Алматы облысының 2019 жылдың қаңтар-сәуірдегі айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының көрсеткіштері

Алматы облысының 2019 жылғы қаңтар-сәуірдегі
әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы
ақпарат

 

ӨНЕРКӘСІП

Өнеркәсіпте 261,4 млрд. теңгенің өнімі өндірілді, нақты көлем индексі – 105,1% құрады.

Тау-кен өндірісі және карьерлерлерді қазу жалпы өндіріс көлемінің 1,4% құрайды, есепті кезеңде 3,6 млрд. теңгенің өнімі өндірілді, өңдеу өнеркәсібінің үлесі – 84,2% құрап, 220 млрд. теңгенің өнімі шығарылды.

Электрмен жабдықтау, газ беру, бу және ауамен баптау саласы облыстың жалпы өндіріс көлемінің 13,4% құрайды (35,1 млрд. теңге), сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және бөлінуін бақылау сәйкесінше – 1% және 2,7 млрд. теңге құрады.

 

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ

Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 98,8 млрд. теңге құрады, нақты көлем индексі 102,4%.

96,3 мың тонна (тірі салмақпен) мал және құс еті өндірілді
(2018 жылғы сәйкес кезеңге 103,4%), тиісінше сүт – 212,1 мың тонна (103,1%), жұмыртқа – 355 млн. дана (99,5%).

Мал басының саны мынадай көрсеткіштерге ие болды: мүйізді ірі қара –
1 181,4 мың бас (2018 жылғы сәйкес кезеңге 103,7%), қой мен ешкі – 4 715 (98,6%), жылқы – 352,1 (105,1%) және құс – 10 940,1мың бас (106,9%).

Өсімдік шаруашылығында ауыл шаруашылығы дақылдары 962 мың га құрайды (2018ж. – 954,3 мың га). Бүгінгі күні 258,5 мың га жазғы дақылдар жоспарының 223,4 мың га егілді немесе 86,4%, майлы дақылдар 101,7 мың га (58,8%), картоп 21 (53,3%), көкөніс 22,2 мың га (67,7%), бақша 2,8 га (59,4%), көпжылдық шөп 13,4 мың га (100%). 7,6 мың тонна дизель отыны алынды.

 

НЕГІЗГІ КАПИТАЛҒА ТАРТЫЛҒАН ИНВЕСТИЦИЯЛАР

2019 жылғы қаңтар-сәуірде 111,3 млрд. теңге инвестиция тартылды, нақты көлем индексі 103,5% құрады.

Инвестицияның негізгі көлемі – 79,3 млрд. теңге немесе
71,3% кәсіпорындар мен ұйымдардың өз қаражаттары есебінен, республикалық бюджеттен – 2,6 млрд. теңге немесе 2,3%, жергілікті бюджеттен – 18,6 млрд. теңге немесе 16,7%, банк несиелері – 5,5 млрд. теңге немесе 4,9%, басқа да несие қаражаттары – 5,3 млрд. теңге немесе 4,8%.

 

БЮДЖЕТ

2019 жылдың 1 мамырына мемлекеттік бюджетке түскен түсімдер
142,8 млрд. теңгені құрап, болжам 109,4% орындалды.

Республикалық бюджетке – 78,2 млрд. теңге түсті немесе болжам 106,5% орындалды, жергілікті бюджетке – 64,6 млрд. теңге (113,0%).

Бюджет кірістерінің негізгі көздері: акциздер – 33,5%, қосымша құн салығы – 31,7%, корпоротивтік табыс салығы – 8,8%, жеке табыс салығы – 7,6%, әлеуметтік салық – 5,6%, мүлік салығы – 4,1%.

Есепті кезеңге берешек 10,6 млрд. теңгені құрады (2018 жылдың
1 сәуіріне 7,6 млрд. теңге).

 

ӘЛЕУМЕТТІК САЛА

2019 жылғы қаңтар-сәуір айларында облыста барлығы 7477 жұмыс орны құрылды, оның ішінде 7086 тұрақты.

Жұмыспен қамту органдарына жұмысқа тұруға тіркелген 20203 адамның 5862-ы жұмысқа орналастырылды. Қоғамдық жұмыстарға 4444 адам жіберілді.

Әртүрлі әлеуметтік көмек 171,2 мың алушыға 2841,5 млн. теңге көлемінде төленді, оның ішінде: кедейшілік шегінен төмен тұратындарға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек– 120,6 мың алушыға 2071,1 млн. теңге және басқалары.

Ағымдағы жылдың 1 мамырына 13657 жұмыссыз тіркелген, тіркелген жұмыссыздық деңгейі экономикалық белсенді халықтың 1,3%-ін құрады.

2019 жылдың 2 тоқсандағы орташа айлық еңбекақы 12,4%-ке артып, 135,6 мың теңгені құрады.

Дата публикации
09 июня 2020