Алматы облысының 2019 жылғы қаңтар-мамырдағы
әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы
ақпарат
ӨНЕРКӘСІП
Өнеркәсіпте 340 млрд. теңгенің өнімі өндірілді, нақты көлем индексі – 103,4% құрады.
Тау-кен өндірісі және карьерлерлерді қазу жалпы өндіріс көлемінің 1,3% құрайды, есепті кезеңде 4,4 млрд. теңгенің өнімі өндірілді, өңдеу өнеркәсібінің үлесі – 85,1% құрап, 289,3 млрд. теңгенің өнімі шығарылды.
Электрмен жабдықтау, газ беру, бу және ауамен баптау саласы облыстың жалпы өндіріс көлемінің 12,6% құрайды (42,9 млрд. теңге), сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және бөлінуін бақылау сәйкесінше – 1% және 3,4 млрд. теңге құрады.
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ
Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 125,8 млрд. теңге құрады, нақты көлем индексі 102,6%.
117,7 мың тонна (тірі салмақпен) мал және құс еті өндірілді (2018 жылғы сәйкес кезеңге 103,2%), тиісінше сүт – 290,3 мың тонна (103,9%), жұмыртқа – 453,4 млн. дана (100%).
Мал басының саны мынадай көрсеткіштерге ие болды: мүйізді ірі қара – 1 235,8 мың бас (2018 жылғы сәйкес кезеңге 102,4%), қой мен ешкі – 4 894,9 (101,2%), жылқы – 373,9 (105,3%) және құс – 10 838,3 мың бас (103,6%).
Өсімдік шаруашылығында ауыл шаруашылығы дақылдары 962 мың га құрайды (2018ж. – 954,3 мың га). Бүгінгі күні 258,5 мың га жазғы дақылдар жоспарының 223,4 мың га егілді немесе 86,4%, майлы дақылдар 101,7 мың га (58,8%), картоп 21 (53,3%), көкөніс 22,2 мың га (67,7%), бақша 2,8 га (59,4%), көпжылдық шөп 13,4 мың га (100%). 7,6 мың тонна дизель отыны алынды.
НЕГІЗГІ КАПИТАЛҒА ТАРТЫЛҒАН ИНВЕСТИЦИЯЛАР
2019 жылғы қаңтар-мамырда 155,3 млрд. теңге инвестиция тартылды, нақты көлем индексі 104% құрады.
Инвестицияның негізгі көлемі – 107,5 млрд. теңге немесе
69,2% кәсіпорындар мен ұйымдардың өз қаражаттары есебінен, республикалық бюджеттен – 5,5 млрд. теңге немесе 3,5%, жергілікті бюджеттен – 27,4 млрд. теңге немесе 17,6%, банк несиелері – 6,4 млрд. теңге немесе 4,1%, басқа да несие қаражаттары – 8,6 млрд. теңге немесе 5,6%.
БЮДЖЕТ
2019 жылдың 1 маусымына мемлекеттік бюджетке түскен түсімдер
194,2 млрд. теңгені құрап, болжам 110,9% орындалды.
Республикалық бюджетке – 109,1 млрд. теңге түсті немесе болжам 110,1% орындалды, жергілікті бюджетке – 85,1 млрд. теңге (111,8%).
Бюджет кірістерінің негізгі көздері: акциздер – 31,9%, қосымша құн салығы – 34,4%, корпоротивтік табыс салығы – 7,6%, жеке табыс салығы – 7%, әлеуметтік салық – 5,2%, мүлік салығы – 5,2%.
Есепті кезеңге берешек 10,3 млрд. теңгені құрады (2018 жылдың
1 маусымына 7,8 млрд. теңге).
ӘЛЕУМЕТТІК САЛА
2019 жылғы қаңтар-мамыр айларында облыста барлығы 10312 жұмыс орны құрылды, оның ішінде 9553 тұрақты.
Жұмыспен қамту органдарына жұмысқа тұруға тіркелген 25232 адамның 8022-сі жұмысқа орналастырылды. Қоғамдық жұмыстарға 5148 адам жіберілді.
Әртүрлі әлеуметтік көмек 225 мың алушыға 5 668,4 млн. теңге көлемінде төленді, оның ішінде: кедейшілік шегінен төмен тұратындарға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек – 175 мың алушыға 4 898 млн. теңге және басқалары.
Ағымдағы жылдың 1 маусымына 14870 жұмыссыз тіркелген, тіркелген жұмыссыздық деңгейі экономикалық белсенді халықтың 1,4%-ін құрады.
2019 жылдың 2 тоқсандағы орташа айлық еңбекақы 12,4%-ке артып, 135,6 мың теңгені құрады.