GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Құжаттар
Басқарма туралы
Қызметі
Байланыс ақпарат
Баспасөз орталығы
Онлайн қабылдау
Все материалы
Діни экстремизмге қарсы насихат бойынша жұмыс
06 октября 2026
Мешіт жамағатына арналған танымдық семинар өтті

Ағымдағы жылғы 3-4 қазан күндері Алматы облысы Дін істері басқармасының қолдауымен өңірдегі мешіт жамағаттарына арналған танымдық семинар ұйымдастырылды. Қазақ халқының ұлттық құндылығы мен дәстүрі, қоғамдық ауызбіршілік пен татулық, сондай-ақ бірқатар теологиялық мәселелер талқыланған семинарға дін саласындағы танымал сарапшылар қатысып, арнайы дәріс оқыды.

Радикалды идеология, теріс пиғылды діни ағымдардың қателіктері мен олардан сақтану жолдарын түсіндірген дәріскерлер, өмірде болған оқиғалар негізінде мысалдар келтірді. Екі күндік семинар «Нұр-Мүбәрәк» Египет ислам мәдениеті университеті мен «Арман дала» демалыс аймағында өткізілді. Іс-шара соңында ауызбіршілік пен татулықты насихаттаған топтық ойындар ұйымдастырылды.

Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға, мемлекеттің зайырлы қағидаттарын нығайтуға бағытталған осындай іс-шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.

Діни ахуалға мониторинг және талдау жасау
08 июля 2026
Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мәселелері бойынша облыс имамдарына арналған оқыту семинары өтті

Есептік кезеңде Алматы облысы Дін істері басқармасының бастамасымен діни экстремизм мен терроризм идеологиясының таралуының алдын алу бағытында облыс имамдарына арналған оқыту семинары өткізілді.

Семинардың мақсаты – облыс имамдарының кәсіби біліктілігін арттыру, жамағатпен жұмыс жүргізуде заманауи әдістемелік тәсілдерді қолдану дағдыларын жетілдіру, сондай-ақ діндар қауым арасында діни экстремизм мен терроризм идеологиясының таралуының алдын алу.

Семинар барысында тәжірибелі дәріскерлер мен дін саласының сарапшылары өз тәжірибелерімен бөлісіп, қатысушылардың кәсіби құзыреттілігін арттыруға бағытталған өзекті мәселелерді талқылады. Сонымен қатар, іс-шара аясында имамдар арасында тәжірибе алмасу ұйымдастырылып, дін саласындағы өзекті мәселелер бойынша пікір алмасу өтті.

Оқыту семинары имамдардың кәсіби әлеуетін арттыруға, өзара тәжірибе алмасуға және діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бағытындағы жұмыстың тиімділігін күшейтуге ықпал етті.

Діни ахуалға мониторинг және талдау жасау
08 июля 2026
Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға арналған оқыту семинары өтті

2026 жылғы 22 мамырында Алматы облысы Дін істері басқармасының ұйымдастыруымен діни экстремизм мен терроризм идеологиясының таралуының алдын алу бағытында құқық қорғау органдары қызметкерлеріне арналған оқыту семинары өтті.

Семинардың негізгі мақсаты – құқық қорғау саласы мамандарының кәсіби біліктілігін арттыру, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бағытындағы жұмыстардың тиімділігін күшейту, сондай-ақ қоғамдағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған тәжірибелік дағдыларды жетілдіру.

Іс-шара барысында қатысушыларға:
🔹 діни экстремизм мен терроризм идеологиясының таралуының алдын алу тетіктері;
🔹 деструктивті діни идеологияның таралуының алдын алудағы психологиялық және конфликтологиялық тәсілдер;
🔹 мемлекеттік саясат пен заңнамалық негіздер;
🔹 қоғаммен тиімді коммуникация орнату бағыттары бойынша дәрістер мен тәжірибелік тренингтер ұйымдастырылды.

Сондай-ақ семинар аясында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізудегі заманауи тәсілдер, әлеуметтік желілердегі қауіптердің алдын алу және қоғамдағы діни тұрақтылықты нығайту мәселелері кеңінен талқыланды.

Оқыту семинары тәжірибе алмасуға, кәсіби байланыстарды нығайтуға және экстремизм мен терроризмнің алдын алу бағытындағы жұмыстардың тиімділігін арттыруға мүмкіндік берді.

Діни ахуалға мониторинг және талдау жасау
08 июля 2026
Алматы облысында теологтарға арналған оқыту семинары ұйымдастырылды

2026 жылғы 20-21 мамыр аралығында Алматы облысы Дін істері басқармасының бастамасымен діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу саласындағы теолог мамандардың біліктілігін арттыруға арналған оқыту семинары өткізілді.

Семинардың мақсаты – дін саласы мамандарының кәсіби құзыреттілігін арттыру, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының тиімділігін күшейту және қоғамдағы діни тұрақтылықты нығайту.

Іс-шара аясында қатысушыларға келесі бағыттар бойынша дәрістер мен тәжірибелік тренингтер ұйымдастырылды:

– деструктивті діни ағымдардың алдын алу тетіктері;
– діни ахуалды талдау әдістері;
– дін саласындағы мемлекеттік саясат пен заңнамалық негіздер;
– қоғаммен тиімді коммуникация орнату тәсілдері.

Сонымен қатар, семинар барысында дін саласындағы ақпараттық-талдау жұмыстарында жасанды интеллект технологияларын қолданудың өзекті мүмкіндіктері талқыланды.

Оқыту семинары тәжірибе алмасуға, мамандар арасындағы кәсіби өзара іс-қимылды нығайтуға және діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бағытындағы жұмыстардың тиімділігін арттыруға ықпал етті.

