Алматы облысының 2017-2019 жылдарға арналған облыстық бюджетінің азаматтық бюджеті

Алматы облысының

2018-2020  жылдарға арналған

облыстық бюджеті туралы

 

2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 8–бабына, «Қазақстан  Республикасындағы  жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6–бабы 1–тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Алматы облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. 2018-2020 жылдарға арналған облыстық бюджет тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2018 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
  • кірістер 304 611 439 мың теңге, оның ішінде мыналар бойынша:

салықтық түсiмдер 45 342 756 мың теңге;

салықтық емес түсiмдер 42 058 мың теңге;

негiзгi капиталды сатудан түсетін түсiмдер 10 000 мың теңге;

трансферттер түсімдері 301 333 221 мың теңге;

  • шығындар 297 191 041 мың теңге;
  • таза бюджеттік кредиттеу  5 334 569 мың теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер 5 751 134 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу  416 565 мың теңге;

  • қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо      2 220 393 мың теңге, оның ішінде:

қаржылық активтерді сатып алу 2 220 393 мың теңге;

  • бюджет тапшылығы (профициті) (-) 4 276 744 мың теңге;
  • бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) 4 276 744 мың теңге.
  1. Бірыңғай бюджеттік сыныптаудың кірістер сыныптамасының «Төлем көзінен салық салынатын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы» коды бойынша түсімдер Қарасай ауданының аудандық бюджетіне 50% мөлшерінде түсетіні, басқа аудандар мен қалалар бойынша 100% мөлшерінде облыстық бюджетке түсетіні белгіленсін.
  2. Бірыңғай бюджеттік сыныптаудың кірістер сыныптамасының «Әлеуметтік салық» коды бойынша түсімдер Қарасай ауданының аудандық бюджетіне 100% мөлшерінде түсетіні, басқа аудандар мен қалалар бойынша 100% мөлшерінде облыстық бюджетке түсетіні белгіленсін.
  3. Бірыңғай бюджеттік сыныптаудың кірістер сыныптамасының «Жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдалануға төленетін ақы», «Орман пайдалануға төленетін ақы» және «Қоршаған ортаға эмиссия үшін төленетін ақы» кодтары бойынша түсімдер 100% мөлшерінде облыстық бюджетке түсетіні белгіленсін.
  4. 2018 жылға арналған облыстық бюджетте Іле ауданы бюджетінен облыстық бюджетке бюджеттік алып қоюдың көлемі 59 742 506 мың теңге сомасында көзделсін.
  5. 2018 жылға арналған облыстық бюджетте облыстық бюджеттен аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне берілетін субвенциялар көлемдері 85 504 280 мың теңге сомасында көзделсін, оның ішінде:

Ақсу ауданына

Алакөл ауданына

4 041 100 мың теңге;

4 590 900 мың теңге;

Балқаш ауданына

3 395 100 мың теңге;

Еңбекшіқазақ ауданына

8 950 230 мың теңге;

Ескелді ауданына

3 970 840 мың теңге;

Жамбыл ауданына

6 486 820 мың теңге;

Қаратал ауданына

3 502 840 мың теңге;

Кербұлақ ауданына

4 732 760 мың теңге;

Көксу ауданына

3 480 080 мың теңге;

Панфилов ауданына

5 771 120 мың теңге;

Райымбек ауданына

6 290 145 мың теңге;

Сарқан ауданына

3 769 790 мың теңге;

Талғар ауданына

6 556 350 мың теңге;

Ұйғыр ауданына

3 963 280 мың теңге;

Қапшағай қаласына

2 771 400 мың теңге;

Талдықорған қаласына

11 344 835 мың теңге;

Текелі қаласына

1 586 990 мың теңге.

  1. 7. 2018 жылға арналған облыстық бюджетте республикалық бюджеттен 18 174 134 мың теңге сомасында ағымдағы нысаналы трансферттер түсімдері көзделгені ескерілсін, оның ішінде:

білім беруге 442 450 мың теңге;

денсаулық сақтауға 4 050 260 мың теңге;

әлеуметтік көмекке 3 176 716 мың теңге;

агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға есептелген қосылған құн салығы шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығының сомасын субсидиялауға 212 735 мың теңге;

инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеуге 8 340 714 мың теңге;

агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қаржылық сауықтыру жөніндегі бағыт шеңберінде кредиттік және лизингтік міндеттемелер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға 10 357 мың теңге;

ауыл шаруашылығы жануарларын, техниканы және технологиялық жабдықты сатып алуға кредит беру, сондай-ақ лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялауға 1 332 604 мың теңге;

жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға 608 298 мың теңге.

  1. 2018 жылға арналған облыстық бюджетте республикалық бюджеттен 25 296 240 мың теңге сомасында нысаналы даму трансферттер түсімдері көзделгені ескерілсін, оның ішінде:

білім беру объектілерін салуға  2 104 306 мың теңге;

денсаулық сақтау объектілерін салуға және реконструкциялауға 120 000 мың теңге;

инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жобалауға, дамытуға және (немесе) жайластыруға 1 955 699  мың теңге;

коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйін жобалауға және (немесе) салуға, реконструкциялауға 5 013 497 мың теңге;

Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы шеңберінде ауылдық елді мекендердегі сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамытуға 5 241 581 мың теңге;

көліктік инфрақұрылымды дамытуға 2 391 430 мың теңге;

жылу-энергетика жүйесін дамытуға 294 723 мың теңге;

газ тасымалдау жүйесін дамытуға 5 217 098 мың теңге.

