың энзоотикалық аурулары бойынша ветеринарлық шараларды өткізуге – 6,4 млн.теңге;

- ветеринарлық препараттарды уақытша сақтау пунктіне дейін тасымалдау қызметтеріне –19,2 млн.теңге;

- «Ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіру» бағдарламалық өніміне абоненттік-техникалық қызмет көрсетуге және жануарларды сырғалау жұмыстарына – 244,6  млн.теңге;

-  орталықтандырылған түре ветеринарлық препараттарын сатып алуға, оларды сақтауды және тасымалдауды ұйымдастыруға, ауру жануарлардың алдын алу және тексеру жөніндегі қызметтерге – 8,3 млн.теңге.

Қоршаған ортаны қорғау бойынша шығыстар 800,4  млн.теңгені құрады:

- Қаратал және Іле өзендерін механизациялық тазартуға – 800,4 млн. теңге.

  Орман шаруашылығы бойынша шығыстар 2 млрд. теңгені құрады, оның ішінде:

 - 14 мемлекеттік мекемелерді ұстауға – 1,8 млрд. теңге;

- арнайы техника сатып алуға –208 млн. теңге;

            Жануарлар әлемін қорғау бойынша шұғыл қызметті ұстауға – 44,3 млн. теңге шығындар қарастырылды.

Су шаруашылығы бойынша шығыстар 1,5 млрд.теңгені құрады:

- су объектілерінде су қорғау аймақтары мен жолақтарын орнатуға - 30,0 млн. теңге;

- суару каналдарының 6-ты объектісін күрделі жөндеуге және механизациялық тазартуға – 1,4 млрд.теңге;

-  3 аудадағы каналдарды паспорттауға – 52 млн.теңге.

Жер қатынастары бойынша шығыстар 489,1  млн. теңгені құрады:

- жердi аймақтарға бөлу жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру – 92 млн. теңге

           - жер кадастрлық карталар даярлайға, аудандар шекараларын белгілеу кезінде жүргізілетін жерге құрылысқа және ауданының жерге орналастыру жобаларын әзірлеу және картографиялық жоспарының материалдарын дайындауға – 104 млн.   теңге;

        - мемлекет мұқтаждары үшін жер учаскелерін алуға – 293,1 млн. теңге.

 

Ауылдық елді мекендерде жұмыс істеу және тұру үшін келген  білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, әлеуметтік қамтамасыз ету және агроөнеркәсіптік кешен саласы мамандарын тарту бойынша жұмыс жалғастыруда.

2020-2022 жылдары барлығы 2364 маман тарту көзделуде, бұл мақсатқа 9,1 млрд. теңге қарастырылған.

2020 жылы 832 маман 265100 теңге мөлшерінде  көтерме жәрдемақы және 587 маман 4,0 млн.тенге көлемінде пайызсыз несие алады, жалпы қаражат  көлемі  2,8 млрд. теңгені құрайды.

 

2020 жылға арналған даму бюджеті бойынша суару желілері объектілерін жобалауға және орман шаруашылығының әкімшілік ғимаратын салуға – 528,2 млрд. теңге қарастырылған.

 

«Сәулет және құрылыс қызметі»

11-функционалдық топ бойынша

 

Аталған функционалдық топ бойынша 2020-2022 жылдарға арналған бюджет жобасының шығыстары 2,4 млрд. теңгені құрады, соның ішінде 2020 жылға 1,2 млрд. теңге қарастырылды, оның ішінде:

- Алматы облысы аймақтарын дамытуды кешенді жоспарлаудың қалақұрылыс схемасын әзірлеуге – 213,1 млн. теңге;

- Алматы қаласының арнайы қала құрылысы аймағының егжей-тегжейлі жобалау жоспарын әзірлеуге – 960 млн. теңге.

 

 

 «Көлік және коммуникация»

12-функционалдық топ бойынша

 

Аталған функционалдық топ бойынша 2020-2022 жылдарға шығыстар  81,4 млрд. теңгені құрады, оның ішінде 2020 жылға – 30,9 млрд. теңге:

Автомобиль жолдары саласы бойынша 30,5 млрд. теңге көзделді, оның ішінде:

Облыстық маңызы бар жолдарға – 20,2  млрд. теңге,

- жолдарды күрделі жөндеуге – 2,6 млрд.теңге, оның ішінде республикалық бюджет қаражаты есебінен -1,3 млрд. теңге;

- жолдарды орташа жөндеуге – 11,9 млрд.теңге, оның ішінде республикалық бюджет қаражаты есебінен -5,8 млрд. теңге;

 - жолдарды ағымдағы жөндеуге және күтіп ұстауға – 5,8 млрд.теңге;

Аудандық және қалалық маңызы бар жолдарға – 10,2 млрд. теңге.

