Облыстың діндар жамағатына арналған курс өтті

Облыстың діндар жамағатына арналған курс өтті

Ағымдағы жылдың 26-27 қазан күндері Алматы облысының Дін істері басқармасына қарасты Діни экстремизм құрбандары мен деструктивті ағым ұстанушыларын оңалту орталығының ұйымдастыруымен «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің базасында «Дәстүрлі рухани құндылықтарлың маңызы» тақырыбында облыстың діндар азаматтарына арналған екі күндік оқыту курсы өтті.

Курста «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің белгілі ұстаздары, атап айтқанда исламтанушы Ризабек Батталұлы, Нұржан Смағұлов Phd докторлар Нұрлан Анарбаев, Алау Әділбаев, Асқар Әкімханов және тағы басқа дерадикализация саласында арнайы білікті профессорлық оқытушылық құрамы қатысушы азаматтарға 2 күн бойы дәріс оқып, курсқа қатысушылардың ойларында жүрген сұрақтарына жауаптар берді.

Аталған оқыту курсына 57 адам қатысты.