Облыстың 2015-2019 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылдың 18 маусымындағы №827 Жарлығымен бекітілген мемлекеттік жоспарлаудың жаңа жүйесіне сәйкес әзірленген.
Әлеуметтік-экономикалық даму болжамы экономикалық көрсеткіштер болжамын, әлеуметтік көрсеткіштер көрсеткіштерін, Алматы облысының бес жылдық кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық даму үрдістері мен басымдықтарын, салықтық-бюджеттік саясаттың негізгі бағыттарын және жергілікті бюджеттің 2015-2017 жылдарға арналған болжамын қамтиды.
Әлеуметтік-экономикалық даму және бюджеттік көрсеткіштер параметрі Алматы облысының мемлекеттік органдарын дамытудың стратегиялық жоспарларын, сондай-ақ үш жылдық кезеңге арналған жергілікті бюджетті әзірлеу үшін негіз болып табылады.