Алматы облысының 2019-2021 жылдарға арналған облыстық бюджетінің азаматтық бюджеті

Алматы облысының 2019-2021 жылға

 арналған облыстық бюджетінің

азаматтық бюджеті

 

2019 жылдың 06 наурыздағы №44-228 Мәслихат шешімі. 

 

Облыстық бюджет Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының «2018-2020 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңына, «2017-2019 жылдарға арналған республикалық және облыстық, респуликалық маңызы бар қала, астана бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы» Заңына сәйкес, әлеуметтік-экономикалық даму болжамы негізінде әзірленді.  Облыс бюджеті 2018 жылғы 13 желтоқсандағы «Алматы облысының 2019-2021 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы»
№ 38-211 шешімімен бекітілді.

Сондай-ақ, бюджетті қалыптастыру кезінде Мемлекеттік және салалық бағдарламалары, сондай-ақ облыс аумағын дамыту бағдарламасы ескерілді.

2019-2021 жылдарға арналған бюджет жобасын есептеу кезінде төмендегілер ескерілді:

  1. салық заңнамасында мөлшерлемелерді өзгерту,

    өткен қаржы жылындағы түсімдер серпіні;

  1. жаңа объектілерді енгізу есебінен салық базасын арттыру;
  2. бір жолғы сипаттағы түсімдер;
  3. РБ-дан субвенция көлемінде берілген, тұрақты сипатқа ие ағымдағы нысаналы трансферттер;
  4. Бюджеттік кодекстің 40-бабының негізінде реттелетін кірістерді бөлу нормативтері;
  5. Республиканың ОЭД болжамының тұтыну бағасының индексіне кірістер және ағымдағы шығындар көлемінің артуы.

ҚР-ның республикалық және жергілікті бюджеттер арасындағы жалпы сипаттағы трансферттер туралы Заңына сәйкес Алматы облысы бойынша  2018 жылға субвенция көлемі – 153,7,0 млрд. теңге сомасын құрады.

 

Бюджет кірістері

 

Облыстық бюджетің 2019 жылғы өзіндік кірістері– 34,2 млрд. теңге сомасында анықталды.  

Кірістер түсімінің жалпы көлемінде салықтық түсімдер -95%-ды  немесе      
32,5 млрд. теңгені, салықтық емес түсімдер -5%-ды   немесе     
1,7 млрд. теңгені, және капиталмен операция түсімдері– 0,04%-ды немесе
 12 млн. теңгені құрайды.

Салық түсімдерінің негізгі көздері болып жеке табыс салығы (49,8%), әлеуметтік салық (44,6%), табиғи және басқа ресурстарды пайдаланғаны үшін түсетін түсімдер (5,6%) табылады.

Жеке табыс салығы 16,2 млрд. теңге сомасында, әлеуметтік салық 14,5 млрд. теңге сомасында анықталған.

Табиғи және басқа ресурстарды пайдаланғаны үшін түсетін түсімдер 1,8 млрд. теңге сомасында анықталған.

Салықтар және басқа да төлемдер көлемі бекітілген Бюджет түсімдерін болжамдау әдістемесіне сәйкес есептелді.

 

Бюджет шығыстары

 

2019 жылға облыстық бюджеттің шығыстары 436,8 млрд. теңгені құрайды. оның ішінде әлеуметтік салаға бағытталатын шығындарының көлемі (142,3 млрд.теңге) – 32,6 % құрайды .   

Әлеуметтік сала бюджетін қалыптастыру кезінде аумақты дамыту бағдарламасымен қатар, білім берудің және ғылымды дамыту Мемлекеттік бағдарламасы, «Денсаулық» бағдарламасы алынды,   осыларға сәйкес, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, туризм және спорт жүйесін жетілдірудің жаңа тетіктері мен бағыттары белгіленді.

Білім беру саласында төмендегілер көзделді:

- апаттық мектептердің орнына жаңа мектептер салу, үш ауысымды және  бейімделген мектептердің проблемасын шешу;

- кең жолақты интернетке қол жеткізу жүйесін кеңейту, компьютер техникасын, интерактивті құралдарды, жаңа үлгідегі кабинеттер алу және тегін оқулықтармен қамтамасыз ету;

- мүмкіндіктері шектеулі әлеуметтік жетім балаларға инклюзивті білім беруді дамыту;

- білім беру мекемелеріне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу, МТБ-н нығайту.

