-«Ата заң – халық бірлігі мен мемлекет тәуелсіздігінің берік негізі»

-«Ата заң – халық бірлігі мен мемлекет тәуелсіздігінің берік негізі»

Бүгін Алматы облысы Дін істері басқармасы Дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығының ұйымдастыруымен ҚР Конституция күніне орай, «Zoom» қосымшасы арқылы Діни бірлестік жетекшілерінің XIV Клуб отырысы өткізілді. Карантин талаптары мен сақтық шараларын сақтай отырып өткізілген клуб отырысында дәстүрлі және дәстүрлі емес діни бірлестік жетекшілері мен қызметкерлері, өңір дінтанушылары «Зайырлы мемлекет және діни сенім бостандығы», «Толерантность – дорога к миру», «Казахстанская модель межэтнического и межконфессионального согласия», «Толерантность – важнейший прннцип Конституции», «Мир и согласие – основа Конституции» сынды тақырыптарда баяндама жасап, орамды ойларын ортаға салды. Жалпы саны 50-ге жуық адам қамтылған шарада көкейде жүрген сан сауалдар ортаға тасталып, оларға тұшымды жауаптар легі берілді.