Алматы облысының 2017-2019 жылға арналған облыстық бюджетінің азаматтық бюджеті

Алматы облысының 2017-2019 жылға

 арналған облыстық бюджетінің

азаматтық бюджеті

 

Облыстық бюджет Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының «2017-2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңына, «2017-2019 жылдарға арналған республикалық және облыстық, респуликалық маңызы бар қала, астана бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы» Заңына сәйкес, әлеуметтік-экономикалық даму болжамы негізінде әзірленді.  Облыс бюджеті 2016 жылғы 9 желтоқсандағы «Алматы облысының 2017-2019 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы» №11-54 шешімімен бекітілді.

Сондай-ақ, бюджетті қалыптастыру кезінде Мемлекеттік және салалық бағдарламалары, сондай-ақ облыс аумағын дамыту бағдарламасы ескерілді.

2017-2019 жылдарға арналған бюджет жобасын есептеу кезінде төмендегілер ескерілді:

  1. салық заңнамасында мөлшерлемелерді өзгерту,

    өткен қаржы жылындағы түсімдер серпіні;

  1. жаңа объектілерді енгізу есебінен салық базасын арттыру;
  2. бір жолғы сипаттағы түсімдер;
  3. РБ-дан субвенция көлемінде берілген, тұрақты сипатқа ие ағымдағы нысаналы трансферттер;
  4. Бюджеттік кодекстің 40-банының негізінде реттелетін кірістерді бөлу нормативтері;
  5. Республиканың ОЭД болжамының тұтыну бағасының индексіне кірістер және ағымдағы шығындар көлемінің артуы.

ҚР-ның республикалық және жергілікті бюджеттер арасындағы жалпы сипаттағы трансферттер туралы Заңына сәйкес Алматы облысы бойынша  2016 жылға субвенция көлемі – 149,3 млрд. теңге сомасын құрады.

 

Бюджет кірістері

 

Облыстық бюджетің 2017 жылғы өзіндік кірістері– 40,7 млрд. теңге сомасында анықталды.  

Кірістер түсімінің жалпы көлемінде салықтық түсімдер -99,8%-ды  немесе 40,6 млрд. теңгені, салықтық емес түсімдер – 0,1%-ды немесе 42,1 млн. теңгені құрайды.

Салық түсімдерінің негізгі көздері болып жеке табыс салығы (54,4%), әлеуметтік салық (42,8%), табиғи және басқа ресурстарды пайдаланғаны үшін түсетін түсімдер (2,8%) табылады.

Жеке табыс салығы 22,1 млрд. теңге сомасында, әлеуметтік салық 17,4 млрд. теңге сомасында анықталған.

Табиғи және басқа ресурстарды пайдаланғаны үшін түсетін түсімдер 1,1 млрд. теңге сомасында анықталған.

Салықтар және басқа да төлемдер көлемі бекітілген Бюджет түсімдерін болжамдау әдістемесіне сәйкес есептелді.

 

Бюджет шығыстары

 

2017 жылға облыстық бюджеттің шығыстары 314,9 млрд. теңгені құрайды. оның ішінде әлеуметтік салаға бағытталатын шығындарының көлемі (123,4 млрд.теңге) – 39,2 % құрайды .   

Әлеуметтік сала бюджетін қалыптастыру кезінде аумақты дамыту бағдарламасымен қатар, Мемлекеттік білім және ғылым дамыту, «Денсаулық» бағдарламасы, сонымен қатар діндік экстримизм және терроризмге қарсы мемлекеттік бағдарламалары назарға алынды,   осыларға сәйкес, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, туризм және спорт жүйесін жетілдірудің жаңа тетіктері мен бағыттары белгіленді.

Білім беру саласында төмендегілер көзделді:

- апаттық мектептердің орнына жаңа мектептер салу, үш ауысымды және  бейімделген мектептердің проблемасын шешу;

- кең жолақты интернетке қол жеткізу жүйесін кеңейту, компьютер техникасын, интерактивті құралдарды, жаңа үлгідегі кабинеттер алу және тегін оқулықтармен қамтамасыз ету;

- мүмкіндіктері шектеулі әлеуметтік жетім балаларға инклюзивті білім беруді дамыту;

- білім беру мекемелерінің МТБ-н нығайту.

- білім мекемелерін бейне бақылау камераларымен қамтамасыз ету.

Денсаулық сақтау  саласын дамытудың негізгі міндеттері облыс тұрғындарының денсаулығын күшейту, әлеуметтік маңызды ауруларды азайту, салауатты өмір салтын дамыту, Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесінде медициналық көмектің қол жетімділігі мен сапасын арттыру, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің жаңа үлгісін енгізу және медициналық ұйымдарды білікті кадрлармен қаматамасыз ету болып табылады.

