
Ағымдағы жылдың 11 қазан күні Райымбек ауданы, Нарынқол ауылында аудан әкімдігінің мәжіліс залында «Деструктивті діни ағымдардың алдын алу және дәстүрлі діни бағыт» тақырыбында кездесу өтті.
Аталған кездесуге Алматы облысының бас имамы Пірімқұлов Мадияр Тағайбайұлы, РҺД докторанты, исламтанушы Тұрманов Самат Алламбергенұлы және облыстық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі, облыстық Дін істер басқармасының бас маманы, дінтанушы Матаев Ерлан Жұманұлы қатысып, дәрістер оқыды.
Кездесу барысында діни сауаттылықты арттыру, ұлттық тарих, дәстүрмен қатар, Отанды сүю мен дәстүрді ұстану сынды тақырыптар қозғалды.
Жиынға ауылдық округ әкімдері, мекеме басшылары, мекеме қызметкерлері, аудандағы мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен ұстаздар, жастар, ауылдық округтегі ақсақалдар, аналар кеңесінің төрағалары және Райымбек ауданы бойынша шекара басқармасының шекара бөлімшелеріндегі әскери борышын өтеуші сарбаздар қатысты.