Алматы облысының 2016-2018 жылға
арналған облыстық бюджетінің
азаматтық бюджеті
Облыстық бюджет Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының «2015-2017 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңына, «2014-2016 жылдарға арналған республикалық және облыстық, респуликалық маңызы бар қала, астана бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы» Заңына сәйкес, әлеуметтік-экономикалық даму болжамы негізінде әзірленді. Облыс бюджеті 2015 жылғы 14 желтоқсандағы «Алматы облысының 2016-2018 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы» №51-287 шешімімен бекітілді.
Сондай-ақ, бюджеттік қалыптастыру кезінде Мемлекеттік үдемелі индустриялды-инновациялық даму, білім беруді дамыту және «Денсаулық» бағдарламалары, сондай-ақ облыс аумағын дамыту бағдарламасы ескерілді.
2016-2018 жылдарға арналған бюджет жобасын есептеу кезінде төмендегілер ескерілді:
өткен қаржы жылындағы түсімдер серпіні;
ҚР-ның республикалық және жергілікті бюджеттер арасындағы жалпы сипаттағы трансферттер туралы Заңына сәйкес Алматы облысы бойынша 2015 жылға субвенция көлемі – 91,1 млрд. теңге сомасын құрады.
Бюджет кірістері
Облыстық бюджетің 2015 жылғы өзіндік кірістері– 31,9 млрд. теңге сомасында анықталды.
Кірістер түсімінің жалпы көлемінде салықтық түсімдер -99,4%-ды немесе 31,7 млрд. теңгені, салықтық емес түсімдер – 0,6%-ды немесе 0,2 млрд. теңгені құрайды.
Салық түсімдерінің негізгі көздері болып жеке табыс салығы (49,2%), әлеуметтік салық (46,1%), табиғи және басқа ресурстарды пайдаланғаны үшін түсетін түсімдер (4,7%) табылады.
Жеке табыс салығы 15,6 млрд. теңге сомасында, әлеуметтік салық 14,6 млрд. теңге сомасында анықталған.
Табиғи және басқа ресурстарды пайдаланғаны үшін түсетін түсімдер 1,5 млрд. теңге сомасында анықталған.
Бюджет шығыстары
2015 жылға облыстық бюджеттің шығыстары 289,6 млрд. теңгені құрайды. оның ішінде әлеуметтік салаға бағытталатын шығындарының көлемі (130,5 млрд.теңге) – 45,9 % құрайды .
Әлеуметтік сала бюджетін қалыптастыру кезінде аумақты дамыту бағдарламасымен қатар, Мемлекеттік білім беруді дамыту бағдарламасы, Мемлекеттік «Балапан» бағдарламасы, «Салауатты Қазақстан» сонымен қатар діндік экстримизм және терроризмге қарсы мемлекеттік бағдарламалары назарға алынды, осыларға сәйкес, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, туризм және спорт жүйесін жетілдірудің жаңа тетіктері мен бағыттары белгіленді.
Білім беру саласында төмендегілер көзделді:
- апаттық мектептердің орнына жаңа мектептер салу, үш ауысымды және бейімделген мектептердің проблемасын шешу;
- кең жолақты интернетке қол жеткізу жүйесін кеңейту, компьютер техникасын, интерактивті құралдарды, жаңа үлгідегі кабинеттер алу және тегін оқулықтармен қамтамасыз ету;
- мүмкіндіктері шектеулі әлеуметтік жетім балаларға инклюзивті білім беруді дамыту;
- білім беру мекемелерінің МТБ-н нығайту.
- білім мекемелерін бейне бақылау камераларымен қамтамасыз ету.
Денсаулық сақтау саласын дамытудың негізгі міндеттері облыс тұрғындарының денсаулығын күшейту, әлеуметтік маңызды ауруларды азайту, салауатты өмір салтын дамыту, Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесінде медициналық көмектің қол жетімділігі мен сапасын арттыру, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің жаңа үлгісін енгізу және медициналық ұйымдарды білікті кадрлармен қаматамасыз ету болып табылады.
