Облыстық Мәслихаттың 2020 жылғы облыстық бюджетке
өзгертулер енгізу туралы шешімінің жобасына
ТҮСІНДІРМЕ ХАТ
Мемлекет басшысының 2020 жылғы 24 қаңтарда Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтыған тапсырмасын орындау үшін облыста бюджет шығыстарын қайта қарау және бірқатар бағыттарды қысқарту жұмыстары жүргізілді, атап айтқанда, қымбат көлік пен жиһаз сатып алу, форумдар, семинарлар, конференциялар, іссапар шығыстарын өткізу; 2019 жыл ішінде қысқартуға бірнеше рет ұсынылған проблемалық Бюджеттік инвестициялық жобалар; кейінгі жылдарға көшірілуі мүмкін іс-шаралар; кейінге қалдыру шартымен көзделген бюджеттік инвестициялық жобалар бойынша.
Жүргізілген талдаудың қорытындысы бойынша ағымдағы жылдың бюджет шығыстарының жоспарын 2,2 млрд.теңгеге оңтайландыру ұсынылады, соның ішінде: өзге де өнімсіз шығыстар (оның ішінде көшірілуі мүмкін іс-шаралар) бойынша–529,3 млн.теңге, форум, конкурс, семинар, конференциялар өткізу іс-шараларына - 161,2 млн.теңге, негізгі құралдарды сатып алуға – 1,5 млрд.теңге.
Бюджет заңнамасының нормаларына сәйкес өткен жылы пайдаланылмаған нысаналы трансферттердің сомалары жоғары тұрған бюджетке қайтарылуға тиіс.
2019 жылдың қорытындысы бойынша республикалық бюджетке қайтаруға жататын трансферттердің қалдығы 517,3 млн.теңгені құрайды.
Сонымен қатар, қаржы жылының соңында бюджет қаражатының қалыптасқан бос қалдықтары есебінен денсаулық сақтау саласы бойынша ағымдағы шығындарға қосымша 96,1 млн. теңге бөлу ұсынылады, оның ішінде:
- "ДАМУ Мед" ақпараттық бағдарламаны сүйемелдеуге – 37,8 млн.теңге;
- Талдықорған қалалық көпсалалы ауруханасының материалдық техникалық базасын нығайтуға – 58,3 млн.теңге.
Даму бюджетінің шығындары бойынша қосымша қаражаттар қарастырылады:
- Қарасай ауданы Қаскелен қаласында блоктық-модульдік қазандық құрылысына – 300,0 млн.теңге;
- Талғар ауданы Бесқайнар ауылына әкімшілік ғимарат құрылысына – 220,0 млрд.теңге;
- Іле ауданы Байсерке аулындағы «Алматы-Сарыөзек» теміржолының 1660+526 шықырымында жаяу жүргіншілерге арналған аспалы көпір құрылысын аяқтауға– 22,0 млн.теңге;
- Талғар ауданы Талғар қаласында орталық аудандық ауруханаға 30 орындық инфекциялық бөлімшенің құрылысына жобалық-сметалық құжаттама әзірлеуге– 5,0 млн.теңге;
- Ақсу ауданының Матай және Арасан ауылдарына мәдениет үйінің құрылысына жобалық-сметалық құжаттама әзірлеуге – 10,0 млн.теңге.