Алматы облыстық мәслихатының 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № 64-339 «Алматы облысының 2021-2023 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

ЖОБА

 

Алматы облыстық мәслихатының 2020 жылғы 15 желтоқсандағы

№ 64-339 «Алматы облысының 2021-2023 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 106-бабының 4-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы  жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы
23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Алматы облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Алматы облыстық мәслихатының «Алматы облысының 2021-2023 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы» 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № 64-339 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде
    № 5841 тіркелген, 2020 жылдың 31 желтоқсанында Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда баяндалсын:

«1. 2021-2023 жылдарға арналған облыстық бюджет тиісінше осы шешімнің 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2021 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер 691 249 786 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсiмдер 64 223 588 мың теңге;

салықтық емес түсiмдер 2 857 195 мың теңге;

негiзгi капиталды сатудан түсетін түсiмдер 53 647 мың теңге;

трансферттер түсімдері 624 115 356 мың теңге;

2) шығындар 686 744 675 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу 2 324 659 мың теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер 11 592 984 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу 9 268 325 мың теңге;

4) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо 3 039 866 мың теңге, оның ішінде:

қаржылық активтерді сатып алу 3 039 866 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер 0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) (-) 859 414 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану)
859 414 мың теңге, оның ішінде:

қарыздар түсімі 10 137 767 мың теңге;

қарыздарды өтеу 9 012 550 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары (-) 265 803 мың теңге.»;

12-тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:

«12. Алматы облысы бойынша 2021 жылға 4 665 575 мың теңге сомасында мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар шығару мақұлдансын, оның ішінде:

тұрғын үй жобалауға және салуға 3 665 575 мың теңге;

жұмыспен қамту жол картасы шеңберінде шараларды қаржыландыру үшін 1 000 000 мың теңге.»;

15-тармақтағы:

«азаматтарға «7-20-25» бағдарламасы бойынша бастапқы жарнасының бөлігін төлеу үшін әлеуметтік қолдауға;» деген жолдан кейін келесі жолмен толықтырылсын:

«жұмыспен қамту жол картасы шеңберінде шараларды қаржыландыру үшін;».

  1. Көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.
  2. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың «Бюджет, тарифтік саясат және заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету мәселелері бойынша» тұрақты комиссиясына жүктелсін.
  3. Осы шешім 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.
Дата публикации
10 февраля 2021