Алматы облысының 2019 жылғы қаңтардағы
әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы
ақпарат
ӨНЕРКӘСІП
Өнеркәсіпте 56,2 млрд. теңгенің өнімі өндірілді, нақты көлем индексі – 103% құрады.
Тау-кен өндірісі және карьерлерлерді қазу жалпы өндіріс көлемінің 0,3% құрайды, есепті кезеңде 0,4 млрд. теңгенің өнімі өндірілді, өңдеу өнеркәсібінің үлесі – 80,9% құрап, 45,4 млрд. теңгенің өнімі шығарылды.
Электрмен жабдықтау, газ беру, бу және ауамен баптау саласы облыстың жалпы өндіріс көлемінің 17,3% құрайды (9,8 млрд. теңге), сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және бөлінуін бақылау сәйкесінше – 1% және 0,6 млрд. теңге құрады.
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ
Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 21,5 млрд. теңге құрады, нақты көлем индексі 102,5%.
19,7 мың тонна (тірі салмақпен) мал және құс еті өндірілді
(2018 жылғы сәйкес кезеңге 102,8%), тиісінше сүт – 49,6 мың тонна (104,4%), жұмыртқа – 89 млн. дана (104,3%).
Мал басының саны мынадай көрсеткіштерге ие болды: мүйізді ірі қара –
1 003,7 мың бас (2018 жылғы сәйкес кезеңге 103,9%), қой мен ешкі – 3 402,7 (100,1%), жылқы – 308,6 (105,1%) және құс – 10 258,4 мың бас (111,7%).
2019 жылдың астығына 233,1 мың тонна тұқым себілді, оның ішінде:
78 мың тонна дәнді дақылдар тұқымы (24,6 мың тонна күздік тұқым және
53,3 мың тонна жаздық тұқым), 15,2 мың тонна майлы дақылдар, 1 мың тонна мал азығы дақылдары және 138,9 мың тонна картоп тұқымы.
Көктемгі егіс жұмыстарына ауыл шаруашылығы техникасын дайындау жұмыстары жүргізілуде, облыста барлығы 33,6 мың бірлік ауыл шаруашылығы техникасы мен механизмдері бар, олардың 22,7 мың бірлігі немесе 67,6%-і ағымдағы жылдың 14 ақпанындағы жағдай бойынша жөнделді.
НЕГІЗГІ КАПИТАЛҒА ТАРТЫЛҒАН ИНВЕСТИЦИЯЛАР
2019 жылғы қаңтарда 16,2 млрд. теңге инвестиция тартылды, нақты көлем индексі 108,1% құрады.
Инвестицияның негізгі көлемі – 14,6 млрд. теңге немесе
89,9% кәсіпорындар мен ұйымдардың өз қаражаттары есебінен, республикалық бюджеттен – 3,5 млн. теңге немесе 0,02%, банк несиелері – 1,2 млрд. теңге немесе 7,4%, басқа да несие қаражаттары – 0,4 млрд. теңге немесе 2,6%.
БЮДЖЕТ
2019 жылдың 1 ақпанына мемлекеттік бюджетке түскен түсімдер
44,3 млрд. теңгені құрап, болжам 112,8% орындалды.
Республикалық бюджетке – 17 млрд. теңге түсті немесе болжам 107,3% орындалды, жергілікті бюджетке – 27,3 млрд. теңге (116,6%).
Бюджет кірістерінің негізгі көздері: қосымша құн салығы – 19,4%, корпоротивтік табыс салығы – 6%, акциздер – 58,5%, жеке табыс салығы – 5,7%, әлеуметтік салық – 4%, мүлік салығы – 1,7%.
Есепті кезеңге берешек 5 млрд. теңгені құрады (2019 жылдың
1 қаңтарына 4,5 млрд. теңге).
ӘЛЕУМЕТТІК САЛА
2019 жылы қаңтар айында облыста 730 жұмыс орны құрылды.
Жұмыспен қамту органдарына жұмысқа тұруға тіркелген 5997 адамның 885-і жұмысқа орналастырылды. Қоғамдық жұмыстарға 860 адам жіберілді.
Әртүрлі әлеуметтік көмек 21,1 мың алушыға 164,7 млн. теңге көлемінде төленді, оның ішінде: кедейшілік шегінен төмен тұратындарға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек– 21 мың алушыға 163,3 млн. теңге және басқалары.
Ағымдағы жылдың 1 ақпанына 6201 жұмыссыз тіркелген, тіркелген жұмыссыздық деңгейі экономикалық белсенді халықтың 0,6%-ін құрады.
2018 жылдың 1 тоқсанында орташа айлық еңбекақы 11,5%-ке артып, 121,2 мың теңгені құрады.