Қойылған міндеттерді орындау үшін төмендегілер көзделуде:
- скринингтік зерттеулерді кеңінен енгізу;
- алғашқы медициналық-санитарлық көмек деңгейінде көрсетілетін қызмет көлемін айтарлықтай кеңейту;
- денсаулық сақтау ұйымдарының материалдық-техникалық жарақтануын нығайту және жетілдіру, дәрі-дәрмектік қамтамасыз етуді ары қарай дамыту;
- дәрігерлердің тапшылығын қысқарту және кәсібилігін арттыру.
Облыс аумағын дамыту бағдарламасында азаматтарды әлеуметтік қамсыздандыруды жетілдіру үшін төмендегілер қарастырылды:
- еңбек нарығының қажеттіліктері мен жастар тәжірибесіне сәйкес, кәсіби білімді даярлау, қайта даярлау жүйесін дамыту;
- халықтың нысаналы топтарынан жұмыспен қамтылуды арттыру;
- арнайы әлеуметтік қызмет көрсетудің мемлекеттік стандарттарын енгізу;
- азаматтарды әлеуметтік қамсыздандыруды жетілдіру.
Мәдениет және спорт бойынша негізгі міндеттер болып төмендегілер табылады:
-штатты үлгілі нормативтерге сәйкес, кезеңмен жинақтау;
-мәдениет мекемелерінің жүйесін дамыту және облыстың балалар мен жасөспірімдерге арналған топтарды кеңейту;
-кешенді спорттық жалпы шараларды өткізу, республикалық және халықаралық сайыстарға қатысу.
- ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету және үкіметтік емес ұйымдарды мемлекеттік қолдауға қатысты іс-шараларды іске асыруға;
- жастар саясаты шеңберінде іс-шараларды іске асыру;
-материалдық-техникалық базаны нығайтуды есептегенде, жұмыс істеп тұрған және қайта ашылатын мәдениет және спорт мекемелерінің құрылысы, күрделі жөндеу.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңарту және дамыту бағдарламасының аясында 2015 жылдан бастап, электр қуатымен, жылумен, сумен қамту және канализация жүйесін дамыту бойынша үш бюджеттік бағдарлама әрекет етеді.
Жұмыспен қамту 2020 жол картасы жүзеге асыру аясында бірінші бағыт бойынша 2015 жылы 1,9 млрд. теңге бөлінді 19 жоба жүзеге асырылатын болады, (1,0 млрд.теңгеге әлеуметтік нысандарын жөндеу бойынша 10 жоба, 0,4 млрд. теңгеге жолдарды жөндеу бойынша 3 жоба, 0,5 млрд.теңгеге ауылдарды абаттандыру бойынша 6 жоба).
Ауыл шаруашылығында жалпы өнім көлемі мен еңбек өнімділігін 2 есе арттыру, өнімнің экспорттық әлеуетін арттыру, ет, сүт, жеміс және көкөніс өңдеу деңгейін арттыру міндеттері қойылады.
Автокөлік жолдарының сапасын арттыру және жақсы қанағаттанарлықтай жағдайда үстау үшін 2016 жылдың бюджетінде 14,7 млрд.теңге сомасында қаражат қарастырылды.
Кәсіпкерлікті қолдауға республикалық бюджет қаражаты есебінен 2016 жылы «Бизнестің жол картасы -2020» бағдарламасы аясында 1,9 млрд. теңге бөлінді (бағдарлама шеңберінде жеке кәсіпкерлікті қолдауға, кредиттер бойынша проценттік ставкаларды субсидиялау, шағын және орта бизнеске кредиттерді ішінара кепілдендіру, бизнес жүргізуді сервистік қолдау);
Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасының аясында Текелі қаласының Кешенді даму жоспарын жүзеге асыру үшін республикалық бюджет есебінен 0,6 млрд. теңге қарастырылды.
Нысандардың құрылысы мен қайта жаңартуы басым бюджеттік инвестициялық жобалар тізіміне және Республикалық бюджеттен дамуға бөлінген нысаналы трансферттер көлеміне сәйкес анықталды.
Шығыстар саясаты ағымдағы шығыстар денгейін экономиканың өсу қарқынынан аспайтын шекте тежеу қағидасына сәкес келетін болады.