
Ағымдағы жылғы 20-22 ақпан күндері халық арасында діни экстремизм мен терроризм идеологиясының таралуын алдын алу мақсатында құрылған Алматы облысы ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелеріне арналған біліктілікті арттыру семинары өтті.
Дін, шешендік өнер, психология салаларының білікті сарапшылары дәріс оқыған үш күндік семинар Қарасай ауданындағы «Арман дала» демалыс орталығында өтті.
Семинар барысында профессор Мәншүк Құсайынова, шешендік өнер жаттықтырушысы Лаура Омар, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті академиясының қызметкері Мадина Шоинжанова және әлеуметтану ғылымдарының кандидаты Талғат Жақиянов секілді мамандар дәріс оқып, ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелерімен тың ақпараттармен бөлісті. Атап айтқанда, көпшілік алдында еркін сөйлеу өнері, аудиториямен психологиялық байланыс орнату, діни ахуал және зайырлылық саясаты мәселелері қатысушылардың қызығушылығын оятып, белсенді талқыланды.
Іс-шара соңында қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталды.