Алматы облысының 2014-2016 жылдарға арналған негізгі бюджет параметрлеріне ақпарат
2013 жылы жергілікті бюджетке түскен салықтар мен алымдар бойынша 92,7 млрд. теңгені құрайды – 123,6%. 2012 жылға қарағанда түсімдер – 11,7 млрд. теңгеге немесе 14,5 пайызға артады.
Облыс бюджетінің шығыс бөлігі – 290,8 млрд. теңгені құрады.
Ағымдағы жылы қаржыландырудың басым бағыттары - Әлеуметтік-мәдени шараларға – 164,5 млрд. теңге бағытталды, бұл шығыстардың жалпы көлемінің 56,6 пайызын құрайды. 2012 жылға қарағанда аталған сала бойынша шығыстар 15,6 пайызға ұлғайды, оның ішінде білім беруге – 2,3 пайыз, денсаулыққа – 49,4 пайыз, әлеуметтік қамтусыздандыру – 28,2 пайыз.
Ауыл шаруашылығының шығысы 12,4 пайызға артты.
2014-2016 жылдарға арналған облыстық бюджет жобасы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының «Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» кодексіне сәйкес, Президенттің Қазақстан халқына Жолдауларында қойылған міндеттердің, жалпы сипаттағы трансферттер есептеу әдістемесінің және кірістердің түсімін болжау әдістемесінің негізінде әзірленді.
Сондай-ақ, бюджетті қалыптастыру кезінде Мемлекеттік үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы, білім беруді дамыту және «Саламатты Қазақстан» бағдарламалары, сондай-ақ облыс аумағын дамыту бағдарламасы есепке алынды.
2014-2016 жылдарға арналған бюджет жобасын есептеу кезінде төмендегілер ескерілді:
серпіні;
ағымдағы мақсатты трансферттер;
көлемін 7 пайыз мөлшері аралығында тұтыну бағасының көрсеткішіне көбеюі;
2014-2016 жылдарға арналған бюджет бойынша
Үш жылдық кезеңге арналған бюджеттің кірістері мен шығыстарының көлемі талқыланып, Экономика және бюджеттік жоспарлау және басқа да салалық министрліктермен келісілді.
2 Слайд
Бюджет кірістері
Қазақстан Республикасының 2014 жыға арналған республикалық және жергілікті бюджеттер арасындағы жалпы сипаттағы трансферттер туралы Заңына сәйкес, Алматы облысы бойынша субвенция көлемі – 121,3 млрд. теңге сомасын құрады.
Республикалық бюджеттен 2014-2016 жылдарға нысаналы трансферттер көлемі 307,9 млрд. теңгені құрайды, оның ішінде 2014 жылға – 104,4 млрд. теңге сомасын құрады ағымдағы жылдың бекітілген сомасына 119,2 пайызға артты.
Өзіндік кірістер бойынша Алматы облысының бюджеті 2014 жылға 80,8 млрд. теңге сомасында анықталды.
Слайд 3
2014 жылға арналған кірістер түсімінің жалпы көлемінде салықтық түсімдер -95,1%-ды немесе 76,8 млрд. теңгені, салықтық емес түсімдер – 0,7%-ды немесе 0,6 млрд. теңгені, капиталмен жүргізілген операциялардан түсетін кірістер – 4,2%-ды немесе 3,4 млрд. теңгені құрайды.
Салық түсімдерінің негізгі көздері болып акциздер (69,4%) табылады, оның ішінде темекі өнімдеріне акциздер (60,6%), жеке табыс салығы (19,1%), әлеуметтік салық (8,2%).
4-слайд
Келесі үш жылға арналған бюджеттің шығыс бөлігінің жобасын қарастыруға көшсек, оның жалпы көлемі 929,7 млрд. теңгені құрайды.
2014 жылға арналған бюджет жобасы 310,1 млрд. теңге сомасында анықталды, бұл 2013 жылдың бекітілген бюджетінен 18,7 пайызға немесе 48,9 млрд. теңгеге артық.
5- слайд
Даму бюджеті
Нысандар құрылысы мен қайта жаңартуы басым бюджеттік инвестициялық жобалар тізіміне және Республикалық бюджеттен дамуға бөлінген нысаналы трансферттер көлеміне сәйкес анықталды.
6-слайд
2014 жылы бюджеттік инвестициялық жобалар бойынша қаржыландыру көлемі 85,7 млрд.теңгені құрайды деп жоспарланып отыр. Оның ішінде нысаналы трансферттердің дамуы үшін республикалық бюджет есебінен 52,1 млрд.теңге және жергілікті бюджеттен 33,6 млрд.теңге көзделген.
