Алматы облысын дамытудың 2016 - 2020 жылдарға арналған бағдарламасы облыстық мәслихаттың 2015 жылғы 14 желтоқсандағы № 51-288 шешімімен қабылданды (облыстық мәслихаттың 2020 жылғы 21 қаңтардағы №62-328 шешімімен енгізілген өзгерістермен)
Бағдарламада 11 мақсатқа және 48 нысаналы индикаторға қол жеткізу көзделген, оның ішінде 40 индикатор - Ұлттық экономика министрінің бұйрығымен бекітілген базалық көрсеткіштер тізбесіне сәйкес (19.12.18 ж. №104).
2020 жылы бағдарламаның 11 мақсатының 2-еуіне толық, 9-ына ішінара қол жеткізілді, 40 нысаналы индикаторлардың 20-сына қол жеткізілді, 5-еуі орындалмады, 15 индикатор бойынша ресми статистикалық деректер кейінірек берілетін болады.