
Ағымдағы жылдың 30 қыркүйек пен 4 қазан күндері ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Дін істері комитетінің «Алматы облысында Жастар арасында экстремистік идеологияға қарсы іс-қимыл бойынша семинар және әр-түрлі форматтағы іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу» жобасы аясында Қарасай, Жамбыл, Талғар, Еңбекшіқазақ және Іле аудандарында 20 шара өтіп, 1000-ға жуық жастар қамтылды.
Аталған іс-шараға дін мәселелері бойынша Республикалық ақпараттық түсіндіру тобының мүшелері, атап айтқанда: «Нұр-Мұбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің оқытушысы, PhD доктор Ботақараев Бауыржан, Жамбыл облысы «Дін проблемаларын зерттеу орталығы» бөлім басшысы, теолог Сабырұлы Әбілхайыр, Дінтанушы, гуманитарлық ғылымдарының магистрі Тұрсынғали Төреғалиұлы, Жамбыл облысы «Дін проблемаларын зерттеу орталығы» басшысының орынбасары, психолог Тілеухан Бағдаулет қатысып, дәрістер оқыды.