Облыстық діни бірлестіктер көшбасшылары Есік көлінің табиғатын тамашалады

Облыстық діни бірлестіктер көшбасшылары Есік көлінің табиғатын тамашалады

Ағымдағы жылдың 3 қазан күні Алматы облысының Діни бірлестіктер көшбасшылары клубының мүшелері еліміздің көрікті орындарының бірі болып саналатын Есік көлінің табиғатын тамашалады.

Ислам, православ, католик, протестант, кришнаит секілді әртүрлі конфессия өкілдерінен құралған 40-қа жуық клуб мүшелері Іле Алатауы Ұлттық паркінде орналасқан көлдің жағасында серуендеп, арнайы жайылған дастархан басында татулық пен достықта өмір сүрудің қоғамдық маңыздылығын талқылады. 

Іс-шара соңында қатысушылар Алматы облысының Дін істері басқармасына алғыстарын білдіріп, дінаралық татулыққа бағытталған іс-шаралардың көбірек ұйымдастыру бойынша ұсыныстарын білдірді.