Алматы облысының 2015-2017 жылдарға арналған облыстық бюджетінің азаматтық бюджетті (қазан)

Алматы облысының 2015 жылға

 арналған облыстық бюджетінің

азаматтық бюджеті

 

Облыстық бюджет Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының «2015-2017 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңына, «2014-2016 жылдарға арналған республикалық және облыстық, респуликалық маңызы бар қала, астана бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы» Заңына сәйкес, әлеуметтік-экономикалық даму болжамы негізінде әзірленді.  

Сондай-ақ, бюджетті қалыптастыру кезінде Мемлекеттік үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы, білім беруді дамыту және «Саламатты Қазақстан» бағдарламалары, және облыс аумағын дамыту бағдарламасы есепке алынды.

 

Бюджетті  есептеу кезінде төмендегілер ескерілді: 

- салық заңнамасында ставкалардың өзгеруі, өткен қаржы жылындағы кірістер серпіні;

- жаңа объектілерді іске қосу есебінен салық базасының артуы;

- бір жолғы сипаттағы түсімдер;

- тұрақты сипатқа ие, субвенция көлемінде республикалық бюджеттен берілген    ағымдағы мақсатты трансферттер;

- реттелетін кірістерді бөлу нормативтері;

- Республиканың ӘЭД-ң болжамы негізінде кірістер    мен ағымдағы шығыстар

көлемін 7 пайыз мөлшері аралығында  тұтыну бағасының көрсеткішіне көбеюі;

ҚР-ның республикалық және жергілікті бюджеттер арасындағы жалпы сипаттағы трансферттер туралы Заңына сәйкес Алматы облысы бойынша  2015 жылға субвенция көлемі – 102,8 млрд. теңге сомасын құрады.

 

Бюджет кірістері

 

Облыстық бюджетің 2015 жылғы өзіндік кірістері– 30,4 млрд. теңге сомасында анықталды.  

Кірістер түсімінің жалпы көлемінде салықтық түсімдер -91,1%-ды  немесе 27,7 млрд. теңгені, салықтық емес түсімдер – 8,6%-ды немесе 2,6 млрд. теңгені құрайды.

Салық түсімдерінің негізгі көздері болып жеке табыс салығы (54,9%), әлеуметтік салық (40,8%), табиғи және басқа ресурстарды пайдаланғаны үшін түсетін түсімдер (4,3%) табылады.

Жеке табыс салығы 15,2 млрд. теңге сомасында, әлеуметтік салық 11,3 млрд. теңге сомасында анықталған.

Табиғи және басқа ресурстарды пайдаланғаны үшін түсетін түсімдер 1,2 млрд. теңге сомасында анықталған, бұл 2014 жылғы деңгейден 9,4%-ға артық.

Салықтар және басқа да төлемдер көлемі бекітілген Бюджет түсімдерін болжамдау әдістемесіне сәйкес есептелді.

 

Бюджет шығыстары

 

2015 жылға облыстық бюджеттің шығыстары 305,8 млрд. теңгені құрайды. оның ішінде әлеуметтік салаға бағытталатын шығындарының көлемі (130,5 млрд.теңге) – 42,7 % құрайды .   

         Әлеуметтік сала бюджетін қалыптастыру кезінде аумақты дамыту бағдарламасымен қатар, Мемлекеттік білім беруді дамыту бағдарламасы, Мемлекеттік «Балапан» бағдарламасы, «Салауатты Қазақстан» сонымен қатар діндік экстримизм және терроризмге қарсы мемлекеттік бағдарламалары назарға алынды,   осыларға сәйкес, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, туризм және спорт жүйесін жетілдірудің жаңа тетіктері мен бағыттары белгіленді.

Білім беру саласында төмендегілер көзделді:

- апаттық мектептердің орнына жаңа мектептер салу, үш ауысымды және  бейімделген мектептердің проблемасын шешу;

- кең жолақты интернетке қол жеткізу жүйесін кеңейту, компьютер техникасын, интерактивті құралдарды, жаңа үлгідегі кабинеттер алу және тегін оқулықтармен қамтамасыз ету;

- мүмкіндіктері шектеулі әлеуметтік жетім балаларға инклюзивті білім беруді дамыту;

- білім беру мекемелерінің МТБ-н нығайту.

- білім мекемелерін бейне бақылау камераларымен қамтамасыз ету.

