Республика күніне орай саяхат ұйымдастырылды

Республика күніне орай саяхат ұйымдастырылды

25 қазан Республика күніне орай облысымыздың әйелдер жамағатына Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік мұражайына, Алматы орталық мұражайына және Ботаникалық баққа саяхат ұйымдастырылды.

Шара барысында еліміздің егемендік жолындағы қадамдары еске алынып, ұлттық құндылықтар мен жәдігерлерден мол мағлұматтар берілді. Дәстүрлі діндегі тұрақтылық, бейбітшілік, толеранттылық сынды құндылықтар арқылы жайлы сөз қозғалды.