Алматы облыстық мәслихатының 2019 жылғы 13 желтоқсандағы №55-82 Алматы облысының 2020-2022 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы жобасы

Облыстық Мәслихаттың 2020 жылғы облыстық бюджетке

өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы шешімінің жобасына

ТҮСІНДІРМЕ ХАТ

 

2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 106-бабының 4-тармағына сәйкес, бюджет шығындарын нақтылау бойынша келесі ұсыныстар енгізіледі.

Жұмыспен қамтудың жол картасы шеңберінде халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету үшін республикалық бюджеттен 30,4 млрд.теңге бөлінді, оның ішінде:

- Талдықорған қаласында 1200 орындық мектеп құрылысына, 37 мектеп пен екі балабақшаны күрделі жөндеуге – 20,6 млрд. теңге;

– 5 дәрігерлік амбулатория құрылысына және 4 денсаулық сақтау нысанын күрделі жөндеуге-3,2 млрд. теңге;

– 14 мәдениет үйін қайта жаңғыртуға және күрделі жөндеуге – 5,5 млрд. теңге;

- спорт объектілерін күрделі жөндеуге және туристік аймақтарда санитарлық – гигиеналық тораптарды орнатуға-1,1 млрд.теңге.

 

Сонымен қатар, республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен:

- жан басына шаққандағы қаржыландыруды сынақтан өткізуге – 48,0 млн.теңге;

- техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алушыларға мемлекеттік стипендияның мөлшерін ұлғайтуға және жергілікті бюджет қаражаты есебінен осы бағыт бойынша төленген шығыстардың сомасын өтеуге – 282,1 млн. теңге.

- вакциналарды және басқа да иммундық - биологиялық препараттарды сатып алуға – 740,1 млрд. теңге;

- техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларға мемлекеттік стипендия мөлшерін ұлғайтуға және шығыстардың осы бағыты бойынша жергілікті бюджет қаражаты есебінен төленген сомаларды өтеуге– 43 млн. теңге;

- жергілікті атқарушы органдардың денсаулық сақтау саласындағы ұйымдары қызметкерлерінің еңбекақысын арттыруға – 63,2 млн. теңге;

- қаржы лизингі шарттарында сатып алынған санитарлық көлік бойынша лизингтік төлемдерді өтеуге – 179,1 млн.теңге;

-  мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек төлеміне – 2,9 млрд.теңге;

- кепілдік берілген  әлеуметтік топтамаға, оның ішінде төтенше жағдайға байланысты азық-түлік-тұрмыстық жиынтықтармен қамтамасыз етуге – 5,8 млрд.теңге;

- еңбек нарығын дамытуға – 8,1 млрд.теңге;

- кохлеарлық импланттарға сөйлеу процессорларын ауыстыру және теңшеу жөніндегі көрсетілетін қызметтерге – 19,5 млн.теңге;

- жастар ресурстық орталығының материалдық-техникалық базасын нығайтуға – 20,0 млн.теңге.

- тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау – 200 млн. теңге;

- тыңайтқыштар (органикалықтарды қоспағанда) құнын субсидиялау – 100 млн.теңге;

- инвестициялар салынған жағдайда агроөнеркәсіптік кешен субъектісі көтерген шығыстардың бөліктерін өтеу - 1,1 млрд. теңге;

- агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау -  1,5 млрд. теңге;

- мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігін және сапасын арттыруды, асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды субсидиялау - 1 млрд. теңге;

- ауыл шаруашылығы малын, техниканы және технологиялық жабдықты сатып алуға кредит беру, сондай-ақ лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау - 3 млрд. теңге;

- «Бизнестің жол картасы - 2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жеке кәсіпкерлікті қолдау» бағдарламасының аясында республикалық бюджеттен – 3,6 млрд. теңге қарастырылды (проценттік мөлшерлемені субсидиялауға, несиелерді кепілдендіруге);

- «Ауыл-Ел бесігі» арнайы жобасы шеңберінде әлеуметтік, инженерлік және көлік инфрақұрылымдарын қайта жаңғырту мен жөндеу бойынша 29 жобаны жүзеге асыруға – 8,6 млрд. теңге;

- Қазақстан Республикасында төтенше жағдай режимінде коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша халықтың төлемдерін өтеуге – 7,4 млрд. теңге.

-Талғар ауданының Талхиз қаласын айналып өту автомобиль жолын қайта жаңғыртуды, Қарасай ауданының "Алматы - Астана - Алматы а/ж 1 - Шамалған - Ұзынағаш ст. қайта жаңғырту ұзындығы 6,1 км" жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеуді аяқтауға бағытталады-382,9 млн. теңге.

 

Жергілікті бюджет қаражаты есебінен мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асыру үшін жұмыс істеп тұрған мектепке дейінгі балалар мекемелерін ұстауға – 700,0 млн.теңге.

 

Алматы облысының экономика және

бюджеттік жоспарлау басқармасының

басшысы Ж. Әмірханов

Дата публикации
13 мая 2020