Денсаулық сақтау  саласын дамытудың негізгі міндеттері облыс тұрғындарының денсаулығын күшейту, әлеуметтік маңызды ауруларды азайту, салауатты өмір салтын дамыту, Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесінде медициналық көмектің қол жетімділігі мен сапасын арттыру, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің жаңа үлгісін енгізу және медициналық ұйымдарды білікті кадрлармен қаматамасыз ету болып табылады.

Қойылған міндеттерді орындау үшін төмендегілер көзделуде:

- скринингтік зерттеулерді кеңінен енгізу;

- алғашқы медициналық-санитарлық көмек деңгейінде көрсетілетін қызмет көлемін айтарлықтай кеңейту;

- денсаулық сақтау ұйымдарының материалдық-техникалық жарақтануын нығайту және жетілдіру, дәрі-дәрмектік қамтамасыз етуді ары қарай дамыту;

- дәрігерлердің тапшылығын қысқарту және кәсібилігін арттыру.

Облыс аумағын дамыту бағдарламасында азаматтарды әлеуметтік қамсыздандыруды жетілдіру үшін төмендегілер қарастырылды:

- еңбек нарығының қажеттіліктері мен жастар тәжірибесіне сәйкес, кәсіби білімді даярлау, қайта даярлау жүйесін дамыту;

- халықтың нысаналы топтарынан жұмыспен қамтылуды арттыру;

- арнайы әлеуметтік қызмет көрсетудің мемлекеттік стандарттарын енгізу;

- азаматтарды әлеуметтік қамсыздандыруды жетілдіру.

Мәдениет және спорт бойынша негізгі міндеттер болып төмендегілер табылады:

-штатты үлгілі нормативтерге сәйкес, кезеңмен жинақтау;

-мәдениет мекемелерінің жүйесін дамыту және облыстың балалар мен жасөспірімдерге арналған топтарды кеңейту;

-кешенді спорттық жалпы шараларды өткізу, республикалық және халықаралық сайыстарға қатысу.

- ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету және үкіметтік емес ұйымдарды мемлекеттік қолдауға қатысты іс-шараларды іске асыруға;

- жастар саясаты шеңберінде іс-шараларды іске асыру;

-материалдық-техникалық базаны нығайтуды есептегенде, жұмыс істеп тұрған және қайта ашылатын мәдениет және спорт мекемелерінің құрылысы, күрделі жөндеу.   

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңарту және дамыту бағдарламасының аясында 2015 жылдан  бастап, электр қуатымен, жылумен, сумен қамту және канализация жүйесін дамыту бойынша үш бюджеттік бағдарлама әрекет етеді.

Жұмыспен қамту 2020 жол картасы жүзеге асыру аясында бірінші бағыт бойынша 2015 жылы 1,5 млрд. теңге бөлінді 49 жоба жүзеге асырылатын болады, (0,5 млрд.теңгеге әлеуметтік нысандарын жөндеу бойынша 19 жоба, 0,4 млрд. теңгеге электрлендіру және су құбыры жуелерін жөндеу бойынша 8 жоба, 0,6 млрд.теңгеге ауылдарды абаттандыру бойынша 22 жоба,).

Ауыл шаруашылығында жалпы өнім көлемі мен еңбек өнімділігін 2 есе арттыру, өнімнің экспорттық әлеуетін арттыру, ет, сүт, жеміс және көкөніс өңдеу деңгейін арттыру міндеттері қойылады.

Автокөлік жолдарының сапасын арттыру және жақсы қанағаттанарлықтай жағдайда үстау үшін 2015 жылдың бюджетінде 16,5 млрд.теңге сомасында қаражат қарастырылды.

Кәсіпкерлікті қолдауға республикалық бюджет  қаражаты есебінен 2015 жылы «Бизнестің жол картасы -2020» бағдарламасы аясында 2,4 млрд. теңге бөлінді (бағдарлама шеңберінде жеке кәсіпкерлікті  қолдауға, кредиттер бойынша проценттік ставкаларды субсидиялау, шағын және орта бизнеске кредиттерді ішінара кепілдендіру, бизнес жүргізуді сервистік қолдау);

Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасының аясында Текелі қаласының Кешенді даму жоспарын жүзеге асыру үшін республикалық бюджет есебінен 0,4 млрд. теңге қарастырылды

Нысандардың құрылысы мен қайта жаңартуы басым бюджеттік инвестициялық жобалар тізіміне және Республикалық бюджеттен дамуға бөлінген нысаналы трансферттер көлеміне сәйкес анықталды.

Шығыстар саясаты ағымдағы шығыстар денгейін экономиканың өсу қарқынынан аспайтын шекте тежеу қағидасына сәкес келетін болады.

Дата публикации
25 ноября 2015