Жолаушы көлігі саласы бойынша 382,2 млн. теңге қарастырылды, оның ішінде:

- «Жетіген-Достық» әлеуметтік маңызды теміржол хабарламасын субсидиялауға – 85 млн.теңге;

- Талдықорған-Үшарал-Талдықорған әуе бағытын субсидиялауға – 297,2 млн.теңге.

 

Осы топ бойынша 2020-2022 жылдарға арналған даму бюджетінің жобасы  -  14 млрд. теңгені құрады, оның ішінде 2020 жылға – 5,8 млрд. теңге.

Республикалық бюджет есебінен 3 жол учаскесінің құрылысын жалғастыруға (Саркан және Ескелді аудандарында)- 3,4 млрд. теңге.

Жергілікті бюджет есебінен  – 2,4 млрд. теңге, оның ішінде:

- қоса қаржыландыруға - 914,5 млн. теңге;

- екі автомобиль жолдарының және 2 жерүсті жаяу жүргіншілер өткелдерінің құрылысын аяқтауға - 1,3 млрд. теңге (Қарасай ауданы Шамалған станциясы -1,2 млрд. теңге, "Есік-Александровка" – 153,4 млн. теңге);

- жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеуге – 42,2 млн. теңге.

 

 «Басқалары»

13-функционалдық топ бойынша

 

- «2020 жылға дейін өңірлерді дамыту» бағдарламасы шеңберінде «Жергілікті өзін-өзі басқаруды қаржылау қолдау» басымдылығы бойынша 143 жобаны іске асыруға – 1,3 млрд. теңге;

Кәсіпкерлікті қолдауға:

- «Бизнестің жол картасы - 2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жеке кәсіпкерлікті қолдау» бағдарламасының аясында 2,1 млрд. теңге, оның ішінде республикалық бюджет қаражаты есебінен - 278,6 млн. теңге (проценттік мөлшерлемені субсидиялауға, несиелерді кепілдендіруге, гранттар);

        - индустриялдық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау аясында іс-шараларды жүзеге асыруға («Сауда үздігі» және Қазақстанның үздік тауары " конкурстары") – 27,8 млн.теңге;

        - «Бизнестің жол картасы - 2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде ағымдағы іс-шараларды іске асыруға – 23,7 млн.теңге (индустриялық аймақтардың операторлық қызметтеріне ақы төлеуге);

- ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердің күрделі шығыстарына – 56,3 млн.тенге ("Жетісу" ӘКК" АҚ МТБ сатып алуға);

        - өңірлік деңгейдегі фронт-офис қызметін ұйымдастыруға – 375 млн. теңге;

- нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу үшін бюджеттік кредиттер беруге қоса қаржыландыруға - 413,8 млн. теңге;

- нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде микрокредиттерді ішінара кепілдендіру – 50 млн.теңге;

- нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде микроқаржы ұйымдарының операциялық шығындарын субсидиялау - 10 млн.теңге;

- облыстық орталықтарда, моноқалаларда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуге кредит беру – 39,2 млн.теңге;

- нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017- 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде микрокредиттерді ішінара кепілдендіру - 40 млн.теңге.

 

2020-2022 жылдарға арналған «Ауыл - Ел бесігі» арнайы жобасы аясында әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды жөндеу және салу бойынша 32 жобаны іске асыруға 5,9 млрд.теңге бөлу жоспарлануда, 2020 жылға -                              5,7 млрд.теңге, оның ішінде:

- республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен - ​​                                         4,9 млрд.теңге;

- жергілікті бюджеттен қосымша қаржыландыру - 756,2 млн.теңге.

 

Даму бюджеті

«2025 жылға дейінгі Бизнестің жол картасы» бағдарламасы шеңберінде 2020 жылы газбен жабдықтау, инженерлік-коммуникация, сумен жабдықтау және магистральды оптикалық желілерді жүргізуге ШОБ субъектілеріне - 3,9 млрд.теңге (РБ - 3,2 млрд.теңге, ЖБ - 660,9 млн.теңге) қарастырылған.«Өңірлерді 2025 жылға дейін дамыту» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 2020 жылға шағын және моноқалаларда бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға - 1,9 млрд.теңге (республикалық бюджеттен Қапшағай және Талдықорған қалаларының жылу желілерін қайта жаңғыртуды аяқтауға және Текелі қаласының қалдық қоймасын қалпына келтіруге  – 1,8 млрд.теңге, жергілікті бюджеттен қоса қаржыландыруға – 167,4 млн.теңге) қарастырылған.

 

Алматы облысының экономика

және бюджеттік жоспарлау

басқармасының басшысы Ж. Әмірханов

Дата публикации
23 ноября 2019