
Бүгін, Алматы облысы дін істері басқармасының басшысы Рахмет Есдәулетов «ZOOM» қосымшасы арқылы өңірдегі діни ахуал туралы және де облыс бойынша COVID-19 Пандемиясы кезіндегі діни бірлестіктер мен филиалдарының, ғибадат орындарының қызметі жайлы толығымен баяндап өтті. Онлайн қабылдауға 57 адам қосылды. Дін саласына қатысты және де жекелей сауалдарын жолдаған 7 азаматқа толыққанды жауаптар беріліп, алдағы атқарылар жұмыстардың тізбектері сараланды. Айта кетейік, енді әр сәрсенбі күні басқарма басшысы азаматтарды «Онлайн» негізде қосымша қабылдайтын болады.