
2024 жылғы 17 қазан күні «Рухани келісім күні» мерекесіне орай Алматы облысындағы діни бірлестіктер көшбасшыларының басын қосқан «Қоғамдағы рухани келісімді нығайтудағы діннің рөлі» атты дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараға исламдық, православтық, католиктік, баптистік, кришнаиттік және басқа да әртүрлі конфессия өкілдері, сондай-ақ спикер ретінде философия ғылымдарының докторы Наталья Сейдахметова, Философия, саясаттану және дінтану орталығының директоры Алмасбек Шағырбай, ҚР Президенті жанындағы жастар кеңесі мүшесі, дінтанушы, PhD доктор Елнар Берікбаев секілді дін саласындағы бірқатар сарапшылар қатысты.
Дөңгелек үстел қатысушылары қазіргі таңдағы әлемдегі гоесаяси ахуалды ескере отырып, дінаралық татулық пен тұрақтылықты, толеранттылық пен келісімді нығайтудың, оны құндылық ретінде насихаттаудың айрықша мәні зор екенін атап өтіп, Рухани келісім күнімен құттықтады.
Өз кезегінде, Алматы облысы Дін істері басқармасының басшысы Ерғали Көшеке алдағы уақытта клуб аясында бірлесе отырып, қоғамдағы өзекті мәселелерді шешу жолдары қарастырылатынын атап өтті.