Басқарма басшысы "Онлайн" форматта өндірістік жиын өткізді

Басқарма басшысы "Онлайн" форматта өндірістік жиын өткізді

Елімізде орын алып отырған карантин режиміне байланысты жұмыс тәсілдері онлайн форматқа көшкені баршамызға белгілі. Осыған сәйкес бүгін, Алматы облысы дін істері басқармасының басшысы Рахмет Разбекұлы Есдәулетов «ZOOM» қосымшасы арқылы Басқарма және оған қарасты құрылымдық екі орталықтың қызметкерлері мен аудан, қалалардағы дінтанушы мамандардың қатысуымен кеңейтілген өндірістік жиын өткізді. Аталған жиынға жалпы саны 66 қызметкер қатысты. Жиын барысында Басқарма басшысы өңірдегі діни ахуал және «COVID-19» пандемиясы кезіндегі өңірдегі діни бірлестіктер мен филиалдарының, ғибадат орындарының қызметін, карантин талаптарын сақтау мен орындау мәселелерін тілге тиек ете отырып, аудан, қалалардағы мамандардың 7 айлық есебін қабылдады. Қызметкерлердің бірқатарының атқарып жатқан жұмыстарына оң бағасын бере отырып, нәтижелі жұмыс көрсете алмаған мамандарға қатаң ескерту айтылды.
Онлайн форматтағы өндірістік жиындар алдағы уақытта да жалғасын табады.