
Ағымдағы жылғы 27 қараша күні Алматы облысының Діни бірлестіктер көшбасшылары клубы мүшелерінің кездесуі өтті. Атап айтқанда, әртүрлі дін өкілдерінен құралған клуб мүшелерінің кезекті басқосуы Қонаев қаласында орналасқан көпшілікке танымал «Тұлпар» ретро-автокөліктер мұражайында ұйымдастырылды.
Іс-шараға қатысушылар мұражайдағы ретро автокөліктерді тамашалап, олардың тарихымен танысты. Экспонаттар арасында ел тарихындағы елеулі тұлға, біртуар азамат Дінмұхаммед Қонаевтың ел шарлаған поъезд вагонын тамашалауға мүмкіндік болды. Сондай-ақ, кездесу барысында клубтың келесі басқосуы мен 2025 жылға арналған жоспарлар талқыланды.
Іс-шара соңында қатысушылар ерекше форматтағы кездесуді ұйымдастырғаны үшін Алматы облысы Дін істері жөніндегі басқармасына алғыстарын білдірді.