«Күз-2024» шақырылымының әскери қызметшілерімен кездесу өтті

«Күз-2024» шақырылымының әскери қызметшілерімен кездесу өтті

Ағымдағы жылдың 18 қазан күні Ұйғыр ауданы, Шонжы ауылында орналасқан ҚР ҰҚК Шекара қызметі Алматы облысы бойынша шекара басқармасының Райымбек ауданы бойынша шекара басқармасының «Күз-2024» шақырылымының әскери қызметшілерімен «Өз-өзіне қол жұмсау, ойынқұмарлық, адам өміріне (денсаулығына) зиян келтіру сұрақтарын талқылау және олардың арасында дәстүрлі емес діни көзқарастардың әскери ортаға еніп кетуіне жол бермеудің алдын алу жолдары» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Шараның мақсаты – әскери қызметшілерді патриоттық сезімде тәрбиелеу, әскери  борышты саналы және адал орындаудың адамгершілік мотивтерін дамыту, сондай-ақ дәстүрлі емес діни ағымдардың алдын алу болып табылады.  

Шараға, облыстық Дін істері басқармасының бас маманы, дінтанушы Е. Матаев, ҚМДБ облыстық «Қапшағай» мешітінің наиб имамы Т. Сулейманов және Ұйғыр ауданының бас имамы А.Садыкбаев қатысып, дәрістер оқыды.  

Кездесу соңынан сарбаздар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, жауаптарын алды.