Әлеуметтік сала
Әлеуметтік сала бюджетін қалыптастыру кезінде мемлекеттік және аумақты дамыту бағдарламаларын, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, туризм және спорт жүйесін жетілдірудің жаңа тетіктері мен бағыттары белгіленді.
2014-2016 жылдарға арналған бюджетте әлеуметтік саланы дамытуға 567,7 млрд. теңге көзделуде немесе жалпы көлемнен 61,1 %.
8-слайд
Білім беру саласының бюджетін есептеу кезінде төмендегілер ескерілді:
- жұмыс жасамайтын, босатылған бала бақшаларды қайтару және күрделі жөндеу жүргізу, шағын орталықтар ашу және мемлекеттік тапсырысты жеке бала бақшаларға орналастыру арқылы мектепке жейінгі ұйымдар жүйесін арттыру;
- апаттық мектептердің орнына жаңа мектептер салу, үш ауысымды және бейімделген мектептердің проблемасын шешу;
- кең жолақты интернетке қол жеткізу жүйесін кеңейту, компьютер техникасын, интерактивті құралдарды, жаңа үлгідегі кабинеттер алу және тегін оқулықтармен қамтамасыз ету;
- мүмкіндіктері шектеулі әлеуметтік жетім балаларға инклюзивті білім беруді дамыту;
- білім беру мекемелерінің МТБ-н нығайту.
- білім мекемелерін бейне бақылау камераларымен қамтамасыз ету.
9-слайд
Жоғарыда аталған мақсаттарды жүзеге асыру үшін 2014 жылға арналған бюджет - 101,7 млрд. теңге, 2013 жылдың бекітілген бюджетіне қарағанда көбеюі – 22,2% немесе 18,5 млрд.теңгеге.
2014-2016 жылдарға арналған даму бюджетінің шығындары 67,1 млрд. теңге сомасында анықталды оның ішінде 2014 жылдың бюджетіне төмендегілердің есебінен 17,3 млрд. теңгеге жуық қаражат бағытталады:
Республикалық бюджет есебінен нысаналы трансферттер арқылы 3 нысанды сейсмикалық күшейтуге – 912 млн.тенге қарастырылған, (Текелі қаласының №6 бала бақша, Үштөбе қаласының №13 орта мектебі және Алматы экономикалық колледжі).
11 білім беру нысандарының құрылысы мен қайта жаңғыртуына – 6,2 млрд.тенге.
31 нысанның құрылысы мен қайта жаңғыртуына жергілікті бюджеттен – 10,1 млрд.тенге, 14 нысанның ЖСҚ-н даярлауға – 140,6 млн.тенге.
Жергілікті бюджет қаражаты білім беру объектілерінің апаттылығы мен көп ауысымдылығын жоюға, сондай-ақ оқушылардың жазғы демалысын қамтамасыз етуге бағытталады. Объектілер 2014-2016 жылдарға арналған басым бюджеттік инвестициялық жобалар тізіміне сәйкес анықталды.
Денсаулық сақтау саласын дамытуда негізгі міндеттер болып:
Денсаулық сақтау саласын дамытудың негізгі міндеттері облыс тұрғындарының денсаулығын күшейту, әлеуметтік маңызды ауруларды азайту, салауатты өмір салтын дамыту, Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесінде медициналық көмектің қол жетімділігі мен сапасын арттыру, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің жаңа үлгісін енгізу және медициналық ұйымдарды білікті кадрлармен қаматамасыз ету болып табылады.
Қойылған міндеттерді орындау үшін төмендегілер көзделуде:
- скринингтік зерттеулерді кеңінен енгізу;
- алғашқы медициналық-санитарлық көмек деңгейінде көрсетілетін қызмет көлемін айтарлықтай кеңейту;
- денсаулық сақтау ұйымдарының материалдық-техникалық жарақтануын нығайту және жетілдіру, дәрі-дәрмектік қамтамасыз етуді ары қарай дамыту;
- дәрігерлердің тапшылығын қысқарту және кәсібилігін арттыру.
Облыста турғындарға медициналық көмекеті 99 ұйым көрсетеді. Штат саны 27407,25 бірлікті құрайды, оның ішінде дәрігерлер 5613,0 шаттық бірлік, орта буын медицина кызметкерлері 11590,5 бірлік.
10-слайд
Қойылған міндеттерді жүзеге асыру үшін облыстың 2014-2016 жылдарға арналған бюджетте 182 млрд.теңге бөлу жоспарланды, оның ішінде, 2014 жылға арналған бюджет – 63 млрд. теңге, 2013 жылдың бекітілген бюджетіне қарағанда өсім – 18,4 %.