02 июля 2026
Құрылтай

ҚҰРЫЛТАЙ 

Діни ахуалға мониторинг және талдау жасау
18 мая 2026
Алматы облысында діни бірлестіктер арасында футбол турнирі өтті

Спорт — татулық жаршысы: Алматы облысында діни бірлестіктер арасында футбол турнирі өтті

Қазақстан халқының бірлігі күніне орайластырылған дәстүрлі шағын футбол турнирі биыл да өз жалғасын тапты. Шараның негізгі мақсаты қоғамдағы дінаралық келісімді тек ресми жиындармен шектемей, бейресми ортадағы шынайы қарым-қатынас пен спорт арқылы нақты іс жүзінде нығайту болды.
Жасыл алаңда исламдық, православтық, методистік, пресвитериандық және баптистік қауымдастықтардан келген 7 команда бақ сынады. Ойын барысында қатысушылар жоғары спорттық дайындықпен қатар, бір-біріне деген құрмет пен сыйластықты көрсете білді.
Тартысты ойын қорытындысы бойынша жүлделі орындар келесідей бөлінді:
🔷 1-орын: Іле аудандық мешіті жамағатының командасы
🔷 2-орын: Бәйтерек ауылдық мешіті жамағатының командасы
🔷 3-орын: Успен храмының православтық діндар жамағатының командасы
Жарыс жеңімпаздары мен белсенді ұжымдарға дипломдар, медальдар және бағалы сыйлықтар табысталды. Турнир аяқталған соң, барлық қатысушылар арнайы жайылған мерекелік дастархан басында бас қосып, еркін форматта пікір алмасты.
Бұл шара спорттың адамдарды жақындастырып, өзара түсіністік пен бірлікті қалыптастыратын маңызды құрал екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ КАРТОГРАММАСЫ
24 апреля 2026
Алматы облысы Дін істері басқармасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы жаңа бағдарламалық құжатты әзірлеу тәсілдерін талқылауға арналған кездесу өтті

Алматы облысы Дін істері басқармасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы жаңа бағдарламалық құжатты әзірлеу тәсілдерін талқылауға арналған кездесу өтті.

Іс-шараға Басқарма және оған бағынысты орталықтардың қызметкерлері қатысты.

Кездесу барысында бөлім басшысы А. Бабатай жаңа тұжырымдаманы әзірлеуде мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғамның бірлескен жұмысының маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ, ашықтықты қамтамасыз ету, жұртшылықты кеңінен тарту және ақпараттық жариялылықты күшейту мәселелері қаралды.

Жиын қорытындысында қатысушылар ұсыныстарын білдіріп, алдағы жұмысты үйлестіру қажеттігі айтылды.

Діни ахуалға мониторинг және талдау жасау
20 апреля 2026
Діни бірлестіктер өкілдері «Таза Қазақстан» акциясы аясында қалалық сенбілікке белсене қатысты

Алматы облысында орналасқан діни бірлестіктер өкілдері «Таза Қазақстан» акциясы аясында Көшпенділер қалашығында өткен жалпы қалалық сенбілікке белсене қатысып, қоршаған ортаны қорғауға өз үлестерін қосты.
Бұл игі бастама – табиғатқа деген жанашырлықтың, қоғам алдындағы жауапкершіліктің жарқын көрінісі. Шара барысында аумақтар тазартылып қана қоймай, ағаш көшеттері отырғызылып, айналаны көркейтуге ерекше көңіл бөлінді.

Діни ахуалға мониторинг және талдау жасау
07 апреля 2026
Діни бірлестіктер көшбасшылары клубының мүшелері үшін танымдық экскурсия ұйымдастырылды

2026 жылғы 28 наурызда Алматы облысы Діни бірлестіктер көшбасшылары клубының мүшелері үшін Вознесенск кафедралды соборына арнайы танымдық экскурсия ұйымдастырылды.

Шара барысында собор кілтшісі Александр Суворов арнайы экскурсия жүргізіп, қатысушыларды 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақта орналасқан тарихи нысанның бай тарихымен және бірегей сәулеттік ерекшеліктерімен таныстырды. Аталмыш ғимарат тек құлшылық орны ғана емес, еліміздің аса маңызды тарихи әрі мәдени мұраларының бірі болып саналады.

Іс-шараға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының, сондай-ақ католиктік, елуіншілік, лютерандық, кришнаиттік және өзге де конфессиялардың өкілдері қатысты. Түрлі дін өкілдерінің басын қосқан бұл басқосу қоғамдағы дінаралық татулық пен өзара түсіністіктің айқын көрінісі болды.

Танымдық серуен мен естелік суретке түсу рәсімінен кейін қатысушылар ортақ дастарқан басындағы достық түскі асқа жиналды. Жылы шырайлы кездесу барысында қоғамдағы бейбітшілік, келісім және өзара құрметтің маңыздылығы кеңінен талқыланды. Оған қоса, жиналған қауым бір-бірін Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен құттықтады.

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ КАРТОГРАММАСЫ
07 апреля 2026
Талқылау

2026 жылғы 13 сәуір сағат 17.00-де Алматы облысы, Қонаев қаласы, 4 шағын ауданы 10/1 үй  мекен-жайы бойынша  Алматы облысының Дін істері басқармасы, оған бағынысты Дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығы және Діни экстремизм құрбандары мен деструктивті діни ағым ұстанушыларын оңалту орталығы қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау жоспарланған.

Қосымша ақпарат пен сұраулар үшін 8 (72772) 2 05 50 телефонына қоңырау шалыңыз.

Социальные сети
Facebook
Instagram
Youtube
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы