
Ағымдағы жылдың 3 қазан күні Алматы облысы Діни бірлестіктерінің көшбасшылары клубы мүшелерінің конфессияаралық келісімді нығайтуға бағытталған кезекті кездесуі өтті.
Әртүрлі дін өкілдері Есік қаласындағы археологиялық өлкетану мұражайында бас қосып, клуб жұмысының алдағы уақытта дамуына қатысты бірқатар сұрақтарды талқылады.
Сондай-ақ, кездесу барысында гид маман мұражайдың тарихи құндылығы орасан зор экспонаттармен таныстырып, қазақ даласының тарихына қатысты ақпаратпен бөлісті.