Қойылған міндеттерді орындау үшін төмендегілер көзделуде:

- скринингтік зерттеулерді кеңінен енгізу;

- алғашқы медициналық-санитарлық көмек деңгейінде көрсетілетін қызмет көлемін айтарлықтай кеңейту;

- денсаулық сақтау ұйымдарының материалдық-техникалық жарақтануын нығайту және жетілдіру, дәрі-дәрмектік қамтамасыз етуді ары қарай дамыту;

- дәрігерлердің тапшылығын қысқарту және кәсібилігін арттыру.

Облыс аумағын дамыту бағдарламасында азаматтарды әлеуметтік қамсыздандыруды жетілдіру үшін төмендегілер қарастырылды:

- еңбек нарығының қажеттіліктері мен жастар тәжірибесіне сәйкес, кәсіби білімді даярлау, қайта даярлау жүйесін дамыту;

- халықтың нысаналы топтарынан жұмыспен қамтылуды арттыру;

- арнайы әлеуметтік қызмет көрсетудің мемлекеттік стандарттарын енгізу;

- азаматтарды әлеуметтік қамсыздандыруды жетілдіру.

Мәдениет және спорт бойынша негізгі міндеттер болып төмендегілер табылады:

-мәдениет мекемелерінің жүйесін дамыту және облыстың балалар мен жасөспірімдерге арналған топтарды кеңейту;

-кешенді спорттық жалпы шараларды өткізу, республикалық және халықаралық сайыстарға қатысу.

- ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету және үкіметтік емес ұйымдарды мемлекеттік қолдауға қатысты іс-шараларды іске асыруға;

- жастар саясаты шеңберінде іс-шараларды іске асыру;

-материалдық-техникалық базаны нығайтуды есептегенде, жұмыс істеп тұрған және қайта ашылатын мәдениет және спорт мекемелерінің құрылысы, күрделі жөндеу.   

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңарту және дамытуға 2017 жылы  электр қуатымен, жылумен, сумен қамту және канализация жүйесін дамыту бойынша Ұлттық қор есебінен 3,7 млрд. теңге кредит бөлінді.

Инженерлік-коммуникациялық жүйелерін дамытуға ұлттық қордан және республикалық бюджеттен - 11,8 млрд. теңге қарастырылды.

Ауыл шаруашылығында 2017 жылдан бастап бәсекеге қабілетті, нарықта сұранысқа ие өнім өндірісін қамтамасыз етуге бағытталған, агроөнеркәсіп кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік жаңа бағдарлама басталады.

Автокөлік жолдарының сапасын арттыру және жақсы қанағаттанарлықтай жағдайда ұстау үшін 2016 жылдың бюджетінде 11,3 млрд.теңге сомасында қаражат қарастырылды.

Кәсіпкерлікті қолдауға «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде индустриялық инфрақұрылымды дамытуға республикалық бюджет қаражаты есебінен 2016 жылы – 1,8 млрд. теңге (бағдарлама шеңберінде жеке кәсіпкерлікті  қолдауға, кредиттер бойынша проценттік ставкаларды субсидиялау, шағын және орта бизнеске кредиттерді ішінара кепілдендіру, бизнес жүргізуді сервистік қолдау).

Жұмыспен нәтижелі қамтуды қамтамасыз ету және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын іске асыру мақсатында – 4,5 млрд.теңге (микрокредиттеуге – 1,5 млрд.теңге, қоғамдық жұмыстарға – 1,1 млрд.теңге, кадрларды даярлауға – 1,4 млрд.теңге, кредиттер бойынша кепілдендіру және опрациялық шығындарды субсидиялауға - 0,5 млрд.теңге).

Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасының аясында Текелі қаласының Кешенді даму жоспарын жүзеге асыру үшін республикалық бюджет есебінен 223 млн. теңге қарастырылды.

Нысандардың құрылысы мен қайта жаңартуы басым бюджеттік инвестициялық жобалар тізіміне және Республикалық бюджеттен дамуға бөлінген нысаналы трансферттер көлеміне сәйкес анықталды.

Ішкі қарыздар есебінен 2016 жылы бастаған тұрғын үй құрылысын аяқтауға 1,9 млрд. теңге жоспарлануда.

Шығыстар саясаты ағымдағы шығыстар денгейін экономиканың өсу қарқынынан аспайтын шекте тежеу қағидасына сәкес келетін болады.

Дата публикации
26 апреля 2017