  1. 2018 жылға арналған облыстық бюджетте республикалық бюджеттен 156 003 745 мың теңге сомасында субвенция түсімдері көзделсін.
  2. 2018 жылға арналған облыстық бюджетте республикалық бюджеттен 4 690 898 мың теңге сомасында қарыздар түсімдері көзделсін.
  3. 2018 жылға арналған облыстық бюджетте аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің көзделгені ескерілсін, оның ішінде:

тілдік курстар өтілінен өткен мұғалімдерге үстемақы төлеу үшін;

оқу кезеңінде негізгі қызметкерді алмастырғаны үшін мұғалімдерге үстемақы төлеу үшін;

мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру  тапсырысын іске асыруға;

цифрлық білім беру инфрақұрылымын құруға;

білім беру объектілерін күрделі жөндеуге;

халыққа тұрғын үй көмегін көрсетуге;

облыс әкімі гранттарын төлеуге;

атаулы күндерге біржолғы көмекке;

туберкулездің белсенді түрімен ауыратын науқастарға әлеуметтік пакет беруге;

жеке көмекшілердің қызметін төлеуге;

халықаралық ЭКСПО 2017 көрмесіне қатысу шығындарына;

«Өрлеу» жобасы бойынша келісілген қаржылай көмекті енгізуге; мамандарды әлеуметтік қолдау көрсету шараларын іске асыруға;

«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы шеңберінде өңірлердің экономикалық дамуына жәрдемдесу жөніндегі шараларды іске асыруға;

эпизоотияға қарсы іс-шараларды жүргізуге;

бруцеллезбен ауыратын санитарлық союға жіберілетін ауыл шаруашылығы малдарының (ірі қара және ұсақ мүйізді малдың) құнын (50 % дейін) өтеуге;

жерге орналастыру жұмыстарына;

еңбек нарығын дамытуға;

Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012 - 2018 жылдарға арналған    іс-шаралар жоспарын іске асыруға;

жұмыспен нәтижелі қамтуды қамтамасыз етуге және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға.

Көрсетілген трансферттерді аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне бөлу Алматы облысы әкімдігінің қаулысы негізінде айқындалады.

  1. 2018 жылға арналған облыстық бюджетте аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне берілетін нысаналы даму трансферттердің көзделгені ескерілсін, оның ішінде:

білім беру объектілерін салуға және реконструкциялауға;

инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жобалауға, дамытуға және (немесе) жайластыруға;

коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйлерін жобалауға және (немесе) салуға, реконструкциялауға;

сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамытуға;

ауылдық елді мекендерді сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамытуға;

жылу-энергетикалық жүйесін дамытуға;

коммуналдық шаруашылықты дамытуға;

моноқалаларда бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға.

Көрсетілген трансферттерді аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне бөлу Алматы облысы әкімдігінің қаулысы негізінде айқындалады.

  1. 2018 жылға арналған облыстық бюджетте аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне кредиттер көзделгені ескерілсін, оның ішінде:

мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыруға;

ішкі қарыздар есебінен тұрғын үй жобалауға және (немесе) салуға;

жылу, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін реконструкция және құрылыс үшін.

Көрсетілген кредиттерді аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне бөлу Алматы облысы әкімдігінің қаулысы негізінде айқындалады. 

  1. 2018 жылға арналған облыстық бюджетте қоршаған ортаны қорғау және объектілерді дамыту жөніндегі іс-шараларды өткізуге 522 186 мың теңге сомасында көзделсін.
  2. 2018 жылға арналған облыстық бюджетте автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз етуге және көлік инфрақұрылымын дамытуға 10 636 580 мың теңге сомасында көзделсін.
  3. Алматы облысы әкімдігінің 2018 жылға арналған резервi 813 395 мың теңге сомасында бекітілсін.
  4. 2018 жылға арналған облыстық бюджетті атқару процесінде секвестрлеуге жатпайтын облыстық бюджеттік бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) тізбесі 4-қосымшаға сәйкес бекітілсін.

2018 жылға арналған аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттерін атқару процесінде 5-қосымшаға сәйкес жергілікті бюджеттік бағдарламалар секвестрлеуге жатпайтын деп белгіленсін.

  1. Аудан мен қала әкімдері облыс бюджетінің салықтар мен төлемдер бойынша болжамды көрсеткіштерінің толық және сапалы орындалуын, шаруашылық субъектілердің барлық деңгейдегі бюджетке берешегін азайтуды және қосымша кіріс көздерін табуды қамтамасыз етсін.
  2. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың «Бюджет, тарифтік саясат және заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету мәселелері бойынша» тұрақты комиссиясына жүктелсін.
  3. Осы шешім 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.

 

 

Алматы облыстық мәслихат Алматы облыстық 

сессиясының төрағасы мәслихаттың хатшысы

Дата публикации
29 ноября 2017