Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының  2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларының 2, 4-тармақтарына сәйкес 2025 жылғы 25 наурыз бен 15 сәуір аралығында Алматы облысының Дін істері басқармасының қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне мынадай бағыттар бойынша ішкі талдау жүргізілетін болады:

- басқарманың қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілерде;

- ұйымдастыру-басқару қызметінде.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бойынша ұсыныстар болған жағдайда сіз мына телефон арқылы хабарласа аласыз: +7 747 135 81 84, Мухамет Мағжан Сарсембайұлы, Діни бірлестіктермен жұмыс және ақпараттық-талдау бөлімінің бас маманы.