
2024 жылғы 15-22 қазан аралығында Алматы облысының Дін істері басқармасына қарасты Діни экстремизм құрбандары мен деструктивті ағым ұстанушыларын оңалту орталығының ұйымдастыруымен Алматы облысының діндар жамағаты арасында «Ғұн этно ауылы», «Бесшатыр қорғаны мен Таңбалы тас», «Шарын шатқалы» және «Көлсай көлі» секілді облыс аумағындағы көрнекті орындарда мәдение-танымдық іс-шаралар өтті.
Сонымен қатар, аталған іс-шаралар барысында қатысушыларға «ҚР Қарулы күштерінің әскери-тарихи» және «Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар» мұражайларына экскурсия ұйымдастырылды.