Ақысыз дәрі-дәрмектермен және арнайы балаларға арналған тамақ өнімдерімен қамтамасыз етуге 1,9 млрд.теңге қаралып отыр.
11-слайд
Республикалық бюджеттен 35,9млрд. теңге ағымдағы нысаналы трансферттер бөлінді, оның ішінде:
12-слайд
2014-2016 жылдарға арналған даму бюджетінің шығындары – 16,2 млрд. теңгені құрады, оның ішінде 2014 жылы- 10,2 млрд.тенге, ол 1 нысанның сейсмикалық күшейтуіне РБ-тен бөлінетін нысаналы трансферттер есебінен – 148,5 млн. теңге және 13 нысанның құрылысына және қайта жаңғыртуына - 5,5 млрд. теңге көзделген көзделуде.
Жергілікті бюджеттен 25 нысанның құрылысына және қайта жаңғыртуына – 4,3 млрд.теңге.
Азаматтарды әлеуметтік қамсыздандыруды жетілдіру үшін облыс аумағын дамыту бағдарламасында төмендегілер қарастырылды:
- еңбек нарығының қажеттіліктері мен жастар тәжірибесіне сәйкес, кәсіби білімді даярлау, қайта даярлау жүйесін дамыту;
- халықтың нысаналы топтарынан жұмыспен қамтылуды арттыру;
- арнайы әлеуметтік қызмет көрсетудің мемлекеттік стандарттарын енгізу;
- азаматтарды әлеуметтік қамсыздандыруды жетілдіру.
Қойылған мақсаттарды шешу үшін 2014-2016 жылдары 32,7 млрд. теңге көзделді, оның ішінде 2014 жылы – 10,3 млрд.теңге 2012 жылдың бекітілген бюджетіне қарағанда өсім – 7%.
2013 жылғы бюджетті дамыту жобасында жергілікті бюджет есебінен 235 млн. теңге жоспарланады жергілікті бюджет қаражаты есебінен Қапшағай қаласында тұрған ғимаратты мүгедек және қарт адамдарға арналған интернат ғимаратын қайта жаңғыртуға ЖСҚ-ны даярлауға – 910 мың. теңге.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңарту және дамыту бағдарламасының аясында келесі жылдан бастап, электр қуатымен, жылумен, сумен қамту және канализация жүйесін дамыту бойынша үш бюджетті бағдарлама әрекет етеді.
Аталған топ бойынша облыстың 2014-2016 жылдарға арналған бюджет - 121,9 млрд. теңге.
2014 жыл бюджеті 53,8 млрд.теңге сомасында анықталды оның ішінде ағымдағы шығыстар - 12,9 млрд. теңге, даму бюджеті – 40,9 млрд.теңге.
Ағымдағы шығыстар бойынша төмендегілер көзделуде:
14-слайд
Республикалық бюджеттен 2,2 млрд. теңге бөлінді, оның ішінде:
Жұмыспен қамту 2020 жол картасы жүзеге асыру аясында бірінші бағыт бойынша 2014 жылы 3,3 млрд. теңге бөлінді 59 жоба жүзеге асырылатын болады, (оның ішінде 656,8 млн. тенгеге тұрғын үй –коммуналдық шаруашылық нысандарын жөндеу 7 жоба, 2996,1 млн. теңгеге көлік инфрақұрылымды жөндеу бойынша 52 жоба).
Даму бюджеті бойынша:
Республикалық бюджет қаражаты есебінен 31,5 млрд. теңге
Жергілікті бюджет қаражаты есебінен 9,4 млрд. теңге бөлінді
Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік бойынша:
Аталған топ бойынша негізгі міндеттер болып төмендегілер табылады:
-материалдық-техникалық базаны нығайтуды есептегенде, жұмыс істеп тұрған және қайта ашылатын мәдениет және спорт мекемелерінің құрылысы, күрделі жөндеу;
-штатты үлгілі нормативтерге сәйкес, кезеңмен жинақтау;
-мәдениет мекемелерінің жүйесін дамыту және облыстың балалар мен жасөспірімдерге арналған топтарды кеңейту;
-кешенді спорттық жалпы шараларды өткізу, республикалық және халықаралық сайыстарға қатысу.
- ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету және үкіметтік емес ұйымдарды мемлекеттік қолдауға қатысты іс-шараларды іске асыруға;
- жастар саясаты шеңберінде іс-шараларды іске асыру.
Жоғарыда аталған міндеттерді қаражат ресурстарымен қамтамасыз ету үшін облыстың 2014-2016 жылдарға арналған бюджет жобасында - 23,1 млрд. теңге қарастырылды.
