Алматы облыстық мәслихатының 2020 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 64-339 «Алматы облысының 2021-2023 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 106-бабының 4-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы
23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Алматы облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда баяндалсын:
«1. 2021-2023 жылдарға арналған облыстық бюджет тиісінше осы шешімнің 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2021 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер 709 077 340 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсiмдер 69 223 588 мың теңге;
салықтық емес түсiмдер 2 857 195 мың теңге;
негiзгi капиталды сатудан түсетін түсiмдер 53 647 мың теңге;
трансферттер түсімдері 636 942 910 мың теңге;
2) шығындар 737 571 695 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу 8 841 499 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер 18 119 262 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу 9 277 763 мың теңге;
4) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо 4 593 857 мың теңге, оның ішінде:
қаржылық активтерді сатып алу 4 593 857 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) (-) 41 929 711 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану)
41 929 711 мың теңге, оның ішінде:
қарыздар түсімі 41 886 748 мың теңге;
қарыздарды өтеу 9 012 549 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары 9 055 512 мың теңге.»;
9-тармақтағы:
«27 428 860» саны «39 707 043» санына ауыстырылсын;
«көліктік инфрақұрылымды дамытуға 1 983 668 мың теңге;» деген жолдан кейін келесі жолдармен толықтырылсын:
«әуе көлігі инфрақұрылымын дамытуға 4 726 676 мың теңге;
Жұмыспен қамту 2020-2021 жылдарға арналған Жол картасы шеңберінде шараларды қаржыландыру үшін 7 551 507 мың теңге;»;
12-тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
«12. Алматы облысы бойынша 2021 жылға 34 414 556 мың теңге сомасында мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар шығару мақұлдансын, оның ішінде:
тұрғын үй жобалауға және салуға 11 191 853 мың теңге;
Жұмыспен қамту 2020-2021 жылдарға арналған Жол картасы шеңберінде шараларды қаржыландыру үшін 23 222 703 мың теңге.»;
15-тармақтағы:
«2020-2021 жылдарға арналған Жұмыспен қамту жол картасы шеңберінде шараларды қаржыландыру үшін;» жолы алып тасталсын.