"Алматы облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" ММ 2019-2021 жылдарға арналған азаматтық бюджеті бойынша анықтама

 "Алматы облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" ММ 2019-2021 жылдарға арналған азаматтық бюджеті бойынша

АНЫҚТАМА 

 

Басқармаға 2019 - 2021 жылдарға  – 755 200 мың теңге мақұлданды, оның ішінде:

2019 – 2 672 287 мың теңге;

2020 – 2 724 977 мың теңге;

2021 – 2 831 471 мың теңге;

Басқарманың 2019-2021 жылдарға арналған стратегиялық жоспарында 6 бюджеттік бағдарламаны іске асыру көзделген:

- ББ 001 "Экономикалық саясатты қалыптастыру және дамыту, облыстың мемлекеттік жоспарлау және басқару жүйесі саласындағы мемлекеттік саясатын іске асыру" - 755 200 мың теңге. Шығындар басқару аппаратының штаттық санын ұстауға бағытталған. (Оның ішінде 2019-243 706 мың теңге, 2020-253 078 мың теңге және 2021 – 258 416 мың теңге) 

- ББ 001 "Экономикалық саясатты қалыптастыру және дамыту, облыстың мемлекеттік жоспарлау және басқару жүйесі саласындағы мемлекеттік саясатын іске асыру" 1010 мың теңге. Шығындар республикалық бюджеттен бөлінген басқару аппаратының штаттық санын ұстауға бағытталған (оның ішінде 2019-1010 мың теңге)

- ББ 003 "Жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін,  концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамаларын әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптамаларын жүргізу, концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу" - 39 710 мың теңге. Бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін, облыстық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерін сараптауға бағытталған шығындар. (Оның ішінде 2019-39710 мың теңге)

  - ББ 007 "Мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін жергілікті атқарушы органдарға берілетін бюджеттік кредиттер" - 6 099 730 мың теңге. Қаражат халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға арналған. (Оның ішінде 2019– 1 980 862 мың теңге, 2020 – 2 038 140 мың теңге және 2021 – 2 080 728 мың теңге)

- ББ 113 "Жергілікті бюджеттерден трансферттер (мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыруға)" - 1 268 223 мың теңге. Қаражат мамандарды әлеуметтік қолдауға арналған. (Оның ішінде 2019 - 365 725 мың теңге, 2020 - 422 168 мың теңге және 2021 - 480 330 мың теңге)

- ББ 108 "Бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық - экономикалық негіздемелерін және концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамаларын әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптамаларын жүргізу, концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу"  - 30 076 мың теңге. Шығыстар бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеуге бағытталған. (оның ішінде 2019-30 076 мың теңге)

 

- ББ 005 "Мемлекеттік органның капиталдық шығыстары" - 34 786 мың теңге. Басқару базасын ұстауға және материалдық-техникалық жарақтандыруға байланысты шығыстар. (Оның ішінде 2019-11 198 мың теңге, 2020-11 591 мың теңге және 2021-11 997 мың теңге).

Жоғарыда көрсетілген ББ іске асыру мынадай нысаналы индикаторларға қол жеткізуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді:

113 - "Дипломмен ауылға" бағдарламасы аясында әлеуметтік сала мамандарына көтерме жәрдемақы беру 2019 жылы 742 адамға 365 725 мың теңге, 2020ж. 747 адам – 422 168 мың теңге, 2021ж. 755 адам - 480 330 мың теңге.

007 - "Дипломмен ауылға" бағдарламасы аясында әлеуметтік сала мамандарына несие беру 2019ж. 523 адам 1 980 862 мың теңге, 2020ж. 520 адам – 2 038 140 мың теңге, 2021ж. 513 адам - 2 080 728 мың теңге.

Дата публикации
01 марта 2019