Денсаулық сақтау  саласын дамытудың негізгі міндеттері облыс тұрғындарының денсаулығын күшейту, әлеуметтік маңызды ауруларды азайту, салауатты өмір салтын дамыту, Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесінде медициналық көмектің қол жетімділігі мен сапасын арттыру, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің жаңа үлгісін енгізу және медициналық ұйымдарды білікті кадрлармен қаматамасыз ету болып табылады.

Қойылған міндеттерді орындау үшін төмендегілер көзделуде:

- денсаулық сақтау ұйымдарының материалдық-техникалық жарақтануын нығайту және жетілдіру, дәрі-дәрмектік қамтамасыз етуді ары қарай дамыту;

- дәрігерлердің тапшылығын қысқарту және кәсібилігін арттыру.

Облыс аумағын дамыту бағдарламасында азаматтарды әлеуметтік қамсыздандыруды жетілдіру үшін төмендегілер қарастырылды:

- еңбек нарығының қажеттіліктері мен жастар тәжірибесіне сәйкес, кәсіби білімді даярлау, қайта даярлау жүйесін дамыту;

- халықтың нысаналы топтарынан жұмыспен қамтылуды арттыру;

- арнайы әлеуметтік қызмет көрсетудің мемлекеттік стандарттарын енгізу;

- арнаулы әлеуметтік көмектің жаңа моделін енгізу;

- азаматтарды әлеуметтік қамсыздандыруды жетілдіру.

Мәдениет және спорт бойынша негізгі міндеттер болып төмендегілер табылады:

-мәдениет мекемелерінің жүйесін дамыту және облыстың балалар мен жасөспірімдерге арналған топтарды кеңейту;

-кешенді спорттық жалпы шараларды өткізу, республикалық және халықаралық сайыстарға қатысу.

- ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету және үкіметтік емес ұйымдарды мемлекеттік қолдауға қатысты іс-шараларды іске асыруға;

- жастар саясаты шеңберінде іс-шараларды іске асыру;

- туризм саласы бойынша іс-шараларды іске асыру;

- дін саласы бойынша іс-шараларды іске асыру

-материалдық-техникалық базаны нығайтуды есептегенде, жұмыс істеп тұрған және қайта ашылатын мәдениет және спорт мекемелерінің құрылысы, күрделі жөндеу.   

Ауыл шаруашылығында  2017-2021 жылдарға арналған агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында нарықтарда талап етілетін бәсекеге қабілетті өнім өндіруге 38,1 млрд. теңге қарастырылған. Агроөнеркәсіптік өндірушілерді барынша қамту арқылы мемлекеттік қолдаудың тиімділігі мен қолжетімділігіне ерекше назар аударылады.

Автокөлік жолдарының сапасын арттыру және жақсы қанағаттанарлықтай жағдайда ұстау үшін 2019 жылдың облыс бойынша бюджетінде 37,2 млрд.теңге сомасында қаражат қарастырылды.

Кәсіпкерлікті қолдауға «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде индустриялық инфрақұрылымды дамытуға 2019 жылы – 3,9 млрд. теңге (бағдарлама шеңберінде жеке кәсіпкерлікті  қолдауға, кредиттер бойынша проценттік ставкаларды субсидиялау, шағын және орта бизнеске кредиттерді ішінара кепілдендіру) қарастырылды.

Жұмыспен нәтижелі қамтуды қамтамасыз ету және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын іске асыру мақсатында – 10,7 млрд.теңге (микрокредиттеуге – 4,9 млрд.теңге, кредиттер бойынша кепілдендіру –140 млн.теңге, қоғамдық жұмыстарға – 1,6 млрд.теңге, кадрларды даярлауға – 1,7 млрд.теңге, қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға –886,6 млн.теңге, жастар практикасы –599,2 млн. тенге, басқалары-874,2 млн. тенге).

Нысандардың құрылысы мен қайта жаңартуы басым бюджеттік инвестициялық жобалар тізіміне және Республикалық бюджеттен дамуға бөлінген нысаналы трансферттер көлеміне сәйкес анықталды.

Облыстың елді мекендерін және облыс орталығы Талдықорған қаласын газдандыруға 7,4 млрд.теңге қарастырылды, оның ішінде республикалық бюджеттен – 2,8 млрд.теңге, жергілікті бюджеттен  - 4,6 млрд.теңге.

Шығыстар саясаты ағымдағы шығыстар денгейін экономиканың өсу қарқынынан аспайтын шекте тежеу қағидасына сәйкес келетін болады.

Дата публикации
27 мая 2019