2014 жылы – 8,9 млрд. теңге.
Облыстың 2013-2015 жылдарға арналған бюджетінде – 24,9 млрд. теңге, 2013 жылы – 9,1 млрд. теңге қарастырылды.
Осы топ бойынша Даму бюджеті 2014 жылға 1,4 млрд.теңгені құрады.
«Отын-энергетикалық кешен жне жер қойнауын пайдалану»
9-функционалдық тобы бойынша
Облыстың газ-көліктік жүйесін дамытуға 2014-2016 жылдарға арналған бюджет жобасы 15,3 млрд. теңгені құрайды, оның ішінде 2014 жылға – 7,4 млрд. теңге оның ішінде:
Республикалық бюджет қаражаты есебінен «Алматы-Талдықорған» желілік газ құбырының құрылысына 4,7 млрд. теңге көзделді;
Жергілікті бюджет қаражаты есебінен – 2,7 млрд. теңге (Жамбыл ауданының «Қызылсөк» кірпіш зауытынан «Қазбек бек» станциясына дейін жоғары қысымдыжер асты газ құбырының және орта қысымды жер үсті газ құбырының құрылысына – 391,4 млн. теңге және «Алматы-Байсерке-Талғар» желілік газ құбырының құрылысына - 1,5 млрд. теңге ).
Ауыл шаруашылығы саласы бойынша 2011-2015 жылдарға арналған аудандар мен қалаларды дамыту бағдарламасына сәйкес, 2015 жылға жалпы өнім көлемі мен еңбек өнімділігін арттыру, өнімнің экспорттық әлеуетін ұлғайту, ет, сүт, жеміс және көкөніс өңдеу деңгейін 2 есеге арттыру міндеті қойылады.
2014-2016 жылдарға арналған бюджетте қойылған міндеттерді шешу үшін қажетті 33,1 млрд.теңге қаражат қарастырылды, оның ішінде 2014 жылға – 20,7 млрд.теңге.
16-слайд
2014 жылы аталған топ бойынша даму бюджеті 184,1 млн.теңге құрайды, оның ішінде Қаратал ауданындағы Қаратал өзенінде Балық қорғау имаратының құрылысына 127,3 млн.тенге, Панфилов ауданындағы Жаркент қаласында қатты тұрмыстық қалдық полигонының құрылысын аяқтауға – 9,7 млн.тенге және 6 қатты тұрмыстық қалдық полигондарының ЖСҚ-н даярлауға – 47 млн.тенге (Ақсу ауданының Жансүгіров к, Іле аданының Өтеген батыр а., Көксу ауданының Көксу бекеті, Панфилов ауданының Көктал а., Сарқан ауданының Сарқан қ және Райымбек ауданының Кеген а.).
Сәулет жіне құрылыс қызметі саласы бойынша 2014-2016 жылдарға арналған бюджет - 4,7 млрд.теңгені, оның ішінде 2014 жылы 2,3 млрд. теңгені құрады.
«Көлік және коммуникация»
Облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының сапасын арттыру, елді мекендердегі көшелерді жақсы және қанағаттанарлық жағдайда ұстау үшін 2014-2016 жылдарға арналған бюджет жобасында 31,4 млрд. теңге сомасында қаражат қарастырылды.
2014 жылға арналған бюджетте ағымдағы шығындар 10,3 млрд. теңгені құрады, оның ішінде:
жергілікті бюджет қаражаты есебінен жалпы пайдаланылатын жолдарды жөндеуге– 5,3 млрд. теңге;
Республикалық бюджет қаражаты есебінен 2 млрд. теңге:
2014-2016 жылдарға арналған даму бюджеті бойынша РБ қаражаты есебінен 2,9 млрд.теңге көзделуде, оның ішінде 2014 жылы - 1 млрд. теңге («Елімай-Премьера» және «Бірлік-Алмалық-Рысқұлов-Қазстрой-Ақбұлақ» автожолын қайта жөндеу).
«Басқалары»
2014-2016 жылдарға арналған бюджет осы топ бойынша – 20,7 млрд. теңгені құрайды, оның ішінде 2014 жылы – 8,9 млрд. теңге.
Моноқалаларды дамытуға арналған бағдарламаның аясында 2014 жылға 1007,6 млн. теңге қарастырылды.
«2020 жылдарға дейінгі Бизнестің жол картасы» бағдарламасы шеңберінде 2014 жылы – 3,5 млрд.теңге көзделген.
Даму бюджеті бойынша
2014 жылы «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасының аясында индустриалды инфрақұрылымды дамытуға РБ қаражаты есебінен – 3,5 млрд.теңге қарастырылды.